Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтау және салтанатқа қатысқан кейбір тарихи тұлғалар туралы
XIX ғасырдың басы – қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі хандық билігі әлсіреген кезең еді. Хандарды орыстың патша үкіметі тағайындай бастап, олардың қызметін де бақылап отырды. «Хан» деген лауазымы болғанымен, өкілеттілігі шектелген. Тиісінше, осы кездегі зор тарихи міндет халық батырларына тиесілі болды. Олар елді басқыншы жаулардан қорғап, мемлекеттің бірлігі мен территория тұтастығын сақтап, ішкі-сыртқы саясатпен қатар айналысып, би деңгейіне де көтерілді. Осы кезеңдегі ішкі және сыртқы факторлар қазақ қоғамындағы батырлардың саяси, әлеуметтік мәртебесінің күшеюіне ықпал етті. Сондықтан ел басына күн туған сәттерде саяси басымдық батырлар қолына өтті. Олардың туының астынан табылу – жаужүрек жұрттың жауынгер ұландары үшін зор мәртебе болатын.
1812 жылы Александр І патшаның жарлығымен Кіші жүз екіге бөлінгенде: Ішкі ордада – Бөкей, Жайықтың сол жағасынан шығыс жақтағы өңірде Шерғазы Айшуақұлы хан болып жарияланғаны белгілі. Осы оқиғалар қарсаңындағы тарихи құжаттарда Дауымшар батыр Қуатұлы үлкен саясатқа араласып, өз жақтастарымен бірге халық өкілдері ретінде Шерғазы ханның билікке келуіне сенім білдіріп, қолдау көрсеткені туралы деректерді естігенмін.
Биыл яғни 2018 жылы шілде айында көптен бері армандап, жете алмай жүрген Орынбор қаласының тарихи мұрағатына кіріп, талай құжаттарды көріп-біліп жазып алдым.
2017 жылы 14 маусым күні Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданының Бекей ауылы маңындағы қорымнан 1797-1805 жылдар аралығында Кіші жүздің ханы болған Айшуақ Əбілқайырұлының құлпытасы табылып, араб қаріпінде жазылған мәтіні оқылды: 1812 жылы 15 сәуірде 85 жасында қайтыс болған. Демек Айшуақ Əбілқайырұлы 1727 жылы туған. Төмендегі іс-қағазда айтылған Шерғазы сұлтан – Кіші жүздің ханы болған Айшуақтың баласы.
6 қор, 10 тізбе, 716 іс Орынбор Əскери губернатордың кеңсесі Кіші орда хандарын сайлау туралы іс-қағаз. Шерғазы сұлтан Айшуақовты Хан атағына ұлықтау рәсімі.
Бұйрықта көрсетілгендей, 1812 жылы 22 тамыз күні Орынбордың барлық әскерлері рәсімнің басталуына дайын болып, Айырбас алаңына (Меновая двор) қырғыздың (қазақтың — Н.Қ.) сұлтандары, рубасылары, старшина, билері мен әскери топтағылар ханды таққа отырғызу салтанатына жиылып, таңғы сағат 9-да үлкен бастықтың үйіне жиналсын, — деп полиция мен барлық шенеуніктер қала тұрғындарына жар салады. Əскери сапта 200 казак полкінің Орынбор казактары, подпол ковник Бориссеннің артиллерия ротасы, Орынбор гарнизон полкі, 300 башқұрт және Жайықтың су қақпасының қорған дуалына 6 гарнизон артиллериялық қару орнатылады. Генералмайор Кавалер Гертценберг барлық әскерлерге бұйрық беріп басқарады, ал мәртебелі Императорды нөкерлерімен белгіленген жерінде квартирмейстер бөлімінің полковник мырзасы Кавалер Вистицкий орналастырады. Тағайындау орнына хан келген бойы, барлық майдан барабан әуенімен оған ізет етеді.
Салтанатты күн қарсаңында штабс-офицер мен обер-офицерлер тілмашпен бірге күн ілгері шөл далаға кетіп, ханға белгілі атақдаңқ беру туралы алдын ала хабарлайды, орда әскерлеріне далада мол тамақ таратылады.
