Дәстүрлі дін: ата-баба жолымен

Елбасымыздың биылғы мақаласында рухани жаңғыру жайлы: «Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ.

Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мав­золейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жеті­судың киелі мекендерін және басқа да жерлер­ді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді. Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлт­тық бірегейлігінің мызғымас негізін құрай­ды. Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құн­ды­лықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз», деген.

Аталған мақала желісімен «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ-інде ағымдағы жылдың 5 мамыр күні «Дәстүрлі дін: ата-баба жолымен» тақырыбында Маңғыстау политехникалық колледжі студенттері мен облыстық Бекет ата мешітінің найб-имамы, діни орталығының өкілдері және өлкетанушы ақсақалдармен рухани танымдық кеш ұйымдастырылды.  «Дәл мынандай заманда өзіңді ойламау – обал, өзіңді ғана ойлау – күнә», дейді ғұламалар. Ондай болса, «Дәстүрлі дін» кешінің мақсаты: Ата-баба жүрген сара жолды насихаттап, өскелен жас ұрпақты аздыратын радикалды ағымдардан қорғау, діни экстремизм және терроризм идеологиясының таралуына жол бермеу.

Алғашқы болып сөзді жалынды бастап кеткен Ахлиддин-ұстаз: «Қазақтарға ислам діні 12 ғасырда келді, ал мұсылмандығымыз  әлмисақтан. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін балаларамыз діни сауатын ашып, тереңдетуге Сауд Арабиясы, Пакистан елдеріне оқуға аттанды. Оқып болғаннан соң, өздерімен бірге сол елдің салтын қыстыра келді. Терезені ашқанда, таза ауа мен бірге шаң-тозаңда ілеспейма? Сол секілді атам қазақтың ғасырлар бойы жинаған дәстүріне өзгеріс келе бастады. Қазіргі адамдарға таңым бар: әр нәрсенің өз Иесі болады, әр мамандық та солай. Мысалға, мәшинең бұзылса – механик бар, ауырсаң – дәрігер бар, егін ексең – агроном маманың тұр.. Неге біздер дін мәселесіне келгенде имамдарға жүгінбейміз, солардан пәтуа алмаймыз?? Қазір қалай, интернет бар, сайттар бар, әріптерді терсең кез келген мәлімет ғаламтордан атып шығады. «Ұстазы жоқты шайтан жетелейді», демейма? Біздер шүкір бармыз, мешіттерде отырмыз, шақырса жетіп келеміз, іліміміз жеткенше түсіндіреміз. Дәстүрдің озығы-тозығы бар дегендей, қабірдің басына шырақ жағу сияқты керек емес нәрсені кесіп тастап, көшімізді жалғастыру керек. Қабірді нұрландыратын шырақ емес, құранның сүрелері, аяттары». 

Келесі сөзді діни орталығының бөлім басшысы Суитов Жолдас жалғастырды. Өздерінің жұмысы жөнінде, есепке алынған ағымдар жайлы, теріс жолдағы бауырларымыз, олардың тумаластары, әке-шешелерін әңгімеледі. Ағымға байқаусызда еріп кеткендер оңайлықпен шыға қойматынын айтты. Бұл секталардың қай-қайсысы да ислам ауылынан алыс екенін дәлелдеп берді. Кезінде Имам Ағзам Әбу-ханифа (р.а.) көшпенділерді дінге шақырып, олар қиындығынан безіп кетпей оңай, жеңіл болу үшін керек-қажеттінің бәрін алып, бағыт таңдап берген. Біздің жүретін бағытымыз (мазһабымыз) – Ханафи, ал Мұхаммед пайғамбар (с.a.у.) үмбеті болғаннан соң, соның сүннетімен жүреміз. Жаратушы Иеміз ақырғы Пайғамбардың үмметіне сондай нығмет беріп, пенденің жердегі ғұмырын жеңілдетуге көп жағдай жасаған. Байқаусызда күнә істесең де – сүннет арқылы оны жуып-шайып сауабын қосып жасайсың. Бірақ шариғатта күнә кешірілгенмен, күнәні қайталау – КЕШІРІЛМЕЙДІ.

Танымдық кешті қорытындылауға сөз кезегін қазыналы өлкетанушы Алқажан Меделұлы алды: «Мен Елбасымыздың шыққан мақаласына аса зор үніліп, қатты мән бердім. Бірнеше рет оқып-тоқып, дін жайында дым айтпағанына қатты таң қалдым. Бұл қалай болған екен, деп екі-үш күн ойланып жүргенімде, Н. Назарбаев барлық Дін өкілдерін жинап, басқосу өткізді. Бәсе-бәсе солай шығар деп, ішімнен құп көрдім..

 Маңғыстау түбегінің жастарынан мен үлкен үміт күтем. Біздің өлкеміз адайдың жері, адайларға тән ойлау қабілетіміз болуы керек. Айналамызға маңғыстауша қарап, өз биігіміздегі өмір құндылықтарын, өмірдің жазылмаған заңдарын игеруіміз керек. Қай сала болмасын, қандай мамандыққа оқысаңыздар да – соны керемет игеріп шығуыңыз аса қажет. Орталық Азияда, Хорезмде оқыған Пір Бекет атамыз накышбандия тарикатының шейхы Бақыржан Азизден ілім алып, елін ауызбіршілікке шақырып, Ұстаз болған. Бекет ата заманында адай елі өсіп-өніп, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман болған, сол кезде көптеген құдықтар қазылып, территориялық шегара белгіленген. Ұстазымыз Бекет атаның дипломат екенін естен шығармауымыз керек: «Өткенге – құрмет деп, орта ғасырдағы Шопан атаны қадірлеңдер, айналадағы 7 жұртпенен де тіл табысың, болашақты ойлап, ел-халқыңа адал қызмет қыл», деп өсиеттеген.

