Махтум баба мешіті

 Махтум баба мешіті Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласынан 25 км шығыс бағытта орналасқан. 

Алғаш рет 25.03.1982 жылы Халық депутаттарының Маңғышлақ облыстық кеңесі атқару комитетінің №121 шешімі бойынша мемлекеттік қорғауға алынған. Шатқалда (1851 ж. мамыр айында) Т.Г.Шевченко болған және зираттың бір көрінісінің суретін салған. Осыған орай шатқал жарларының бірінде ескерткіш тақта орнатылған. 

Қаңға баба шатқалы бұрынғы заманда «Маңқышлақ кемежайларынан» Хорезмге, Хиуаға баратын керуен жолындағы маңызды орыны болған. Ол көптеген саяхатшылардың және зерттеушілердің назарын өзіне аударған. Ескерткіштер кешені ежелгі қоныс үшін ыңғайлы, көрнекті өңірде – біртіндеп кең алқапқа ауысатын Үстірттің оңтүстік жақ баурайында орналасқан. Кешеннің басым бөлігін (орталық және шығыс жағын) көне түркімен ескерткіштері – негізінен тас белгілер, «қойтас» түріндегі қабіртастар; жәшік-сандықтас; ішінде орнатылған қабіртасы бар тақта тастардан жасалған қоршаулар; сонымен қатар шырақ ойығы бар тас белгілерорналасқан. Зиратта ескерткіштердің сирек пішіндері кездеседі. Олардың қатарына ең біріншіден қой мүйіздерінің және омыртқаның бедерлі бейнесіне ие, бірақ кәдімгі мәнерленген «қойтас» композициялық кестесін сақтайтын «қошқартас» түріндегі мүсіндік мәнерлі қабіртастарды жатқызуға болады. Зираттың батыс бөлігін 18-20 ғғ. жататын қазақ ескерткіштері алып жатыр. 

  Қаңға баба ескерткіштерінің кешені күрделі және Үстірт жарының астындағы батыс жағындағы сайдың маңында, жыныстық қабаттар арасынан ағып тұрған таза су жақта орналасқан ежелгі тұт ағашының шоқ орманынан, төменде тұрған қорымнан (зират көлемі 1,25 м) және Махтум баба мешіті, шығыс бағытында Қаракөз күмбезтамы, сонымен қатар қорымнан жоғарырақ, шығысқа қарай шеткері сайда орналасқан кейінірек уақытта салынған ауыл (мектеп-интернат) ғимараттарының қалдықтарынан тұрады. Қабірүсті ескерткіштерінің кішігірім бөлек топтары мешіттен батысқа қарай, дөң төбелерімен баурайларында шашылып жатыр. Жалпы ескерткіш Шақпақ ата, Бекет ата (Оғланды), Үлкен Жабысқы, Сұлтан үпі және т.б. сияқты көрнекті ескерткіштер қатарына кіретін сирек сәулеттік-ландшафты кешен болып табылады. Қаңға баба кешенінің қалыптасуы осы өңірдің ыңғайлылығымен және су көздерінің болуымен байланысты болған – оғыз-қыпшақ кезеңінде (11-13 ғғ.) мұнда Маңғыстаудың көшпелі халқының әулиелі танылған, су бұлақтарға және тұт ағаштарына тағзым етуге негізделген ғибадатханасы болуы әбден мүмкін. Тұт ағашының ғұрпы өткен замандарда Арал-Каспий өңірінің халықтарында кең тараған және исламға дейінгі терең тамырларға ие. Этнограф Г.П.Снесарев бұл ғұрыпты Хорезм тұрғындары арасында тараған ағашқа тағзым етумен байланысты басқа ежелгі нанымдар контекстінде: «Жемістігі мол тұт ағашына қатысты нанымдар да аз емес (жиде ағашымен салыстыра қарағанда). Көптеген кәрі тұт ағаштары «әулиелі» ретінде құрметтеледі. Хиуа маңын мекендеуші халық арасында тұт ағашын шабуға қатысты көнеден келе

жатқан тиымдар туралы да әңгімені әлі күнге айтады; соның ішінде, қураған бұтақты қасиетті сөздер айтып кесу шарт болған....». Қаңға баба өңірінің ертеректегі сипатталуына қарағанда мұнда қазақтар аса құрметтеген тұт ағашының үлкен шоғыр орманы болған. Шоғырланып

сақталған тұт ағаштарының көбісі өте кәрі (диаметрі 1,5 м дейін) және жақсы жемістейді. Мұнда сонымен қатар өзен бойында жалбыз мол өседі. Осының бәрі кермет салқындық және хош иіс беріп тұрады. 

Қорымнан 200 метр оңтүстік-батыста шамамен ғ.ғ-да салынған Махтум баба мешіті орналасқан. Мешіт жайлы қыпшақ-оғыз заманының керуен сарайының ғимараты кейінгі ғасырларда мектеп-медресе ретінде пайдаланып тұрғандығы туралы әңгімелер бар. Жоспарда мешіт үлкен және кіші бөлмелерден тұратын көп камералы құрылыс болып келген, камералары әр түрлі бір-бірімен қуыстар арқылы байланыстырыла шығарылған. Қабырғалары саз балшық араластырыла жартылай өңделген тастардан көлденеңінен және қиғаштала қаланған. Құрылыстың қиранды қалдықтарына қарап, бастапқы кезде күмбезді құрылыс болуы мүмкін деген жорамал бар.