Бекіністе мерейтой күні таңғы сағат 7-ден түн жарымына дейін 3 рет зеңбірек атылады. Сағат 8-де штабс-офицер мен 2 обер-офицер, тілмаш пен қарауылшы жасағымен жазық далаға шығып, аса мәртебелі Шерғазы Айшуақовқа мерекелік іс-шара басталатынын ескертеді және одан ордалық рубасылары һәм қырғыздармен бірге таққа отырғызу орнына келулерін өтініп сұрайды. Салтанатқа келу уақыты сағат 11 деп белгіленеді. Штаб-софицермен бірге арнайы күймеге отырғызылған Хан жанына бір сұлтан мен тілмаш алып отырады, обер-офицерлер басқа сұлтандармен бірге жайғасады. Ханның күймесіне қарауылшы жасақ пен атақты ордалықтар ере жүреді. Хан алдында Орынборлық казак полкінің төрт уряднигімен бірге екі обер-офицер жүріп отырады. Қарауылшы жасақ екінші тептяр казактар полкі елу адамнан тұрады. Генерал майор Мосеев қарауылшы жасақты басқарады. Қалған қырғыздар жеңіл арбаның ізінде тәртіппен тыныш келеді.
Шерғазы сұлтанның ордасынан шығып келе жатқанын обер-офицер сол бойда бас қолбасшы мырзасына асыға жеткізеді.
Хабар жетісімен қолбасшы мырза нөкерлерімен бірге ханды ұлықтау орнына жүріп кетеді. Ол бекіністен өтіп жүре бергенде, бекініске орнатылған қарудан 7 рет мылтық атылады. Жайықтан өтетін жерде, көпірдің қасында казактың офицерлері және урядниктері бар Орынбор казактары полкінің командирі майор Овдеев мырза күтіп алады.
Бас қолбасшы жақындағанда және белгіленген орынға хан келген бойда, барлық әскери күзетте тұрғандар барабан соғып, әуенімен жүріп өтеді.
Қолбасшы дайындалған орынға шығысымен, қырғыздарға былай деп хабарлайды:
– Аса қадірлі, баршаға рақымды Император мырза Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтайды. Бұл аса маңызды грамотаны зейін қойып тыңдаңыздар!
Аса маңызды грамота орыс және татар тілдерінде дауыстап оқылады, – сосын Ханға ант беруге ұсыныс жасалады, алдын ала дайындалған кілемдерге тізерлеп отырып, мұсылман дінбасы белгіленген тәртіппен оқып отырады. Хан оны сөзбе-сөз қайталайды, ант беру аяқталған соң, жаңадан тағайындалған хан Құран кітабын сүйіп, басына көтереді, артынша орнынан тұрып, антқа өзінің мөрі мен қолын қояды. Бәрі біткенде, дабыл қағылып, подполковник Бориссен мырзаның ротасы он екі зеңбірек қаруынан 21 рет атады, бекіністің алты қаруынан 2 рет атады, барабан дабылы және әуеннің дыбысымен бірге мылтықтан жиілетіп тағы да атады. Сол мезгілде Ханға бұлғын тон жабылып, қылыш және бас киім кигізіледі. Бас қолбасшы куәлік табыстайды; Хан оны сүйіп тұрып төбесіне көтереді; бас киімді генерал-майор Быковский мырза кигізеді, тонды полковник Ермолаев мырза, ал қылышты подполковник Кочкин мырза тапсырады. Артынша Хан өз ордасына кетеді, ал бас қолбасшы қалаға оралады.
Сағат күндізгі 4-те Ханды алып келуге жеңіл арбамен штабс-офицер барады. Ханға нөкерлерімен түскі асқа келулерін өтінеді; сағат 5-те бас қолбасшы кетеді.
Түскі ас дастарханында бас қолбасшы да, Хан да өздерінің нөкерлері мен әлеуметі, шенеуніктерімен бірге әуен дыбысымен кездеседі. Аса мәртебелі Императордың денсаулығы үшін алып жатқанда, 11 рет мылтық атылады. Жарықтық билеуші Император тегіне 9 рет мылтық атылады. Ханның жеңімпаз әскеріне жеті рет, орданың құрметіне бес рет мылтық атылады. Бас қолбасшы мен бұқара құрметіне 7 рет мылтық атылады. Түстен кейін музыкалық би кеші басталып, ас-ауқат таратылады да, Хан ордасына қайтады.
Келесі күні салтанат құрмай қырғыздарға далада тамақ үлестіреді, үшінші күні сыйлық таратылып, шөл далада қоштасу дастарханы ретінде түскі ас әзірленеді.