 «Егер шамаң жетсе, заманның алдында жүр, егер қолыңнан келмесе, заманмен қатар жүр, бірақ ешқашанда заманнан кейіндеп қалма», дейді ғұламалар. Бүгінгі кешімізге келген студенттерге рахметімізді айтып, Сократ Хакімнің өсиетін жеткізсем: «Өнерден жақсы нәрсе, Білімнен үлкен, Ұяттан сұлу нәрсе, қызғаншақтықтан асқан дұшпан жоқ. Әрбір сәтті бос өткізбей, тиімді пайдаланған жағдайда ғана өнерді үйренесің. Өнерді үйренетін дана табылмаса, наданнан үйрен. Ол үшін әрдайым көңілдің көзі, ақылдың айнасымен наданның істеген ісін көріп, оның жаман, жағымсыз істерінен бойыңды аулақ сақтауың керек. Ескендір Зұлқарнайын бір сөзінде: «Барлық достарымнан пайда көрем, дұшпандарымды одан да көбірек пайдаланамын, өйткені жаман істерімді достарым жасырады, жақсымды асырады. Сондықтан өз кемшілігімді білмей қаламын. Дұшпандарым дұшпан болғандықтан, айып істерімді жасырмай айтады, ал мен болсам, ол кемшілігімді тез жою үшін әрекет жасаймын», депті. 

Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени

   қорығының бөлім меңгерушісі

Жадыра АМАНҚЫЗЫ 

Жарияланған күні: 0 : 15:52  




27 қазан 2023 Жарияланған уақытты: 09:57  

Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды

27 қазан 2023 Жарияланған уақытты: 09:38  

Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу

12 маусым 2023 Жарияланған уақытты: 17:15  

"Тұлпар" жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды

22 мамыр 2023 Жарияланған уақытты: 15:18  

Қарақия ауданына қарасты орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылған жылжымалы көрме

20 мамыр 2023 Жарияланған уақытты: 16:02  

"Жылдың Үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы"✨✨✨

20 мамыр 2023 Жарияланған уақытты: 15:08  

21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

18 мамыр 2023 Жарияланған уақытты: 16:13  

18 мамыр - Халықаралық музейлер күні

9 мамыр 2023 Жарияланған уақытты: 16:49  

Үлы Жеңіс күні құтты болсын!

5 мамыр 2023 Жарияланған уақытты: 15:04  

Солтүстік Қазақстан облысында Ботай қонысында далалық семинар өткізілді

5 мамыр 2023 Жарияланған уақытты: 11:00  

«ЕРКІН ЕЛ ҰРПАҒЫ» атты жалпыұлттық патриоттық диктант

29 сәуір 2023 Жарияланған уақытты: 15:14  

Сенбілік

27 сәуір 2023 Жарияланған уақытты: 10:12  

Қарақия ауданының Жетібай-Мұнайшы-Құрық ауылдарындағы орта мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды

25 сәуір 2023 Жарияланған уақытты: 11:07  

Маңғыстау облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жаңа басшысы Әбілқайыр Байпақов

24 сәуір 2023 Жарияланған уақытты: 10:32  

23 сәуір күні "КІТАПХАНА ТҮНІ" мерекелік шара өтті

11 сәуір 2023 Жарияланған уақытты: 16:03  

"Ғылым - Маңғыстау өнірінің тұрақты дамуының негізі" тақырыбында ғылым апталығы

28 наурыз 2023 Жарияланған уақытты: 15:47  

Серікбол Қондыбайдың 55 жылдығы "МИФОЛОГИЯ МҰЗЖАРҒЫШЫ" тақырыбындағы ғылыми-танымдық кездесу

17 наурыз 2023 Жарияланған уақытты: 15:21  

Отпан тау тарихи-мәдени кешенінде "ОТ КИЕСІ" жылжымалы көрме бойынша экскурсия ұйымдастырылды

17 наурыз 2023 Жарияланған уақытты: 11:24  

Ұлыстың үлы күніне орай "АШЫҚ ЕСІК КҮНІ" апталығы өткізілді

15 қараша 2022 Жарияланған уақытты: 15:32  

«Тарих толқынындағы Маңғыстау» халықаралық ғылыми конференциясы өтеді

25 шілде 2022 Жарияланған уақытты: 15:00  

Жылжымалы көрме

5 шілде 2022 Жарияланған уақытты: 14:46  

Астана күніне орай экскурсия ұйымдастырылды

9 желтоқсан 2021 Жарияланған уақытты: 14:36  

«Тәуекелмен келген Тәуелсіздік»

30 қыркүйек 2021 Жарияланған уақытты: 10:56  

«Маңғыстау тарихы ақын-жазушылар мен зерттеушілердің еңбектерінде»

24 қыркүйек 2021 Жарияланған уақытты: 10:24  

"Маңғыстаудың қасиетті нысандары" және "Сисем ата қорымы - сәулет ескерткіштерінің мұралары"

12

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28