Үлкенқұдық
Алғашқы қоғамдардан жалғасып келе жатқан қайтыс болған ата- бабаларын қастерлеп, олардың рухына табынудан орын алған қабiрүстi ескерткiштер тұрғызып, ол жердi кие тұту дәстүрi қола дәуiрiнде кеңiнен қанатын жайып, бүгiнгi Маңғыстау тұрғындарының да өмiршең рәсiмiне айналды. Қола дәуiрiндегi Сақақұдық, Ақтау, Дықылтас, Үлкенқұдық дiни-қабiрлеу кешендерiнде бағзы замандағы адамдардың дүниенiң жаратылуы, өмiр мен өлiм, адамның жаны мен тәнi туралы түсiнiктерi нышанды түрде айқындалған. Шопан-ата қорымына жақын Үлкенқұдық жерiнде ерекше археологиялық нысана орналасқан. 2005 жылы археологтар осы жердегi 2 дiни-қабiрлеу кешенi орындарында археологиялық зерттеулер жүргiздi. Бұл ескерткiштiң шартты дәуiрi б.д.д. 2 мыңжылдықтың ортасы деп белгiленедi. Бiрiншi қабiрдiң диаметрi 6 м болатын дөңгелек пiшiндегi тас қоршаулар болған көрiнедi. Тастары шашылып, бүгiнгi таңда құрылысы бұзылған. Тас қоршаудың iшiне ерекше қабiр орналасқан, барлығы 12 тастан тiгiнен қойып тұрғызған қабiрдiң пiшiнi жұмыртқаға өте ұқсас болып келедi. Қабiрдiң бетi плиталармен жабылған. Уақыттың өтуiмен бұл плиталар сынып, төменге құлаған. Қабiр түбiнде қартайған адамның қаңқасы сақталған. Дене бiр қырынан жатқызылып, басы шығысқа қаратылып, тiзелерi бүктелiп жерленген. Мүрденiң артқы жағынан iшiнен ұсақ жануардың қабырғалары салынған кiшкене құмыра ыдыс табылды. Екiншi қойылымның қабiр құрылысы және жерлеу әдiсi күрделi. Қабiр дөңгелек пiшiндi, iрi фундамент тастары сақталғандығынан бұл күмбездi құрылыс болғандығы анықталды. Қабiрде үлкен адам жерленген, қаңқа әйел адамға тиiстi деп болжанады. Дененiң басы шығысқа бағытталып, қырынан жатқызылған. Моланың қабырғалары тастан қаланған, төменгi бөлiгi жұмыртқа тәрiздi болған, жоғарғы бөлiгi күмбез болып тiктелген. Жерленген дененiң үстiнен сексеуiл бұтақ шыбықтарынан тор жасалынған. Бұл ағаш тордың үстiне құмыра ыдыс қойылған. Қоршауының диаметрi 10 м болған, биiктiгi 1,5 м етiп тастан қалаған қабырғамен қоршалған. Сондай- ақ, тас қоршаудың енi 3 м тереңдiгi 1 м ор белбеу сияқты қоршалған. Қабiрлеу рәсімiнде тас қоршау мен күмбез арасына алау жағылған.Үлкенқұдық кешенiнiң жерлеу дәстүрi Ұлы даланы мекендеген ежелгi көшпелi халықтың әлем және өмiр жаратылысы туралы дiни түсiнiктерімен тығыз байланысты. Дүние жүзі халықтарының ежелгі аңыз-эпостарында Космостық мұхитта жүзіп, Ғаламшар алауымен жылытатын әлем жұмыртқасы біздерге белгілі. Әлем жаратылысы- жұмыртқаның төменгі- жоғарғы бөліктері – аспан- жер, сары уызы – күн деген ұғымдар халықтар мифологиясында кеңінен тараған. Әлемдік жұмыртқа жаратылмастан бұрын оның ішінде Аспан-әке, Жер-ана бір-бірімен жақын болып, адамзаттың пайда болуына әкелген. Міне, осы негізде дүние жүзі халықтары мифологиясы адамзаттың туылуын жермен байланыстырады, алғашқы адамдар балшықтан немесе жерден жаратылды деген ұғымға саяды. Мүмкін осындай дүниетанымдар пайда болған тас заманының соңғы дәуірлерінде қайтыс болған адамдарды қырынан, тізелерін бүгу арқылы, яғни ана құрсағында жатқан сәбидей етіп жерлеген. Ескерткiшті 2006 ж жергiлiктi дәрежеде мемлекет қорғауға алды.
