«Тарихи - мәдени мұраны қорғау» бөлімі

 

Кузембаева Рысгуль Қалмұратқызы - 22.09.1985 жылы Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылында туған. 1992-2003 жж аралығында орта білім алған.  2003 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетіне түсіп, 2008 жылы "Инженер–эколог" мамандығы бойынша бітіріп шықты.  2020 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті «Құқықтану» маманды бойынша бітіріп шықты.

2010 жылдан бастап Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорықтың «Ескерткіштерді есепке алу және қорғау» бөлімінің маманы ретінде қызметке қабылданды.  2011 жылдың 1 ақпанынан бастап сәулет бөлімінің меңгерушісі, ал 2012 жылдың 28 сәуірінен бастап қор бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. 2015 жылдың  5 қаңтарында  Маңғыстау облысының мәдениет басқармасына «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі инспекция» бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2018 жылдың  03 қаңтарынан  қазіргі уақытқа дейін «Тарихи-мәдени мұраны қорғау» бөлімінің меңгерушісі міндетін ойдағыдай атқарып келуде.  Өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Қызметтік міндеттерге жауапкершілікпен қарайды. Облыс көлеміндегі тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану іс-шараларын ұйымдастырады, тарих және мәдениет ескерткіштердің сақталуын қадағалап, аудандар бойынша семинарлар өткізеді. Жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, қорғауды және оларда ғылыми-реставрациялау жұмыстарын ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды жасайды, мемлекет меншігі болып табылатын, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру туралы мәселені шешеді, уәкiлеттi органмен келiсе отырып, қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта құру жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларды жасайды. Өлкеде ұйымдастырылатын халықаралық конференцияларда қажетті іс-шараларды жасауға қатысып, өз үлесін қосып жүрген білікті маман. 

  • 2012 жылы Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының Алғыс хатымен;
  • 2014 жылы «Нұр Отан» партиясының Алғыс хатымен;
  • 2016 жылы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрғазиева Бану Ғаниқызының Алғыс хатымен;
  • 2022 жылы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қалмұратова Гүлмира Мұратқызының Алғыс хатымен;
  • 2023 жылы Маңғыстау облысы әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлының алғыс хатымен; 
  • 2024 жылы  ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызының  Алғыс хатымен марапатталды. 

Тәрбиелі отбасы, бір ұл мен қызды тәрбиелеп отырған қамқор ана, сүйікті жар. 


Жарияланған күні: 20 мамыр 2025: 17:54  




20 мамыр 2025 Жарияланған уақытты: 17:54  

«Тарихи - мәдени мұраны қорғау» бөлімі

20 мамыр 2025 Жарияланған уақытты: 15:05  

«Қор» бөлімі

20 мамыр 2025 Жарияланған уақытты: 10:49  

"Ескерткіштерді есепке алу және қорғау" бөлімі

12 сәуір 2019 Жарияланған уақытты: 17:52  

«Археология және сәулет» бөлімі

12 сәуір 2019 Жарияланған уақытты: 17:41  

«Экскурсия көпшілік» бөлімі

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28