«Үзеңгі серіктер, тарихи тұлғалар»
Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығында (Ақтау қаласы, 3-ші шағынаудан, 66 ғимарат), 14 желтоқсан 2017 жыл, сағат: 10-00. «Үзеңгі серіктер, тарихи тұлғалар» атты тақырыпта ғылыми-танымдық кеш өткізілді.
Ғылыми –танымдық кештің мақсаты мен барысы: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру" мақаласында айтылған ой қоғамның жалынды жастарға басымдық беруін айқындай түскендей. Міне, осыған орай Елбасының парасатты пайым, пікірін жүзеге асыру мақсатында, Маңғыстаудағы Кеңес өкіметін орнатуда белсенді күрескер, көрнекті мемлекеттік қайраткер Жалау Мыңбайұлының туғанына және Маңғышлақ жеріндегі тұңғыш әскери комиссарлардың бірі, алғашқы Қазақ әскери-эскадрондық полкінің командирі Төлесін Әлиевтің туғанына, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, алғашқы қазақ елшілерінің бірі, дипломат Нәзір Төреқұлұлының туғанына 125 жыл толып отыр. Бұл аталмыш датаға орай, бұл тарихи тұлғалар туралы мәлiметтермен қанық болсақ деген оймен бүгінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, туған өлкенің тарихи тақырыптарын зерттеушi, өлкетанушы азаматтармен ой бөлiсу мақсатында ұйымдастырылып, қайраткер тұлғалар жайында кейінгі ұрпаққа мәлімет беру.
Ғылыми-танымдық кешкеарнайы шақырылған құрметті қонақтар:
Маңғыстау тарихы, мәдени ескерткіштері, т.б. туралы көптеген зерттеу мақалаларының авторы, өлкетанушы, өлке тарихын зерттеуші көптеген қаламгерлердің, өнер зерттеушілерінің еңбектерінің жарыққа шығуына қол ұшын беріп жүретін белгілі тұлға.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өңірлік сараптамалық кеңестің төрағасы,«Маңғыстау тарихы» атты кітаптың авторы - Еділхан Алқажан Меделұлы.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Маңғыстау тарихы, этнографиясы, мәдени ескерткіштері, т.б. туралы көптеген зерттеу мақалаларының авторы, өлкетанушы-тарихшы Нұржаубайұлы Қолғанат ағамыз.
Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ақын, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің магистранты, «Рухани жаңғыру» өңірлік офисінің «Рухани қазына» бағдарламасының «Туған жер, туған ел» бағыты бойынша менеджері - Бақтыбай Жайлау Сәрсенбайұлы (Нәзір Төреқұлұлы туралы)
Сондай-ақ, Жалау Мыңбайұлының ұрпағы Қарайдаров Нұрқабыл.
Сонымен қатар, қаламыздағы үздік білім ордасы саналатын Туризм колледжінің студенттері мен жетекшiсі.
Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығының бөлім меңгерушісі А.К.Яриханова
29 мамыр 2023
Әлмен Бердіұлына 135 жыл толуына орай "Құлпытаста қолының табы қалған" тақырыбында кеш ұйымдастырылды
26 мамыр 2023
«Мектептегі тарих пәні: Білім берудегі жаңаша тренд, рухани құндылық, тарихи сана» тақырыбындағы республикалық тәжірибелік конференция
17 мамыр 2023
«Есте жоқ ескі замандарда» атты облыстық музей мамандары сайысы
27 сәуір 2023
«Серікбол әлемі: ғылым мен білімнің тағылымы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
7 сәуір 2023
ОТПАН-ТАУДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ – 2023 ЖЫЛ
3 сәуір 2023
ТҮПҚАРАҒАН ЕСКЕРТКІШТЕРІНЕ СЕНБІЛІК
18 шілде 2022
Халықаралық форум
30 наурыз 2021
«Жұмбақ жайлап, аңыз өрген - Маңғыстау»
1 наурыз 2021
«1 наурыз- Алғыс айту күні»
11 қазан 2019
Ұлы жазушының 80 жылдық мерейтойы аясында Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ашылуы
25 қыркүйек 2019
"Алтынқазған" ескерткішін әлемдік деңгейде насихаттау үшін ғылыми-танымдық деректі фильм түсіру
24 маусым 2019
"Aktau Fashion Week" апталығы
4 маусым 2019
Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышымыз!
12 наурыз 2019
«Ұлттық жаңғыру процессі туған жер тұтастығымен ел болашағының негізі ретінде»
12 наурыз 2019
«Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұралары» кешенді экспедициясын ұйымдастыру және өткізу
12 наурыз 2019
«Дін және дәстүр» танымдық кеш
12 наурыз 2019
Серікбол Қондыбайұлының 50-жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми-танымдық кеш
12 наурыз 2019
«Үзеңгі серіктер, тарихи тұлғалар»
12 наурыз 2019
«18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне» орай ұйымдастырылған іс-шара
12 наурыз 2019
Маңғыстау облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңестің кеңейтілген отырысы өткізілді
12 наурыз 2019
Шетелдік тілшілер Маңғыстаудағы киелі жерлерді аралады
Соңғы хабарлар
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023
"Тұлпар" жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды
 22 мамыр 2023
Қарақия ауданына қарасты орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылған жылжымалы көрме
 20 мамыр 2023
"Жылдың Үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы"✨✨✨
 20 мамыр 2023