«Дін және дәстүр» танымдық кеш

Жүргізуші: «Экскурсия және көпшілік» бөлімінің меңгерушісі  –Яриханова Айман Керліқұлқызы 
Іс-шараның мақсаты: жасөспірімдер арасында діни экстремизм және терроризм идеологиясының таратылуына жол бермеу, рухани құндылықтарды сақтау, насихаттау.  
Арнайы шақырылған қонақтар:

  • Тілегенов Акарыс – облыстық «Бекет-ата» мешітінің наиб имамы;
  • Аталықова Жұлдыз – дін істері басқармасының маманы.

Сонымен қатар, Маңғыстау энергетикалық колледжінің білімгерлері.
Жүргізушінің баяндамасы:Қазақ – сонау көнеден бастау алатын тарихы бай халық. Оның сол көнеден бүгінге дейін жеткен сан-салалы мәдениеті, әдебиеті, тілі, тарихы, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі қалыптасқан. Қазақ жеріне Исламның келгеніне 12 ғасырдан асқандығын, халқымыздың мың жылдың үстінде ислам дінімен өмір сүргендігін ескерсек, халықтың бойына сіңген, өмірінен орын алған әдет-ғұрып пен дәстүрімізге ерекше мән берілу қажеттілігі айқындалады. Себебі, дәстүр халықтың күнделікті тыныс-тіршілігі мен танымының іс-жүзінде қалыптасқан көрінісі. 
Мұсылман болу үшін тек мұсылмандық сауат болуы жеткіліксіз. Ұлттық (қазақтық) ар болуы керек.   Ислам – ізгілік, адамгершілік діні. Ұлы тәлімгер Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с.): «Шын мұсылман – тілі мен қолынан ешкімге зияны тимейтін адам» – депті. Дінді дұрыс түсіне білмеген, оны даналықпен өміріне ендіре алмаған адамның кінәсі. Дін мен дәстүрді хикметпен қабыстыра алмауында. Әйтпесе, кемелдік – Аллаға, кемшілік – адамға тән екені белгілі. Есті де ақылды адамдардың барлығы да бір үлкен Сенімнің керек екенін сезеді. Тазалықтың қажетін біледі. Ендеше сол іздеген Сенімдер мен Жақсылықтардың бәрінің бастауында Ислам тұр. Кез келген адамзат баласының негізгі рухани ұстанымы болады десек, ол – Ұлты, Діні және Отаны. Міне, осы үштаған, сіздің үш тірегіңіз. Қай елге, қай жерге бармаңыз, «Сіз кімсіз?» дегенде ұлтым – Қазақ, дінім – Ислам, Отаным – Қазақстан дейсіз. Және оны мақтанышпен, нық айтасыз. Өйткені, сіздің көңіліңізде мен адамзат құндылықтарының негізі қалыптасқан, іздеуші, сұраушысы бар, сан ғасырлық тарихы бар қазақ ұлтының өкілімін деген сенім тұрады. Ұлт болуымыздың өзі бір Алладан болғандықтан, оған жету жолы да ата–бабамыз ұстанған салт–дәстүрмен біте қайнасып кеткен таза Исламда. 
Ал енді ұлттық салт–дәстүрлер туралы айтар болсақ, олар Исламға дейінгі заманнан бастау алып, Ислам арқылы шариғат пен сүннетке негізделіп күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан біздің өмір сүру дағдымыз болып табылады. Халқымыздың салт–дәстүрінің кез келген түрінің түбінде ислами тамыр жатқанын байқаймыз. Сондықтан да Ислам мен дәстүріміздің арасындағы қарым–қатынас өте тығыз, айырып ажырату оңай емес. Ал ұлттың құндылығы – мәңгі өзімен бірге жасасып келе жатқан тілінде, салт–дәстүрінде, ұлттық өнерінде. Тәрбие ана құрсағынан басталып–ақ кетеді дейді ғылыми тұжырым. Олай болса, бала дүниеге келмей тұрып басталатын «Құрсақ шашу», бала дүниеге келе салысымен болатын «Сүйінші сұрау», «Азан шақырып ат қою», «Шілдехана тойы», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару» – бәрі–бәрінің өзіндік тәрбиелік орны, маңызы бар екені анық. 
Дін мен дәстүрді тату тірлікке ұластырып, ата-баба жолынан үлгі-өнеге алатын ұрпақ болып қала берейік. 

 

 

 

 

Жарияланған күні: 12 наурыз 2019




29 мамыр 2023

Әлмен Бердіұлына 135 жыл толуына орай "Құлпытаста қолының табы қалған" тақырыбында кеш ұйымдастырылды

26 мамыр 2023

«Мектептегі тарих пәні: Білім берудегі жаңаша тренд, рухани құндылық, тарихи сана» тақырыбындағы республикалық тәжірибелік конференция

17 мамыр 2023

«Есте жоқ ескі замандарда» атты облыстық музей мамандары сайысы

27 сәуір 2023

«Серікбол әлемі: ғылым мен білімнің тағылымы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

7 сәуір 2023

ОТПАН-ТАУДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ – 2023 ЖЫЛ

3 сәуір 2023

ТҮПҚАРАҒАН ЕСКЕРТКІШТЕРІНЕ СЕНБІЛІК

18 шілде 2022

Халықаралық форум

30 наурыз 2021

«Жұмбақ жайлап, аңыз өрген - Маңғыстау»

1 наурыз 2021

«1 наурыз- Алғыс айту күні»

11 қазан 2019

Ұлы жазушының 80 жылдық мерейтойы аясында Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ашылуы

25 қыркүйек 2019

"Алтынқазған" ескерткішін әлемдік деңгейде насихаттау үшін ғылыми-танымдық деректі фильм түсіру

24 маусым 2019

"Aktau Fashion Week" апталығы

4 маусым 2019

Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышымыз!

12 наурыз 2019

«Ұлттық жаңғыру процессі туған жер тұтастығымен ел болашағының негізі ретінде»

12 наурыз 2019

«Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұралары» кешенді экспедициясын ұйымдастыру және өткізу

12 наурыз 2019

«Дін және дәстүр» танымдық кеш

12 наурыз 2019

Серікбол Қондыбайұлының 50-жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми-танымдық кеш

12 наурыз 2019

«Үзеңгі серіктер, тарихи тұлғалар»

12 наурыз 2019

«18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне» орай ұйымдастырылған іс-шара

12 наурыз 2019

Маңғыстау облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңестің кеңейтілген отырысы өткізілді

12 наурыз 2019

Шетелдік тілшілер Маңғыстаудағы киелі жерлерді аралады

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28