Зал және көрмелер
Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы1980 жылы “Маңғыстау-Үстірт ескерткіштерінің мұражай қорығы” болып құрылған, 1992 жылдан бастап «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» аталатын бұл мемлекеттік мекеме облыс аймағындағы бүкіл тарихи, табиғи, сәулет және археологиялық ескерткіштерді анықтау, алдын ала есепке алу, тарихи-этнографиялық ғылыми зерттеу, мемлекеттік қорғауға алу, оларды насихаттау, ескерткіштердің техникалық жағдайын тексеру, инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, қор құжаттарын толықтыру, ескерткіштерді қалпына келтіру мен археологиялық зерттеу жұмыстары кезеңдерін бақылау, қорғау-сақтау және ағарту шараларын жүргізу жұмыстарын атқарып келеді. 44 жыл бойғы жұмыс тәжірибесінде қорықтың қорында 90 мыңнан астам ескерткіштердің ғылыми құжаттары, құнды тарихи деректер, археологиялық артефакттар және мұражай мағыналы жәдігерлер жинақталған. Қорықта 5 бөлім жұмыс жасайды: ескерткіштерді есепке алу және қорғау, сәулет және археология бөлімдері, қор, экскурсия-көпшілік және тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімдері.
Қазiргi таңда Маңғыстау облысы бойынша 590 тарих және мәдениет ескерткiші мемлекеттiк қорғауға қабылданған, оның iшiнде 20-ы республикалық мәртебеде. Олар 350 археологиялық нысандар – тас дәуiрiнiң елдi мекендерiнiң орындары, қола және темiр дәуiрiнiң дiни-қабiрлеу кешендерi, орта ғасырлық Ұлы Жiбек жолындағы қалалар, бекіністер, керуен-сарайлар, сондай-ақ, үлкен-кіші сәулет туындылары шоғырланған 176 ансамбльді кешендер мен 64 сәулет және қала құрылысының ескерткіштері. Бұған қоса 900-ге жуық тарихи-мәдени мұра объектілері алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген. Қорықтың негізгі жұмыс бағыттары бойынша Маңғышлақ түбегі мен Үстірт жотасы, Каспий маңының оңтүстік бөлігіндегі Бозашы түбегі аймақтарына археологиялық барлау өткізу және жаңа ескерткіштерді зерттеу, есепке алу, құжаттандыру, техникалық жағдайын тексеру мақсаттарында жылма-жыл ғылыми-зерттеу экспедициялары өткізіліп отырады. Қазіргі таңда қорықтың қорында 90 мыңнан астам ескерткіштердің ғылыми құжаттары, құнды тарихи деректер, археологиялық артефакттар жинақталған.
Өлкенің тарихи-мәдени ескерткіштерін насихаттауды жетілдіру мақсатында 2007 ж. қорда ұзақ жылдар бойы жинақталған материалдар (ғылыми-анықтамалық материалдар, фотосуреттер, далалық сызбалар, этнографиялық мәліметтер, макеттер, қима-жобалар, т.б.) негізінде археология және тарихи-сәулет ескерткіштері туралы 2 залдан тұратын «Маңғыстау ескерткіштері» тұрақты көрмесі ашылды. Сондай-ақ, қорықта өлкеде бағзы замандардан бері жылжымайтын тарихи-мәдени ескерткіштер жайында сыр шертетін «Маңғыстаудың қасиетті нысандары», «От киесі», «Ежелгі Маңғыстау мұралары», «Маңғыстау – ашық аспан астындағы мұражай», «Шопан-ата жерасты мешіті және қорымы», «Шақпақ-ата мешіті және қорымы» тақырыптық жылжымалы көрмелері жасақталған. Көрмелер бойынша қала тұрғындары мен қонақтарға, абитуриенттер мен студенттерге, үйірмелер мен мектеп оқушыларына, сондай-ақ жазғы маусымда балалар демалыс орындарына және өлкеге саяхаттап келген шетелдік азаматтарға экскурсиялар өткізіліп, көрермендер қамтылады. Сонымен қатар, Маңғыстау түбегінің тарихы мен айрықша құнды ескерткіштерін жасөспірімдер арасында насихаттау мақсатында қорықта тарихшылар, өлкетанушылар, ізденуші ғалымдар және ғылыми қызметкерлермен мектеп оқушылары мен студенттер арасында тақырыптық ғылыми-танымдық кездесу кештері ұйымдастырылып өткізіледі.
Соңғы хабарлар
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023
"Тұлпар" жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды
 22 мамыр 2023
Қарақия ауданына қарасты орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылған жылжымалы көрме
 20 мамыр 2023
"Жылдың Үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы"✨✨✨
 20 мамыр 2023