Шерғазы сұлтанның қасына қазақтың даласынан орыс еліне Кіші жүздің игі жақсылары: батырлары, билері, старшындары мен мырзалары еріп барады. Барлығы да тиісті сый-сияпатын алады.
Олар:
Әлім руынан:
Ожырай тайпасы:
1. Өтебай Көдешұлы
2. Бөше Айшуақұлы
3. Байғожа бай Құлымбетұлы
4. Байболды Спақұлы
5. Жәнібек Есенәліұлы
6. Сүтемген Əзберұлы
7. Мәку Айдынбайұлы
8. Бақай Есенұлы
9. Құлбатыр Əбескеұлы
10. Есім Сағынұлы
Назар тайпасы:
1. Байтура Тоқанұлы
2. Дәулеткелді Бесбайұлы
3. Мінті Ақжігітұлы
4. Қондыбай Талақұлы
5. Айтуған Құрмантайұлы
6. Бекмырза Жетібайұлы
7. Қадырбай Ағайдарұлы
8. Ебес Сарыұлы
9. Естай Барғанаұлы
10. Санбай Бостақұлы
11. Қосбай Тағыбердіұлы
12. Тілеу Байтақұлы (Тілеубай Тоқұлы болуы мүмкін)
13. Қаражан Бәубекұлы
Жекей тайпасы:
1. Бердібек Жұбанұлы
2. Бұқабай Досанұлы
3. Өмірзақ Досымұлы
4. Қалдыбай Тәңірбергенұлы
5. Тұрғажы Бәйтерекұлы
6. Бөртбай Күрбайұлы
7. Кетебай Ақанұлы
8. Самалық Дауылбайұлына
9. Сақал Тілеуліұлына
10. Жұмабек Бұқарұлы
Әлімұлы руының Шүрен тайпасы:
1. Санамас Сердалыұлына – жібек зат
2. Мықбай Есенұлы
3. Есболды Сердалыұлы
4. Бекшеби Алтайұлы
5. Байсары Асауұлы
6. Темірбек Сабақұлы
7. Тастемірби Бердалыұлы
8. Төле Санбайұлы
9. Жортшы Бостанұлы
10. Жұмбақ би Бердалыұлы
11. Төлеш би Шөкейұлы
12. Сары би Байқасқаұлы
13. Аусам Тоқтабайұлы
14. Есенгелді Жаңбыршыұлы
15. Тұяқбай Шуақұлы
16. Тұғман би Қарлыбайұлы
17. Бекберген Биғалыұлы
18. Бердібек Қожагелдіұлы
19. Жаманбай Малтабарұлы
20. Қосбарақ Бітәнұлы
21. Ақылбай Көрпебайұлы
Старшиналар:
22. Мамыр Сейітқожа
23. Қажыбайға
24. Жанболға
25. Қонақбайға
26. Байханға
27. Ермұхамедке
Көшкінші тайпасының билері:
1. Қышлеубай Күнтуарұлына
2. Сансызбай Айтуарұлына
3. Қамалбай Нәдірбайұлына
4. Бәйтілеп Арықұлына
5. Сағынай Тілемісұлына
Қырғыз тайпасы:
1. Темірбек Қойлыбайұлына
2. Аман Тілеубайұлына
3. Таңсық Қожаға
4. Самалық Дауылбайұлына
5. Мысқал Тілеуліұлына
6. Жалымбек Бұхарұлына
Қабақ тайпасы:
1. Мұхамеджан Қазыұлына – жібек зат
2. Сарышоңай би Ғалибайұлына – жарты
3. Мұхамед Бақы Қазыұлына – жібек зат
4. Нығметолла Қарамолдаұлына
5. Жайылған молда Қазыұлына
6. Досмұхамед молда Қазыұлына
7. Ахметжан Қазысұхамедұлына
8. Төлек Жиғақұлына
9. Жаманша Санғарақұлына
10. Жәдігер би Асанұлына
11. Жылқыбай би Мырзағалиұлына – бір былғары
