Асыл көзі
Тоғыз жол торабы түйіскен түбек пен Үстірттің – асыл көзі.
Маңғыстау жері сонау ықылым заманнан бері өзінің табиғат
ерекшелігімен де, көрген адамды тамсандыра, таң қалдыратын тарихи
ескерткіштерімен де ерекшеленген өлке. Маңғаз дала Маңғыстау өлкесі
шынында да Еуразияның тоғыз жолының торабы түйіскен, табиғаты таңғажайып
осынау бір жерде әлемдік тарихқа айтарлықтай әсер еткен небір мәдени
құбылыстар қай заманда болмасын буырқанып жатқан.
Еліміз егемендік,
тәуелсіз болғаннан соң – ұмытылғанды еске түсіруге, өткенді тұтатуға,
барды жарқырата көрсетуге кең тыныс, мол мүмкіндік алып отырған кез.
Олай болса жоғалтқанды түгендеп, бардың берекесін ел бойына дарытарлық
ынта-ықыласпен еңбек ету көзі ашық әр қазақ азаматының парызы.
Маңғыстау деген бұл аймақ,
Даласы шаң мен құм ойнақ.
Шулы өзендерге зар болып
Кешпедік суын лайлап.
деп жырлаған Қашаған Күржіманұлының қанатты сөздерін жалғастыра
Маңғыстау құдықтарының тұнған тарихына жалпы шолу жасамақпыз.
Маңғыстаудың қай түкпірі болмасын, малдың тұяғы, малшының табаны тимеген
жер кемде-кем. Бұл өлкенің тіршілігінің негізі болған құдықтардың
тарихы сонау орта ғасырдан белгілі бола бастады. Маңғыстау – Үстіртте
Қарақалпақ Республикасы мен Түркменстан шекарасына дейінгі жерлерде
(Арал мен Каспий аралығында) байырғы қыстақтар мен керуен жолдарының
бойына орналасқан құдықтар көптеп саналады. Олар ғасырлар бойы сақталып
келген, көшпенділердің өмір-тұрмысында үлкен қызмет атқарған.
Маңғыстау мен Үстірт құдықтарының дені таспен өріліп, жоғарғы ауыз жағы
шегенделген. Олардың әрқайсысының қашықтығы 40-45 км- ден аспайды. Әр
құдықтың өз атауы бар. Маңғыстау Үстірт құдықтары құрылыс ісінің берік,
әрі шыңырау тереңдігімен ерекшеленеді. Түбек тұрғындары тіршіліктің көзі
болған құдықты негізгі 4 түрге бөлген: шыңырау, тайыз, орпа және апан
құдықтар.
Шыңырау – жер бетінен екі-үш, кейде төрт-бес метр жердегі
тасқа дейін жеткізіп шегендеген, одан арғы жағын су көзіне дейін тастан
ойып қазған, тереңдігі 6 метрден 65 метрге дейін жететін құдықтар.
Тайыз құдықтар – құм мен сор жағалауынан, түлей айналасының құламалы
жерінен қазады, тереңдігі 3-6 метрден аспайды. Олар түбінен аузына дейін
табылса таспен, ағашпен, бұтамен, кейде сүйекпен де шегенделеді.
Орпа – уақытша пайдалануға қазылатын тайыз құдықтар. Олар шегенделмейді.
Апан – жары құламалы кең етіп қазылған ең көзі жақын құдықтар. Апаннан қауғаны шыжымдау арқылы екі адамдап тартады.
Құдық, құдықшылық кәсіп, Маңғыстау шыңыраулары зерттеуші, тарихшылардың
назарын аударған. Атап айтар болсақ, Ибн Фадлан, Ибн Баттута, Е.
Ломакин, М.И. Иванин, Ә. Бөкейхановтың, одан берідегі А.С. Алексеев, Ә.
Кекілбаев, Ә. Спан, С. Қондыбаев шығармаларынан бұл туралы пікірлерді
кездестіреміз. Сондай-ақ ұлы сазгер – Құрманғазының «Тас астау – тас
дере» атты күйі бар. Жеті қайқының бірі, Маңғыстаудың сал-серісі Қаржау
Тұрсынның атақты «Көлқайнар» әнін әншілер орындап жүр. Маңғыстау
өңіріндегі құдықтардың әрқайсысының адам өміріндей тарихы бар. Халықтың
жадында көптеген құдықшы шеберлер туралы тарихи әңгіме, аңыздар сақталып
қалған. Олардың аттары немесе қаздырған адамдардың аттары құдықтардың
атауына айналған. Оны Қарашқазған, Мәмішқазған, Басар-Түрке, Шолаққазған
т.б. құдықтардың аттарынан көруге болады. Атақты құдықшылардың аттарына
тоқталар болсақ, олар;
Қараш Бейнеубай – Дүңгірлек, Қарашқазған, Дауысты Киікбай т.б.
Шолақ Ерше Исанұлы – Шолаққазған, Байлепес, Отар т.б.