Имам Хусейннің ұрпақтарынан шыққан қасиетті Махтум баба ол Маңғышлак жеріне, курекал түрікмендері өмір сүретін, бұрынғы  Персия жерінен  келді, көп ұзамай оған мюридтер  келе бастады және олардың саны айтарлықтай көп болды; бұл кезде Қанға аймағында бірде-бір  ағаш болмады. Бір күні мюридтер  Махтум бабаға келіп, бау-бақшаға  серуендеуге рұқсат сұрады. Оған жауап ретінде Махтум баба былай деді: «Бүгін ешқайда бармаңыздар; егер ертең жақын маңнан бақша  таба алмасаңыз, онда сіздерді жіберуге рұқсатымды беремін». Мюридтер  оған мойынсұнып қалады, келесі күні таңертең олар жақын маңдағы таудың барлығы көздің жауын алатын көптеген ағаштармен жабылғанын көреді. 

Бұл ғажайып көрініске таң қалған олар, Махтум бабаға келіп, оның аяғына жығылып, күнәләрі үшін өкініштерін білдіреді. Бұдан кейін Махтум бабаның мюридтерінің саны көбейіп, бірнеше мыңға жетті. Махтум баба қайтыс болғаннан кейін бақшалар жойылып кетті; осы заманға дейін  тек бірнеше тұт ағаштары ғана сақталып қалған.

Бір ғажайыптың күшімен Сұлтан-үпі жазығында тағы да бақшалар пайда болады. Бұл былай болды: бір кездері Хейрулла-Сопы тәубеге келіп, тақуалық ойға батып  отырғанда, оған бірнеше адам  бір жағынан, екінші жағынан тағыда адамдар келіп әңгімелесе бастады; қасиетті адамдар жайында әңгіме қозғалды, кейбіреулері Сұлтан-үпінің барлық қасиетті адамдарына артықшылық берді, басқалары Махтум бабаны пір тұтып, әсіресе бір сөзбен шөл дала тауларын бақшаға айналдырып жібергендігін алға тартты. Мұны естіген Хейрулла-сопы былай деді:

Егер Махтум баба бір сөзбен бақтар отырғызса, менде Сұлтан-үпінің кереметтерінің титтей ғана бөлігі болса соны көрсетейін. Тауға көтеріліп, жазыққа қарасаңыз, онда Сіз өзіңіз қалаған бақшаларды көресіз.

- Сен ақылыңнан адасыпсың! Не айтып тұрғаныңды өзің білмейсің, депті Махтум бабаның жақтастары.

Бұны естіген Хейрулла сопы ашуға булығып «хюве хак» (бұл ақиқат), cекіріп бір орнында шыр айналып, содан соң тауға жүгіріп,барып құлады, сол жердегілер артынан еріп үлкен кеңістіктегі жазықтың тамаша ағаштармен жабылғанын көреді. Құдайды дәріптеген мюридтер Хейрулла-сопының аяғына жығылып, оған адал серіктесіне айналды .

Дерек көзі:

1.1873 жылы Тбилиси (Тифлис) қаласында басылып шыққан «Предания адаевцев о святых секты ханафие, живших и умерших на Мангышлаке// Сборник сведений о кавказских горцах» 7-ші шығарылымында жазылған аңыз деректері;

2.С.Е.Әжіғали «Архитектура кочевников. Феномен истории и культуры Евразии». – Алматы, 2002 ж.; 

3. Маңғыстау МТМҚ ММ материалдары.

«Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» 

А.К. Яриханова

 

Жарияланған күні: 23 қазан 2018




24 наурыз 2023

МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҚАСИЕТТІ НЫСАНДАРЫ

2 сәуір 2021

Шежірелі Шерқала

5 наурыз 2021

Сүйінқара Үргенішбайұлы

5 наурыз 2021

Маңғыстаудағы Бекет ата мешіттері

18 сәуір 2020

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

6 ақпан 2020

АЛТЫНҚАЗҒАН КЕШЕНІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

17 қаңтар 2019

Дәстүрлі дін: ата-баба жолымен

17 қаңтар 2019

Қошқартас

17 қаңтар 2019

Асыл көзі

17 қаңтар 2019

Тарихи-мәдени мұрамызға мұқият болайық

9 қаңтар 2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстаудың қасиетті нысандары толықтырылды

9 қаңтар 2019

Қаңға жеріндегі Махтум-баба мешіті

31 қазан 2018

Тобықты жеріндегі Бекет-ата жерасты мешіті, XVIII-XIX ғғ.

23 қазан 2018

Махтум баба мешіті

23 қазан 2018

Қыз-әулие - киелі орындар тізіміне енгізілді

23 қазан 2018

Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтау және салтанатқа қатысқан кейбір тарихи тұлғалар туралы

23 қазан 2018

Облыс аумағынан жаңа тарихи-мәдени мұралар анықталды!

22 қазан 2018

Маңғыстау ескерткіштері киелі орындар тізіміне енгізілді

22 қазан 2018

Маңғыстаудан шыққан Құлбарақ батыр

22 қазан 2018

Дін және дәстүр

26 қыркүйек 2018

Маңғаз Маңғыстау, ажарлы Ақтау!

31 шілде 2018

Маңғыстаудың – қасиетті рухани құндылықтары

2 шілде 2018

Асқақтай бер – Астана!

4 сәуір 2018

Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары

12

 

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28