12. Жандәулет биге – жібек зат
13. Дос би Тілемісұлына
14. Майбек би Ізбасарұлына
15. Қасай би Толыбайұлына
16. Сансызбай би Сүгірәліұлына
17. Таңатар биге
18. Молдар Көлбайұлына
19. Шоңай би Мұхаедалыұлына
20. Өтеген би Наурызбайұлына – бір былғары
21. Келкібай Қарашаұлы – жарым былғары
22. Бекберген Бегалыұлы
23. Бердібек Қожакелдіұлы
24. Жаманбай Малтабарұлына
25. Қосбармақ Битенұлына
26. Алқабай Күржебайұлына
Старшиндар:
27. Мірсейітқожа
28. Қажыбай
29. Жанбол
30. Қонақбай
31. Байхан
32. Ермұхамед
Шекті руының кішкене тайпасы:
1. Жанұзақ Маңғытаұлына – барша
2. Сүгірәлі би Жанназарұлына – барша
3. Байнияз би – жібектен тоқылған зат
4. Қожаберген Ерназарұлына – барша
5. Тоқтабол Өмірбекұлына
6. Жанқұл Баубекұлына
7. Қондыгер Ақжолұлына
8. Ержан Айдосұлына
9. Сейіталы Досанұлына
10. Тізенбай Итемгенұлына
11. Шаты Дайұлына
12. Сәдір Темірұлына
13. Молдабай Алтайұлына
14. Ноғай Дайұлына
15. Рахманқұл Қосабармақұлына
16. Наршабай Айдолұлына
17. Бұқа Атшыбайұлына
18. Көшер бай Жанұлына
19. Бекберген Сайынұлына
20. Дөпенбай Аманұлы
21. Қабембай Елемесұлына
22. Шонай Тамашаұлына
Қаракесек руының старшиндары мен билері:
1. Жанақ Тілеуұлы
2. Байшағыр Жоланұлы
3. Құдыс Наурызбайұлы (Қуыс)
4. Біржан Құбанұлы
5. Есей бінше Тінбекұлы
6. Ақжол Бекбауұлы
7. Алдасүгір Қабақұлы
8. Сұлбу Бектемірұлы
9. Бөкенбай Шәукеұлы
Жанқылыш тайпасының билері:
1. Байшуақ Түгелбайұлы
2. Назар Жарылбақұлы
3. Сәтен Байшуақұлы
4. Байғұл Жекебайұлы
Старшиндары:
5. Жанұзақ Әліұлы
6. Құлжабай
7. Ноғай
8. Ағайдар
9. Ықылас
10. Есенбай
Батырлар:
11. Салты
12. Сағыр
13. Бұқарбай
14. Жолшора
15. Тұрғанбай
16. Тасболат
Мырзалар:
17. Тоқсанбай
18. Қожаберген
19. Мағмұр
20. Нұрмұхамед
21. Жанқұлы
22. Қуат
Төртқара тайпасының билері:
1. Ескене Мұхамедұлы
2. Ералы Сүңгібайұлы
3. Тұрлыбай Оразалыұлы
4. Естау Есіркепұлы
5. Жауқашты Ақжігітұлы
6. Тұяқ Батырбайұлы
7. Сәндібай Сүңгібайұлы
8. Өтеміс Байшораұлы
9. Бөкенбай Айдарбекұлы
Тілеу тайпасының старшиндары мен билері, батырлары және мырзалары:
1. Қаражігіт Молдабекұлы
2. Жайылған Қазыбайұлы
3. Тұрлыбай Оразалыұлы
4. Азамат Серғазыұлы
5. Ескене Байқожаұлы
6. Мүсіреп Бектауұлы
7. Алтасбай Айбасұлы
8. Төлеп Сәмәмбетұлы
9. Жазмұхамед Мұратұлы
10. Байбол Тымқараұлы
11. Қойайдар Құрмашұлы
12. Қонысбай Бектауұлы
