«Қор» бөлімі

 

Аккулова Марал Ермұқанқызы Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылында 1984 жылы дүниеге келген. 1991-2001 жж. Алшын Мендалыұлы атындағы №3 орта мектептің 11-шы сыныпты аяқтады. 2001-2005 жж. Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Мемлекеттік университетінің педагогикалық факультетін «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдады. 

2014-2025 жылдар аралығы Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорықтың қор бөлімінің меңгерушісі қызметiн атқарды.

Қорда сақтаулы тұрған жәдігерлер мен мұрағаттық құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді. 

Баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми-танымдық мақалалары «Аты аңызға айналған Атақозы батыр»,«Құлбарақ батыр» «Адай ата-Отпан тау тарихи-мәдени кешені», «Шежірелі Шерқала» «Ержан хазірет». 

2014-2016 жж «Тарихи-мәдени мұра» обьектілерін қорғау мақсатында дала іссапарларына белсене қатысты. 

2017 жылы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бағдарламасы бойынша «Қазақстанның 100 киелі нысаны» жобасына енген рухани құндылығымызды жаңғыртатын бастама «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары» деп аталатын кітап шығаруға қажетті киелі орындар туралы мәліметтер жинақтауға үлес қосты.

2018 жылы «Мәдениет пен өнер қызметкерлері күні» мерекесіне орай Маңғыстау облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. 2022 жылы Маңғыстау облыс әкімінің «Алғыс» марапатталды.

Ғылыми жоба бойынша жас ғалымдарға қажетті қорда жинақталған  қажетті ақпараттарды ұсынады. Ұлт жандылық пен турашылдық ерекшеліктерін бойына сіңірген, қоғамдағы қызметі үшін еңбек ете білетін үлгі тұтар мақтау иесі.  

Жарияланған күні: 20 мамыр 2025: 15:05  




20 мамыр 2025 Жарияланған уақытты: 17:54  

«Тарихи - мәдени мұраны қорғау» бөлімі

20 мамыр 2025 Жарияланған уақытты: 15:05  

«Қор» бөлімі

20 мамыр 2025 Жарияланған уақытты: 10:49  

"Ескерткіштерді есепке алу және қорғау" бөлімі

12 сәуір 2019 Жарияланған уақытты: 17:52  

«Археология және сәулет» бөлімі

12 сәуір 2019 Жарияланған уақытты: 17:41  

«Экскурсия көпшілік» бөлімі

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28