Бегей Мәміш – Мәміш қазған құдығы.
Бегей Ораз Өмірұлы – Ұзын, Терең, Бесшыңырау т.б.
Көрпе Бейсенбай – Басар – Түрке
Бегей Мақышбай құдықшы – Ақжігіт ауылындағы құдықтар, Шаларан Жарық т.б.
Бұлардан да басқа Молдабай, Қырықмылтық Спан, Ақбота Әбу, Есен Шағырбай
сынды құдықшылар болған. Мұның өзінен Маңғыстауда атағы асқан
құдықшылардың өте көп болғандығын аңғаруға болады, бұдан басқа да
Есімдері халық жадында сақталмай ұмытылғандары қаншама!
Соның бірі
Маңғыстауда өзінің өлмес, өшпес қолтаңбасын қалдырған құдықшы – Бегей
Мақышбай. Бегей құдықшы Мақышбай 1850 жылы туылған, ұзын бойлы, қой
көзді қара кісі болған. Руы- Қозыбақ Бегей-Таңатар-Мұсабай-Мақышбай. Бұл
кісіден Молдахмет, Тойлыахмет деген ұлдары болған. Ұрпақтары Мырзашөл
аймағында. Кезінде аттың шылбырын сүйретіп жүріп, жер асты суын болжап
білетін болған. Яғни судың құнарлылығын, ащы-тұщысын, қанша жерден
шығады және суға дейінгі жер қыртысының құрамына дейін айтып бере алған.
Құдықшының өмірден қайтқан жылы әлі де болса белгісіз, бірақ сүйегінің
жатқан жері Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Алтай ауылының маңында
деген мәлімет бар. Сонымен Мақышбай құдықшы қазған құдықтарға қысқаша
шолу жасар болсақ, олар; Ақжігіт маңайындағы құдықтар, Аққұдық ауылының
батыс беткейіндегі Мақышбай және Шөларан, Жарық, Шаларан т.б.
Құдықшы Мақышбай үстірттегі Жарық деген құдықты қаздырарда «осы жерден
қаз, үш кісі бойы қазғанда, астынан тақтай тас шығар, сол кезде маған
хабар берерсіздер» деп кетіп қалған. Айтқан мөлшерінде айтқандай тас
шығып, Мақышбай құдықшыға хабар берген. Ол кісі келіп, түйемен сексеуіл
тасытып, құдықты өртетіп, «келесі жылы осы кезге дейін ашуға болмайды»
деп жаптырып кеткен. Құдықты қаздырған бай келесі жылға шыдамай, ерте
ашқызған. Құдықты ашқан екі кісі сол жерде газдан уланып өлген. Соған
қарағанда «ол тас – сары күкірт болды-ау» деген болжам бар.
Мақышбай
Үстіртте талай құдық қаздырған. Сол кезде қасына ерген ағайындас
інілері Көкібай, Көкше ақсақалдар да берірек келгенше жер асты суын
болжаған. Бұл кісілердің ұрпақтары Өзбекстанның Гагарин қаласында
тұрады. Қаздырған құдықтары Өзбекстанның Тамды, Қаттақорған жерінде
«Адай құдық» деген атпен әлі тұр.
Ақжігіт маңайындағы құдықтар –
Ақжігіт ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 шақырым жердегі бірнеше құдық.
Мақышбай құдықшы қазған. Суы тұщы, тереңдігі 7-9 метр. Ертеде егін
салуға пайдаланылғанын көрсететін атыздар мен жаптардың орындары бар.
Сондай-ақ Бегей Мақышбай құдықшы Үстірттен Бегей Айдар ұлы Қарабастың
құдығын қазыпты. Қазіргі Оңтүстік Үстірттегі «Айдар Қарабас» сулары.
Еңбекақыға 120 бойдақ қой төлепті дейді.
Мақышбай және Шөларан
құдықтары. Ақжігіт ауылынан оңтүстік бағытында. Түлейге жақын
орналасқан. Тереңдігі 6-7 метр, суы алғаулы. Жоғарғы жағы шегенделіп
тастан ойып қазылған. Ерте кезде екеуінен де егін суарылғаны жап
орындарынан байқалады, Қазір тек мал суаруға пайдаланылады. Құдықты
Мақышбайдың қазғаны атынан-ақ белгілі. Ол тәжірибелі, білгір адам
болған. Жер астындағы судың бар жоғын таңертең тұрып, құлағын жерге
төсеп тыңдап және таяқ лақтырып қарап анықтаған. Мақышбай құдықшының
қазған қазіргі таңдағы құдықтар тізімін осылар ғана құрап отыр, бірақ
алдағы уақытта тағы да басқа, әлі де болса анықталмаған, сыры ашылмаған,
Маңғыстаудың тұнған тарихынан көп мәлімет беретін- құдықтар жайында
өлкетанушылар мен зерттеушілер аянбай еңбек етуде.
