Маңғаз Маңғыстау, ажарлы Ақтау!

2018 жылы 26 қыркүйек күні сағат 10.00-де «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ «Маңғыстау облысына 45 жыл, Ақтау қаласына 55 жыл толуына орай, «Маңғаз Маңғыстау, ажарлы Ақтау» танымдық кеші болып өтті.

Іс-шараның басты мақсаты, Елбасы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласындағы мəдени-идеологиялық, рухани жаңғыруымызды баянды ету. Маңғыстау облысына 45 жыл, Ақтау қаласына 55 жылдық мерейтойы қарсаңында тыңнан түрен тартқан ардагерлердің ерлікке пара-пар еңбегі, кейінгі ұрпаққа өнеге болар ерен істері жайында көбірек айтылып, өңірде болып жатқан өзгерістерді, жаңалықтарды жалында жастарымызға насихаттау, жеткізу болып табылады.

Іс-шараның жүру барысы бойынша «Маңғаз Маңғыстау, ажарлы Ақтау» тақырыбында баяндама оқылып, Маңғыстау облысының құрылуы, Ақтау қаласының көркейіп әсем қалаға айналуы жайында слайд дайындалып, көрсетілді. Аталмыш іс-шараға «Маңғыстау энергетикалық колледжі» студенттері және «Нұр Отан» партиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы Ардагерлер тобының мүшесі, қаламыздың құрметті азаматы Шошақов Марат және «Огни Мангистау» газетінің тілшісі, ардагер журналист Ғалия Кеңесбаева қатысты. Құрметті қонақтарымызға  сөз кезегі беріліп, қатысушы білімгер жастарымыз бен келуші қонақтарымыз арасында сұрақтар қойылып, пайымды жауаптар алынып, өнегелі әңгіме өрбіп, біз білмейтін тың деректер айтылды. Және де келген көрермендерімізге  «Маңғыстау ескерткіштері» тұрақты көрме бойынша экскурсия өткізілді. «Маңғыстау өнер колледжінің» білімгерлері Есенғалиев Айсұлтан және Мұхамбет Сандуғаш өздерінің «Маңғыстауға арнау» атты жыр-термелерін орындап қатысушылар әдемі көңіл күйде болды. Мұндай іс-шаралар легі біздің тарапымыздан әлі де көп жалғасын табады.


«Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» бөлім меңгерушісі 

А.К.Яриханова


 

 

 

Жарияланған күні: 26 қыркүйек 2018




24 наурыз 2023

МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҚАСИЕТТІ НЫСАНДАРЫ

2 сәуір 2021

Шежірелі Шерқала

5 наурыз 2021

Сүйінқара Үргенішбайұлы

5 наурыз 2021

Маңғыстаудағы Бекет ата мешіттері

18 сәуір 2020

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

6 ақпан 2020

АЛТЫНҚАЗҒАН КЕШЕНІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

17 қаңтар 2019

Дәстүрлі дін: ата-баба жолымен

17 қаңтар 2019

Қошқартас

17 қаңтар 2019

Асыл көзі

17 қаңтар 2019

Тарихи-мәдени мұрамызға мұқият болайық

9 қаңтар 2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстаудың қасиетті нысандары толықтырылды

9 қаңтар 2019

Қаңға жеріндегі Махтум-баба мешіті

31 қазан 2018

Тобықты жеріндегі Бекет-ата жерасты мешіті, XVIII-XIX ғғ.

23 қазан 2018

Махтум баба мешіті

23 қазан 2018

Қыз-әулие - киелі орындар тізіміне енгізілді

23 қазан 2018

Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтау және салтанатқа қатысқан кейбір тарихи тұлғалар туралы

23 қазан 2018

Облыс аумағынан жаңа тарихи-мәдени мұралар анықталды!

22 қазан 2018

Маңғыстау ескерткіштері киелі орындар тізіміне енгізілді

22 қазан 2018

Маңғыстаудан шыққан Құлбарақ батыр

22 қазан 2018

Дін және дәстүр

26 қыркүйек 2018

Маңғаз Маңғыстау, ажарлы Ақтау!

31 шілде 2018

Маңғыстаудың – қасиетті рухани құндылықтары

2 шілде 2018

Асқақтай бер – Астана!

4 сәуір 2018

Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары

12

 

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28