Дін және дәстүр

 

Қазақ – сонау көнеден бастау алатын тарихы бай халық. Оның сол көнеден бүгінге дейін жеткен сан-салалы мәдениеті, әдебиеті, тілі, тарихы, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі қалыптасқан. Қазақ жеріне Исламның келгеніне 12 ғасырдан асқандығын, халқымыздың мың жылдың үстінде ислам дінімен өмір сүргендігін ескерсек, халықтың бойына сіңген, өмірінен орын алған әдет-ғұрып пен дәстүрімізге ерекше мән берілу қажеттілігі айқындалады. Себебі, дәстүр халықтың күнделікті тыныс-тіршілігі мен танымының іс-жүзінде қалыптасқан көрінісі деген бағытпен 16 мамыр күніМаңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығында «Дін және дәстүр» атты тақырыпта танымдық кеш өткізілді. Мақсаты-  жасөспірімдер арасында діни экстремизм және терроризм идеологиясының таратылуына жол бермеу, рухани құндылықтарды сақтау, насихаттау.

Осыған орай, бұл кездесу кешіне арнайы құрметті қонақтар – Маңғыстау облысының «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Тілегенов Ақарыс, Дін істер басқармасының маманы – Аталықова Жұлдыз шақырылды. Сонымен қоса осы іс-шараға болашақ жастардың қолында демекші «Маңғыстау энергетикалық колледжі» студенттері келіп қатысты.

Мұсылман болу үшін тек мұсылмандық сауат болуы жеткіліксіз. Ұлттық (қазақтық) ар болуы керек. Ислам – ізгілік, адамгершілік діні. Ұлы тәлімгер Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Шын мұсылман – тілі мен қолынан ешкімге зияны тимейтін адам» – депті. Дінді дұрыс түсіне білмеген, оны даналықпен өміріне ендіре алмаған адамның кінәсі. Әйтпесе, кемелдік – Аллаға, кемшілік – адамға тән екені белгілі. Есті де ақылды адамдардың барлығы да бір үлкен Сенімнің керек екенін сезеді. Тазалықтың қажетін біледі. Ендеше сол іздеген Сенімдер мен Жақсылықтардың бәрінің бастауында Ислам тұр. Кез келген адамзат баласының негізгі рухани ұстанымы болады десек, ол – Ұлты, Діні және Отаны. Міне, осы үштаған, сіздің үш тірегіңіз. Қай елге, қай жерге бармаңыз, «Сіз кімсіз?» дегенде ұлтым – Қазақ, дінім – Ислам, Отаным – Қазақстан дейсіз. Және оны мақтанышпен, нық айтасыз – деп наиб имам Ақарыс мырза жастарға  бағыт-бағдар берді.

Ал енді ұлттық салт–дәстүрлер туралы айтар болсақ, олар Исламға дейінгі заманнан бастау алып, Ислам арқылы шариғат пен сүннетке негізделіп күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан біздің өмір сүру дағдымыз болып табылады. Халқымыздың салт–дәстүрінің кез келген түрінің түбінде ислами тамыр жатқанын байқаймыз. Дүниеге келген баланың азан шақырылып ат қойылғанынан бастап, дүниеден өткен адамның жаназасын оқып, жер қойнына бергенге дейін, яғни тал бесік пен жер бесікке дейінгі аралықта көптеген дәстүрлеріміздің Исламнан нәр алғанын байқайсыз. Сондықтан да Ислам мен дәстүріміздің арасындағы қарым–қатынас өте тығыз, айырып ажырату оңай емес. Ал ұлттың құндылығы – мәңгі өзімен бірге жасасып келе жатқан тілінде, салт–дәстүрінде, ұлттық өнерінде. Дәстүрдің бір сипаты – тұрақтылығында. Оны қаласа өзгертіп, қаламаса өшіріп тастайтын бір адамның меншігі емес. Дәстүрдің тағы бір артықшылығы -оның өміршеңдігінде, қанға сіңіп, күнделікті өмірге қалыптасқандығында.Сондықтан дін мен дәстүрді біте қайнастыру үшін халықтың діни сауатын арттырып, оған мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді әлі де күшейтуіміз қажет.

Қорыта келе, дін мен дәстүрді тату тірлікке ұластырып, ата-баба жолынан үлгі-өнеге алатын салиқалы ұрпақ болып қала берейік. Келе жатқан қасиетті Рамазан айы барша Қазақ халқына берекелі ай болсын. 

Нұрай  Бабитаева 

Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының маманы

 

Жарияланған күні: 22 қазан 2018




24 наурыз 2023

МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҚАСИЕТТІ НЫСАНДАРЫ

2 сәуір 2021

Шежірелі Шерқала

5 наурыз 2021

Сүйінқара Үргенішбайұлы

5 наурыз 2021

Маңғыстаудағы Бекет ата мешіттері

18 сәуір 2020

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

6 ақпан 2020

АЛТЫНҚАЗҒАН КЕШЕНІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

17 қаңтар 2019

Дәстүрлі дін: ата-баба жолымен

17 қаңтар 2019

Қошқартас

17 қаңтар 2019

Асыл көзі

17 қаңтар 2019

Тарихи-мәдени мұрамызға мұқият болайық

9 қаңтар 2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстаудың қасиетті нысандары толықтырылды

9 қаңтар 2019

Қаңға жеріндегі Махтум-баба мешіті

31 қазан 2018

Тобықты жеріндегі Бекет-ата жерасты мешіті, XVIII-XIX ғғ.

23 қазан 2018

Махтум баба мешіті

23 қазан 2018

Қыз-әулие - киелі орындар тізіміне енгізілді

23 қазан 2018

Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтау және салтанатқа қатысқан кейбір тарихи тұлғалар туралы

23 қазан 2018

Облыс аумағынан жаңа тарихи-мәдени мұралар анықталды!

22 қазан 2018

Маңғыстау ескерткіштері киелі орындар тізіміне енгізілді

22 қазан 2018

Маңғыстаудан шыққан Құлбарақ батыр

22 қазан 2018

Дін және дәстүр

26 қыркүйек 2018

Маңғаз Маңғыстау, ажарлы Ақтау!

31 шілде 2018

Маңғыстаудың – қасиетті рухани құндылықтары

2 шілде 2018

Асқақтай бер – Астана!

4 сәуір 2018

Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары

12

 

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28