13. Ықылас Қонызақұлы
14. Құлжігіт Ержігітұлы
15. Жүзбай Төлебауұлы
16. Ізбасар Тілеубердіұлы
17. Байқабыл Шамғайұлы
18. Әмір Ақаұлы
19. Масақ Досанұлы
20. Бақыбас Қырманғайұлы
21. Базы Өтегенұлы
22. Мыңбай Ақбайұлы
23. Әлібек Өтесұлы
Билері:
24. Жүсіп Жайылғанұлы
25. Жанысбай Бектауұлы
26. Сағыр Азынақұлұлы
27. Өсер Қаражігітұлы
28. Мірмаға Татанұлы
29. Баған Достанұлы
30. Тұғырбай Сәдібақұлы
31. Бекбол
32. Бостанбай
33. Жанқабыл
Батырлар:
34. Бекболат
35. Аман
36. Әлиқожа
37. Жанақ
38. Көпбол
39. Әміршонақ
40. Құламан
41. Баймырза
Мырзалар:
42. Тұрмұхамед Бозбайұлы
43. Қосақ Нұржігітұлы
44. Жанғаш Қажыбайұлы
45. Жақып Құлтайұлы
46. Сейтен Дос
47. Тұрмұхамед Ханғаұлы
48. Құлпейіс
49. Мыңбай Қозбекұлы
50. Шыбынтай
Ожырай руының Қорошы тайпасының старшиндары мен билерге:
1. Майкүл Бозбақұлы
2. Қожықұл Шуашұлы
3. Күнтай Қараманұлы
4. Толыбай Жабағыұлы
5. Қожабек Бақыұлы
6. Көшекбай Егүзбай
7. Атбол Кенжебайұлы
8. Байбол Сайынұлы
Дәптерхаты Байұлы руының құрметті сұлтандары мен билеріне
старшиндарына:
Адай руы:
1. Дауымшар Құттықадамұлы
2. Аманалы Төлепұлы
3. Түнғатар Әліұлы
4. Өтеміс Жанықұлұлы
5. Оғланбай Жаманұлы
Байұлы:
1. Қожасейіт Атажарұлы
2. Сұлтанқожа
3. Қошмағамбетқожа
Беріш руының старшиндары:
4. Кетебай
5. Атамбек
6. Жыртық
7. Итемген
8. Ханкелді
9. Жанғай
10. Тошы
11. Бүркітбай
12. Кунте
13. Наурыз
14. Өрбас
15. Жанмырза
16. Баймырза
17. Елқонды
18. Оразалы
19. Көшекбай
20. Тоқтамыс
21. Тобалық
22. Есіркеп
23. Тоқбай
24. Тілеп
25. Мойнақ
Байбақты руының билері мен старшиндары:
1. Өтеген
2. Айғыртеке
3. Абыз
4. Қисық
5. Томы
6. Тоқтар
7. Қамыт
8. Таңтаң
9. Баташы
10. Келдібай
11. Науша
12. Бабаашал
13. Өгіз
14. Байтуған
15. Дуан
16. Абыз
17. Айдаркен
18. Бекжан
19. Тілес
20. Барқақ
21. Жолқұтты
Орынбор қаласына барған сапарымызда, жиған-терген көп деректеріміздің бірі – осы құжатқа сүйене отырып, сол тұстағы кейбір елеулі оқиғалар мен аттары аталған тарихи тұлғалардың өмір сүрген уақытын анықтауға мүмкіндік туды. Мәселен, бұған дейін айтылып, жазылып келе жатқан Жем өзені бойындағы халық батыры Дауымшар Құттықадамұлы бастаған жорық 1810 жылы емес, 1812-1820 жылдар аралығында болған сияқты. Өйткені осы тұста Ресей патша үкіметі тарапынан қабылданған жарғы бойынша хандық билік біржола жойылды.