22 шілде 2021
Қызылқала қалашығы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енгізілген ескерткіш ретінде интернет желілерде халыққа насихаттау негізінде жасақталған бейнеролик - Қызылқала қалашығы
(Сілтемеге өту арқылы қараңыз)
: https://www.facebook.com/100021085860873/videos/1244660602672009/
Толығырақ
23 сәуір 2020
Шерқала тауы және қорымы
Шерқала тауы – Маңғыстау ауданы, Шетпе кентiнен 17 км солтүстік батыс бағытта орналасқан. Арабша арыстан қала деген мағынаны бiлдiредi. Таудың солтүстік етегiнде әскери бекiнiс бар. 1851 ж геологиялық экспедицияның құрамында Маңғыстауда болған поляк революционерi Б.Залесский: «Шерқалаға алыстан қарағанда Римнiң керемет пантеондарын көргендей боласың. Жақыннан келiп қарағанда, жеке қабырғалардың колонналарына
Толығырақ
11 сәуір 2020
Сырлытам жерленiмi
Сырлытам жерленiмi 1999 ж Маңғыстауда кездейсоқ табылған едi. Топырақ катакомба iшiнде 4 м тереңдiкте сыңайы көшпелi элитаға жататын 3 адамның мүрдесiнiң қалдықтарын тапты. Өкiнiшке орай, көп тоналған. Катакомбаның ортасына қартаң жауынгер әйелдi жерлеген. Оның сол жағында ұзын әрi жiңiшке семсер, қанжар,15 темiр жебе кiрiстерi жатты. Әйел қаңқасының оң жағынан 50-60 жастағы ер адам қаңқасы табылды. Оның денесi қатты шамданып оралғанын көрсетедi, сiрә бұл ер
Толығырақ
25 наурыз 2020
Белдеулі керуен-сарайы
Белдеулі керуен-сарайы түбінде бес ескі құдығы бар кең қазан-шұңқырдың ортасында орналасқан. Бас құрылыс 27х24 м тіктөртбұрыш формалы келген, қиылған әктас-ұлутастан тұрғызылған. Кіре беріс солтүстік-шығыс қабырғаның ортасында орнатылған. Оның ені шамамен 3м, ұзындығы 7м болған. Керуен-сарайдың қасбетінің (фасадының) бұрышына диаметрі 2 м, биіктігі 4 метрдей жұмыр мұнаралар бекітілген. Құрылыстың ішкі ауласы 17х14 м. Есіктің екі жағында екі бөлмеден
Толығырақ
10 наурыз 2020
Сырлытам жерленiмi
Сырлытам жерленiмi 1999 ж Маңғыстауда кездейсоқ табылған едi. Топырақ катакомба iшiнде 4 м тереңдiкте сыңайы көшпелi элитаға жататын 3 адамның мүрдесiнiң қалдықтарын тапты. Өкiнiшке орай, көп тоналған. Катакомбаның ортасына қартаң жауынгер әйелдi жерлеген. Оның сол жағында ұзын әрi жiңiшке семсер, қанжар,15 темiр жебе кiрiстерi жатты. Әйел қаңқасының оң жағынан 50-60 жастағы ер адам қаңқасы табылды. Оның денесi қатты шамданып оралғанын көрсетедi, сiрә бұл ер
Толығырақ
28 ақпан 2020
Бәйте 3
Бәйте 3 ғибадатханасы Маңғыстау ауданында Өтес селосынан 45 км солтүстік-шығыс бағытта Үстiрт кеңiстiгiнде орналасқан. Оның да құрылысы Түбежiк секiлдi. 20 ғ аяғында зерттелген. Ғимараттың ұзындығы 3 м. Сыртқы қаптамалы қабырғасының құлап қалған қаланымдарының мұқият өңделген және бiр-бiрiне қиюластырылған тас блоктары оның биiктiгiн 5 м немесе одан да жоғары деп анықтауға мүмкiндiк бередi. Құрылыстың сыртқы формасы екi
