«Экскурсия көпшілік» бөлімі
Яриханова Айман Керліқұлқызы – 13.04.1985 ж. 1991-2002 жж аралығында орта білім алған. 2002 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне түсіп, 2006 жылы "тарих және география" мамандығы бойынша бітіріп шықты.
2008 жылдан бастап Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорықтың «Ескерткіштерді есепке алу және қорғау» бөлімінің маманы ретінде қызметке қабылданып, қазіргі таңда «Экскурсия-көпшілік» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізеді, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау бойынша конференцияларда, семинарларда баяндамалар жасайды. Тарихи-мәдени ескерткіштердің сақталуын қадағалап, насихаттау және ағарту жұмысының саласында белсенді жұмыс атқаруда. Өлкеде ұйымдастырылатын халықаралық конференцияларда қажетті іс-шараларды жасауға қатысып, өз үлесін қосып жүрген білікті маман. Тарихи-мәдени ескерткіштер туралы жас ізденуші, оқушы, білімгерлерге концультациялар өткізеді.
Өлкенің тарихи-сәулет, археологиялық ескерткіштерін көпшілікке ауыл, аудан, қала көлемінде насихаттаушы, ғылыми жұмыстарға белсене қатысушы маман иесі. Тарихи-мәдени ескерткіштер туралы баспасөзде, радио және теледидар бағдарламаларда сұхбат береді.
Бірнеше ғылыми-танымдық мақалалардың авторы, аудандық, облыстық, республикалық газеттер мен сайт, порталдарда жарияланды: «Маңғыстау мен Үстірттің сырға тұнған тастары» (Маңғыстау; 2010 ж.), «Маңғыстау сонадайдан тоңазытқан, жүрегін талай жанның қобалжытқан» (Тумба; 2010 ж.), «Көне жәдігерлер мұражай қорында» (Тумба; 2010 ж), «Маңғыстау құдықтары түбектегі бірден-бір тіршілік көзі» (Маңғыстау; 2009 ж), «Үстірттің қара шатқалдары» (Мұнайлы; 2010 ж) «Ғажаптар көрмесіндей Маңғыстауым» (Mangystaumediа сайты; 2018ж.), «Махтум баба мешіті» (Маңғыстау; 2018 ж.), "Алтынқазған кешені туралы не білеміз?" (NEWSROOM+ Жаңа заманның жаңа порталы 2020 ж) және т.б.
2010 жылы Пір Бекет атаның 260 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге қосқан үлесі үшін «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Қараевтың Алғысымен;
2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және «Атамекен» Қазақстан Картасы» Этно-мемориалдық кешенінің 10 жылдығына арналған «Мұражай-тарих пен бүгінгікүннің феномені ретінде» атты Халықаралық мұражайтанушылар форумына қатысқаны үшін Астана қаласы Мәдениет басақрамасының Сертификатымен;
2011 жылы Халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалін ұйымдастыруға және өткізуге қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысының әкімі Қ.Көшербаевтың Алғысымен марапатталды;
2011 жылы Қазақстан Республикасы мұражай ісінің дамуына қосқан елеулі және белсенді үлесі үшін Астана қаласы Мәдениет басқармасының бастығы Б.Б.Мажағұловтың Дипломымен марапатталды;
2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Р.Шердің Алғыс хатымен;
2020 жылы Маңғыстау облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмовтың Алғысымен мараптталды;
2023 жылы Мектептегі тарих пәні: Білім берудагі жаңаша тренд, рухани құндылық тәжірибелік конференцияда белсенділік танытқаны үшін Маңғыфстау облысының білім басқармасы басшысы Д.Жұмашеваның Алғысымен марапатталды.
2024 жылы «Жылдың үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы».
Өнегелі көпбалалы отбасы, екі ұл мен екі қызды тәрбиелеп отырған аяулы ана, сүйікті жар, тәжірибелі маман.
20 мамыр 2025 Жарияланған уақытты: 17:54
«Тарихи - мәдени мұраны қорғау» бөлімі
20 мамыр 2025 Жарияланған уақытты: 15:05
«Қор» бөлімі
20 мамыр 2025 Жарияланған уақытты: 10:49
"Ескерткіштерді есепке алу және қорғау" бөлімі
12 сәуір 2019 Жарияланған уақытты: 17:52
«Археология және сәулет» бөлімі
12 сәуір 2019 Жарияланған уақытты: 17:41
«Экскурсия көпшілік» бөлімі
Соңғы хабарлар
 26 наурыз 2025
"ОТ КИЕСІ" жылжымалы көрмесі және "МАҢҒЫСТАУ ЕСКЕРТКІШТЕРІ" тұрақты көрмесі бойынша экскурсия
 18 наурыз 2025
18 наурыз "ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ" құтты болсын!!!
 17 наурыз 2025
Жылжымалы көрмелермен экскурсия
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023