Серікбол Қондыбайдың 55 жылдығы "МИФОЛОГИЯ МҰЗЖАРҒЫШЫ" тақырыбындағы ғылыми-танымдық кездесу

28 наурыз күні Серікбол Қондыбайдың 55 жылдығы  "Мифология мұзжарғышы" тақырыбындағы ғылыми-танымдық кездесу  өткізілді. Бұл кездесудің маңызды сипаты - ғұмырының жартысын қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-санасын жаңғыртуға арнап, сүбелі үлес қосқан және түбегейлі зерттеуде зор еңбек еткен қазақтың өлкетанушы, географ, публицист, этнограф-ғалымы, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға туралы ғылыми-танымдық кеш. Кеш барысында Серікбол Қондыбай туралы қысқаша видео көрсетіліп, баяндама оқылды.

Ғылыми-танымдық кездесуге арнайы шақырылған қонақтар:

- Балсұлу Қондыбай – Серікбол Қондыбайдың апасы, педагог, ҚР «Білім беру ісінің үздігі»;

- Мұрат Ақмырзаев – педагог, жазушы, өлкетанушы «Адай уезінің жазба мұралары» атты кітаптың авторы;

- Рима Бердиева – Серікбол Қондыбай мемориалдық мұражайының директоры;

- Нұртай Айтжан - Серікбол Қондыбайдың құрдас-замандасы;

Сондай-ақ Маңғыстау гуманитарлық колледжінің студенттері. «Маңғыстау телеарнасы» және «Маңғыстау» газетінің тілшілері.

Кеш барысында өнерлі қыздарымыз Артурқызы Әнел және Ізбас Гауһар жетіген ұлттық аспабымен әдемі ән мен күмбірлеген күй орындады.

Серікбол Қондыбай– қазақ мифологиясының зерттеушісі. Ол бар болғаны 36 жыл өмір сүрсе де қазақ халқының тарихи санасын қалыптастыруда биік мақсат, ұлттық мүдде тұрғысынан қыруар жұмыс тындырған азамат. Сондықтан да, оның ғылымға, мәдени тарихымызға қосқан зерттеулері жоғары бағаға ие. Айрықша айта кетерлігі, Серікбол Қондыбай өзіне дейінгі ғалымдардың тісі бата қоймаған осы қиын да күрделі, терең де ауқымды мәселеге тайсалмай қалам тартты. Жас ғалымның қазақ мифологиясының табиғатын ашу мақсатында оны тілдің құрылымы тұрғысынан зерттеудегі, атаулар мен есімдердің мифологиялық астары мен мазмұнын танудағы еңбегі өзінің жоғары бағасын ала білді.

Таңғажайып дарынымен, жасампаз ерлігімен жұртты таңданта табындырған тұлға. Сұңғыла азаматтың сәулелі ой, сезімтал санасы “Талантта туған күн бар да, өлген күн жоқ” деген тіркесті толық дәлелдеп кетті. Қазақ мифологиясын алғашқылардың бірі боп зерттеу арқылы салаға ой-пікірін қосқан ғалымдардың бірегейі болғандығы туралы келген қонақтар өлкетанушы Мұрат Ақмырзаев, апасы Балсұлу Қондыбай, сырлас құрдасы Нұртай Айтжан және мұражай директоры Рима Бердиева ғылыми-танымдық, өнегелі пікір айтты. 

 

 

 

 

 

Жарияланған күні: 28 наурыз 2023: 15:47  




27 қазан 2023 Жарияланған уақытты: 09:57  

Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды

27 қазан 2023 Жарияланған уақытты: 09:38  

Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу

12 маусым 2023 Жарияланған уақытты: 17:15  

"Тұлпар" жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды

22 мамыр 2023 Жарияланған уақытты: 15:18  

Қарақия ауданына қарасты орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылған жылжымалы көрме

20 мамыр 2023 Жарияланған уақытты: 16:02  

"Жылдың Үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы"✨✨✨

20 мамыр 2023 Жарияланған уақытты: 15:08  

21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

18 мамыр 2023 Жарияланған уақытты: 16:13  

18 мамыр - Халықаралық музейлер күні

9 мамыр 2023 Жарияланған уақытты: 16:49  

Үлы Жеңіс күні құтты болсын!

5 мамыр 2023 Жарияланған уақытты: 15:04  

Солтүстік Қазақстан облысында Ботай қонысында далалық семинар өткізілді

5 мамыр 2023 Жарияланған уақытты: 11:00  

«ЕРКІН ЕЛ ҰРПАҒЫ» атты жалпыұлттық патриоттық диктант

29 сәуір 2023 Жарияланған уақытты: 15:14  

Сенбілік

27 сәуір 2023 Жарияланған уақытты: 10:12  

Қарақия ауданының Жетібай-Мұнайшы-Құрық ауылдарындағы орта мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды

25 сәуір 2023 Жарияланған уақытты: 11:07  

Маңғыстау облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жаңа басшысы Әбілқайыр Байпақов

24 сәуір 2023 Жарияланған уақытты: 10:32  

23 сәуір күні "КІТАПХАНА ТҮНІ" мерекелік шара өтті

11 сәуір 2023 Жарияланған уақытты: 16:03  

"Ғылым - Маңғыстау өнірінің тұрақты дамуының негізі" тақырыбында ғылым апталығы

28 наурыз 2023 Жарияланған уақытты: 15:47  

Серікбол Қондыбайдың 55 жылдығы "МИФОЛОГИЯ МҰЗЖАРҒЫШЫ" тақырыбындағы ғылыми-танымдық кездесу

17 наурыз 2023 Жарияланған уақытты: 15:21  

Отпан тау тарихи-мәдени кешенінде "ОТ КИЕСІ" жылжымалы көрме бойынша экскурсия ұйымдастырылды

17 наурыз 2023 Жарияланған уақытты: 11:24  

Ұлыстың үлы күніне орай "АШЫҚ ЕСІК КҮНІ" апталығы өткізілді

15 қараша 2022 Жарияланған уақытты: 15:32  

«Тарих толқынындағы Маңғыстау» халықаралық ғылыми конференциясы өтеді

25 шілде 2022 Жарияланған уақытты: 15:00  

Жылжымалы көрме

5 шілде 2022 Жарияланған уақытты: 14:46  

Астана күніне орай экскурсия ұйымдастырылды

9 желтоқсан 2021 Жарияланған уақытты: 14:36  

«Тәуекелмен келген Тәуелсіздік»

30 қыркүйек 2021 Жарияланған уақытты: 10:56  

«Маңғыстау тарихы ақын-жазушылар мен зерттеушілердің еңбектерінде»

24 қыркүйек 2021 Жарияланған уақытты: 10:24  

"Маңғыстаудың қасиетті нысандары" және "Сисем ата қорымы - сәулет ескерткіштерінің мұралары"

12

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28