Толығырақ
17 ақпан 2020
Үлкенқұдық
Алғашқы қоғамдардан жалғасып келе жатқан қайтыс болған ата- бабаларын қастерлеп, олардың рухына табынудан орын алған қабiрүстi ескерткiштер тұрғызып, ол жердi кие тұту дәстүрi қола дәуiрiнде кеңiнен қанатын жайып, бүгiнгi Маңғыстау тұрғындарының да өмiршең рәсiмiне айналды. Қола дәуiрiндегi Сақақұдық, Ақтау, Дықылтас, Үлкенқұдық дiни-қабiрлеу кешендерiнде бағзы замандағы адамдардың дүниенiң жаратылуы, өмiр мен өлiм, адамның жаны мен тәнi туралы түсiнiктерi нышанды түрде айқындалған.
Толығырақ
1 ақпан 2020
Қосқұдық елді мекені
Қосқұдық ескерткішінде археологиялық зерттеулер 1993-2003-2006 жылдары өткерілді. жылдан басталған. Елді мекен Энеолит дәуірінде (энеолит – тас ғасыры тарихи кезеңнің аяғы) б.д.д. 4-мыңжылдықтың 3-жартысы кезеңдерінде қалыптасқан. Ескерткіш үлкен тұрғын-үй қалдықтарынан және үй алдына шаруашылық қызметтері үшін тұрғызылған алаңдардардан тұрады. Үйде бір уақытта 30-35 адам өмір сүрген деп болжамданады. Үйдің онша биік емес тас қабырғалары және құрылыстың
Толығырақ
16 қаңтар 2019
Орта ғасырлық Қызылқала қалашығы
Ерте орта ғасырларда Маңғыстау облысы аймағынан белгілі Ұлы жібек жолы деген континент аралық сауда жолдарының солтүстік тармақтары өткен. Маңғышлақ түбегінің аймағы құрлық және теңіз сауда қатынастарының тамаша ұштасқан сауда жолдарының транзиттік бөлігінің бірі ретінде маңызды рөл атқарды. Сауданың дамуы мұнда алғашқы отырықшы елді мекендер мен қалалардың, ал Каспий теңізінің жағалау алқаптарында - портты қыстаулардың пайда болуына себебін тигізді.
Толығырақ
16 қаңтар 2019
Маңғыстау археологиялық ескерткіштері
Маңғыстау тарихының ерекшеліктері бүгінгі таңда ғылыми әлемнің қызығушылығын оятып, дәйекті деректерімен қолдау туғызуда. Аймақтың құпиясы ашылған әрбір ескерткіші Қазақстанның ғана емес, бүкіл адамзат тарихында елеулі орын алып отыр. Олар: ежелгі палеолиттік Сарыташ шығанағы шеберханалары, тас дәуірінің аяғы кезеңді Қосқұдық кешенді елді мекені, қола дәуірінің қала типтес Тоқсанбай, Айтман ескерткіштері, Бәйте 1-3, Қызылүйік, Тасастау, Қайнар, Әурентөбе, Соққы, Ақпан ерте темір
Толығырақ
Соңғы хабарлар
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023
"Тұлпар" жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды
 22 мамыр 2023
Қарақия ауданына қарасты орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылған жылжымалы көрме
 20 мамыр 2023
"Жылдың Үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы"✨✨✨
 20 мамыр 2023