Сонымен, жоғарыда
атап көрсетілгендей ұлан ғайыр ұлы даламызда өшпес мұра қалдырған
әйгілі шебер, аты аңызға айналған құдықшы – Қараш Бейнеубай Құлшарұлы
жайында сөз етпекпіз. Бейнеубай Құлшарұлы 1864 жылы туылған. Бабық
руының ғұламасы Таймас ишанның шәкірті болған. Қай жерден су шығатынын
білген керемет құдықшы, талай елдің шөлін қандырып, сауабын алған ерекше
қабілетті, көріпкел адам болыпты. Маңғыстау ойы, Үстірт үстіндегі мол
сулы жиырмаға жуық құдықтардың қазушысы, ел өміріне игілікті қызмет
еткен адам.
Ерекше көріпкелдігі бар құдықшы отызыншы жылдары
«көріпкел», «молда» деген атағынан қорқып, бас сауғалап, Иран жеріне
кетуге мәжбүр болады. Сөйтіп өлкеміздің атақты құдықшысы жат жерде көз
жұмды. 1941 жылы Иранда қайтыс болған. Зираты Иранда, Күмістөбе деген
жерде. Өзгеруі жылдам заманда, аты аңыз айналған құдықшы Бейнеубай
атамыздың қазіргі таңдағы ұрпақтары бұл қазақтың қайратты өрен
ұлдары... Қазір оның Іңірбай, Әлпейіс, Асқарбай деген ұлдарынан өрбіген
ұрпақ Маңғыстау өлкесінде еңбек етіп, өмір сүруде.
Қойнауы байлық
пен тарихқа толы Маңғыстау - Құтты қоныс, қасиетті «жеті жұрт келіп,
жеті жұрт кеткен жер» екені анық. Тәуелсіздік таңы атып, нарықтық
эканомика үрдісіне ілескен кезеңде, бұл өңірдің Ертеңінің жасампаз
істерге, Болашағының жарқын күндері толы болатынына сендіреді, дәулеті
тасыған берекелі Маңғыстау өлкесі тұрғындарының жүрегіне зор мақтаныш
сезімін ұялатады. Сондықтан ата-бабаларымыздың айғақты мұралары болып
табылатын құдық-шыңыраулар жайында жас зерттеушілер, алдағы уақытта
өздерінің тың айғақтарымен, тарих толқынына зерделі із қалдырады деп
сенеміз.
Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы
Қор бөлімінің меңгерушісі Яриханова А.К.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бейнеу - Алматы, 2002
2. Белгілі ерден Бегей бар
Б. Шалабай - Алматы, 2007
3. Әбіш Кекілбаев – суреткер
Ж. Дүйсенбаева - Алматы, 2002, т.б.
Дуңгірлік құдығы Сай-Өтестен 56 шм
шығыс бағытта орналасқан
Бернияз құдығы- Қарақия ауданы Төлеп жерінен 130 шм солтүстік-шығыс бағытта
орналасқан. Тереңдігі -23 м.
Алан құдығының
ішкі көрінісі
24 наурыз 2023
МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҚАСИЕТТІ НЫСАНДАРЫ
2 сәуір 2021
Шежірелі Шерқала
5 наурыз 2021
Сүйінқара Үргенішбайұлы
5 наурыз 2021
Маңғыстаудағы Бекет ата мешіттері
18 сәуір 2020
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні
6 ақпан 2020
АЛТЫНҚАЗҒАН КЕШЕНІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
17 қаңтар 2019
Дәстүрлі дін: ата-баба жолымен
17 қаңтар 2019
Қошқартас
17 қаңтар 2019
Асыл көзі
17 қаңтар 2019
Тарихи-мәдени мұрамызға мұқият болайық
9 қаңтар 2019
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстаудың қасиетті нысандары толықтырылды
9 қаңтар 2019
Қаңға жеріндегі Махтум-баба мешіті
31 қазан 2018
Тобықты жеріндегі Бекет-ата жерасты мешіті, XVIII-XIX ғғ.
23 қазан 2018
Махтум баба мешіті
23 қазан 2018
Қыз-әулие - киелі орындар тізіміне енгізілді
23 қазан 2018
Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтау және салтанатқа қатысқан кейбір тарихи тұлғалар туралы
23 қазан 2018
Облыс аумағынан жаңа тарихи-мәдени мұралар анықталды!
22 қазан 2018
Маңғыстау ескерткіштері киелі орындар тізіміне енгізілді
22 қазан 2018
Маңғыстаудан шыққан Құлбарақ батыр
22 қазан 2018
Дін және дәстүр
26 қыркүйек 2018
Маңғаз Маңғыстау, ажарлы Ақтау!
31 шілде 2018
Маңғыстаудың – қасиетті рухани құндылықтары
2 шілде 2018
Асқақтай бер – Астана!
4 сәуір 2018
Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары
Соңғы хабарлар
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023
"Тұлпар" жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды
 22 мамыр 2023
Қарақия ауданына қарасты орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылған жылжымалы көрме
 20 мамыр 2023
"Жылдың Үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы"✨✨✨
 20 мамыр 2023