"Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" ММ директоры міндетін атқарушы
Балапан Балтабай Қайыпұлы 1977 жылы 16 ақпан Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Оңды ауылында дүниеге келген. 1984-1994 жж Оңды орта мектебінде оқып, 1999 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің тарих мамандығын аяқтаған.
Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығына 2023 жылы директор орынбасары болып жұмысқа орналасып, қазіргі таңда директордың міндетін атқарушы.
2000 - 2015 жж. Маңғыстау облысының құқық қорғау органы "аға қызметкер"
2017 - 2015 жж. Маңғыстау ауданы, Оңды ауылының әкімі.
2021 - 2023 жж. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы. Директор орынбасары
Аудандық, облыстық газет беттерінде жарияланған “Маңғыстау тарихындағы Түркі әлемі”, “Тарихи-мәдени ескерткіштерге мән беруіміз керек” тақырыбындағы ғылыми мақалалары бар.
Негізгі мақсат мемлекетімізде қазіргі заман талабына сай сапалы оң өзгерістер енгізу. Ата-бабамыздың асыл мұраларын сақтау, зерттеу және насихаттау ісі – мәдениет басшылығы қызметінің басым бағыттарының бірі болып келеді. Мәдениет саласының әл-ахуалын жақсартуға көп көңіл бөлінуде, Соның арқасында мекемеге жаңа көліктер алынды, техникалық базаларымыз жаңғыртылды, жаңа ғимаратқа көшу, жыл сайын тарихи-мәдени ескерткіштерімізді мемлекеттік қорғауға алу, құжаттандыру, қалпына келтіру жұмыстары, қорғау аймақтарының жобасын жасақтау, тарихи-мәдени ескерткіштерге сараптама жүргізу және тағы басқа көптеген жұмыстар атқарылуда.
Соңғы хабарлар
 26 наурыз 2025
"ОТ КИЕСІ" жылжымалы көрмесі және "МАҢҒЫСТАУ ЕСКЕРТКІШТЕРІ" тұрақты көрмесі бойынша экскурсия
 18 наурыз 2025
18 наурыз "ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ" құтты болсын!!!
 17 наурыз 2025
Жылжымалы көрмелермен экскурсия
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023