Энциклопедиялық анықтамаларға сүйенсек, Шерғазы Айшуақұлы (туған жылы бел-гісіз – 29.08.1845) – Кіші жүздің ханы (1812-1824). Әбілқайыр ханның немересі. Айлакер, дипломаттық қабілетімен ерекшеленген. 1812 жылы Александр І патшаның жарлығымен Кіші жүз екіге бөлінді: Ішкі Ордада Бөкей, Жайықтың сол жағасынан шығыс жақтағы өңірде Шерғазы хан болып жарияланды. Оның хан болған кезеңі – Кіші жүзде саяси қайшылықтардың ең шиеленіскен заманына тура келді. Әсіресе қолына хандық тимеген Қаратай сұлтан Шерғазыны мойындамады. Көптеген мәселелерді хандық кеңестің төрағасысұлтан Медетғали Тұрдәлиұлы шешіп отырды. Өзін хан деп жариялаған Арынғазы сұлтан да Шерғазыға қарсылық білдірді. Орынбор губернаторы П.К.Эссен Арынғазыны қолдады. Бір жағынан Қаратаймен, екінші жағынан Арынғазымен тайталастан әбден жалыққан Шерғазы 1819 жылы Петербургке барып, Ресей патшасынан тікелей қолдау табуға тырысты. Алайда ойлаған мақсатына жете алмады. Шекаралық комиссияның төрағасы В.Тимковский тартысқа көп араласпай, не- гізінен бейтарап саясат ұстанды. Ресейден үмітін үзген Шерғазы Хиуа хандығына арқа сүйемек болды. Беделді, ақылды бәйбішесі Анам ханым Әбілқайыр тұқымдарының басын жиыстырып, Шерғазының билігін күшейтуге тырысты. Алайда Эссен Сыртқы істер министрлігінің жанындағы Азия істері жөніндегі комитеттің тапсырмасымен Кіші жүзде хандықты жоюдың шараларын ұйымдастырды. «Орынбор қырғыздары туралы жарғының» қабылдануымен хандықтың жойылуына байланысты 1824 жылы мамыр айында Шерғазы орнынан алынып, Орынборға мемлекеттік қызметке тағайындалды. Алайда елін аңсаған Шерғазы 1825 жылдың күзінде жасырын ауылына қайтып оралды. Патша үкіметінің қудалауынан сескенген хан Хиуа хандығынан баспана іздеді. Шерғазыны қолға түсіруге тырысқан Орынбор шекаралық комиссиясы оның үлкен ұлдары Мұхамедқазы мен Ермұхамедті «әкелерінің дүниесін ауылына жеткізу» дегенді желеу етіп, қалаға шақыртты. Алайда аманат ретінде қапасқа қамалудан қорыққан Шерғазы балалары Орынборға барудан бас тартты. Шерғазы осыдан кейін саяси өмірге көп араласқан жоқ. Өкімет те оның қауіпсіздігіне көзі жетіп, 1500 сом жылдық жалақы тағайындады. Шерғазы Хиуа хандығын Ресеймен соғысуға үгіттеп, сол арқылы хандықты қалпына келтіруді көкседі. Бірақ арманына жете алмай, ұзаққа созылған науқастан дүние салды.
Дерек көздер:
1.Киргизы Оренбургского ведомства // Материалы для географии и статистики России, Мейер Л., СПб, 1865;
2.Государственные деятели казахских ханств в 18 – первой четверти 19 вв, Касымбаев Ж.К., 3-том, Алматы.
Нұрлан Құлбаев
«Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ директоры
24 наурыз 2023
МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҚАСИЕТТІ НЫСАНДАРЫ
2 сәуір 2021
Шежірелі Шерқала
5 наурыз 2021
Сүйінқара Үргенішбайұлы
5 наурыз 2021
Маңғыстаудағы Бекет ата мешіттері
18 сәуір 2020
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні
6 ақпан 2020
АЛТЫНҚАЗҒАН КЕШЕНІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
17 қаңтар 2019
Дәстүрлі дін: ата-баба жолымен
17 қаңтар 2019
Қошқартас
17 қаңтар 2019
Асыл көзі
17 қаңтар 2019
Тарихи-мәдени мұрамызға мұқият болайық
9 қаңтар 2019
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстаудың қасиетті нысандары толықтырылды
9 қаңтар 2019
Қаңға жеріндегі Махтум-баба мешіті
31 қазан 2018
Тобықты жеріндегі Бекет-ата жерасты мешіті, XVIII-XIX ғғ.
23 қазан 2018
Махтум баба мешіті
23 қазан 2018
Қыз-әулие - киелі орындар тізіміне енгізілді
23 қазан 2018
Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтау және салтанатқа қатысқан кейбір тарихи тұлғалар туралы
23 қазан 2018
Облыс аумағынан жаңа тарихи-мәдени мұралар анықталды!
22 қазан 2018
Маңғыстау ескерткіштері киелі орындар тізіміне енгізілді
22 қазан 2018
Маңғыстаудан шыққан Құлбарақ батыр
22 қазан 2018
Дін және дәстүр
26 қыркүйек 2018
Маңғаз Маңғыстау, ажарлы Ақтау!
31 шілде 2018
Маңғыстаудың – қасиетті рухани құндылықтары
2 шілде 2018
Асқақтай бер – Астана!
4 сәуір 2018
Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары
Соңғы хабарлар
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023
"Тұлпар" жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды
 22 мамыр 2023
Қарақия ауданына қарасты орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылған жылжымалы көрме
 20 мамыр 2023
"Жылдың Үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы"✨✨✨
 20 мамыр 2023