Маңғыстаудан шыққан Құлбарақ батыр

Маңғыстау - тарихи шежірелерге бай өлке. Осы тарихи шежірелерімізді намысты қолдан бермей елін қорғаған батырлардың есімдері мен ерлік істері дәлелдейді. Қасиетті жерімізді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап қалған батырлардың ерен ерлігі ұрпаққа өнеге. Қазақ халқы ел қорғаған батырларының өшпес ерлігін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған. «Елінің даңқын батыр да шығарады, ақын да шығарады» дегендей мақала ерлігі мен әруағы жарқылдаған киелі Маңғыстаудан шыққан Құлбарақ батыр жайында болмақ.

 

Құлбарақ қорымы - Маңғыстау ауданы, Шетпе селосынан 36 км солтүстік бағытта орналасқан. Қорымның пайда болуы шамамен XVIII-XIX ғғ. жатқызылады. 1984 ж. СНРПМ «Манғышлакреставрация»  Рягузова О.П-ның жетекшілігімен экспедиция жұмыстары жүргізілді. Қорым алғаш рет 24.10.1987 жылы Халық депутаттарының Маңғышлақ облыстық советі атқару комитетінің №496 шешімімен мемлекеттік қорғауға алынған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясындаҚұлбарақ батыр кесенесі өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізімінің қатарында

Құлбарақ Табылдыұлы (1790-1832) маңғыстаулық Беріш (қаратоқай) руынан шыққан. Өмір сүрген кезеңі қазақ халқының басына зобалаң мен үлкен қайғы-қасірет әкелген аласапыран жаугершілік заманына тап келеді. Діни оқуы бар Құлбарақтың таным-түйсігі мен сезім болжамы ерекше болған. Жорыққа аттанар алдында намазға жығылып, соғыстың сәтсіз аяқталатынын білсе де жауға қарсы аттанған деседі. Оның батырлығымен қоса әулиелігі әруақтап ұран шақырғанда аспанды қара бұлт торлап, дауыл соғып, жаудың үрейін алған екен. Құлбарақтың атасы - Есболай ең алғаш Маңғыстауға келіп, табан тіреген қазақтардың көшбасшыларының бірі болған. Есболай әулеті Арал теңізінің терістік жағасындағы Борсық деген жерді мекендейді. Халқына қорған болған Есболайдың қазақтың басқа да рулы елдеріне де көмегі тиген. Есболай тұқымдары - ерлік пен жауынгерлікке тәрбиеленген жаппай батыр болған. Құлбараққа отансүйгіштік қасиет ана сүтімен, Қаратоқай, Есболай, Итемген секілді жоңғарлар мен қалмақтарды ойсыратқан, қазақ жерін жаудан қорғаған ержүрек ата-бабаларынан дарыған. Әкесі Табылды да Атырау мен Маңғыстауды Хорезм басқыншыларынан қорғаған айтулы батыр болған. Ол жоңғар қалмақтарына қарсы жорықтарға белсене араласып, үлкен ерліктер көрсеткен. 

XIX ғ-дың 30 жылдарында болған қазақ пен хиуалық түрікпендер (яғни адай мен жәуміттер) арасында Маңғыстаудың Бозашы-Қабақты деген жерінде отырған Сүйінқараның ауылын Хиуа ханы Аллақұлдың Сүйінпұшық деген уәзірі бастап келген қалың қол шауып кетеді. Қазақ батырлары оларды қуып келіп, Қарнау деген жерде үлкен шайқас болады. Қарнау қырғынын Абыл ақын өз жырында, яғни Қырғынсай деген жерде болған оқиғаны ерекше сипаттайды. Шайқаста Мәмбетнияз күшбегі басқарған түрікмендердің қолы қазақтардан көп болады.Осы қақтығыста түркмендер “Сүйінқараның басын алып келіңдер” деген Аллақұл ханның жарлығын орындаймын деп жүріп, түркменмен шабысып, алдыртпай арпалысып жүрген Сүйінқара мен Құлбарақты шатастырып алыпты. Қалың жаудың ішінде жалғыз қалып қойған Құлбарақты сыртынан түрікмен Назар келіп, қылышымен мойнын шауып түсіреді. Домалап жерге түскен басты Назар қоржынына салып алады. Аңыз бойынша басты хан алдына әкеліп көрсеткенде әлгі бас миығынан күліпті делінеді. Аллақұл хан бұл Сүйінқараның басы емес, бір мұсылманның әруақты асыл батыр азаматының басы екен. Ақ жуып, арулап, қауымға қойың деген екен. Құлбарақ батырдың басы Хиуа өңіріндегі Махмұт палуанның күмбезінде жерленген. Ол жер «Бас әулие» деп аталады. Ал Құлбарақ қорымында денесі жерленген. Майдан даласында бассыз денені батырдың арқасындағы меңі арқылы тапқан делінеді. Құлбарақ әулиенің екі жердегі бейітіне де  зиярат етушілер көп келеді. Ел сыйынған әулие бабамыз туралы тарихи деректер маржан сөздің жауһарлары - Абыл, Мұрат Мөңкеұлы секілді ақындардың еңбектері арқасында осы күнге жеткізілді.Құлбарақ әулие басына қонғанда тек Құлбараққа ғана емес, сол қорымдықтағы Құсан әулие мен Бекжан әулиеге де шырақ жағылады. Бүгінде қорым басына Құлбарақ әулиеге арналған түнемелік үй салынған. 1991 жылы Беріш ата ұрпақтары   үлкен мешіт ғимаратын салдырып, ескерткіш тақта қойғызды. 2000 жылы Құлбарақ атаның туғанына 210 жыл толуына орай Тілеген Кенжебекұлының бастамасымен қазіргі заман үлгісінде дулыға тәрізді ақ кесене орнатқан. Авторы  - мүсінші Әбіш Кенжебаев.

Құлбарақ батыр - ел басына күн туған жаугершілік заманда ел мүддесін қорғаған батыр, әулиежәне сан қырлы қасиет иесі.Бүгінде батырдың аянбай еткен ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, батылдық пен батырлықтың өшпес үлгісіне айналды. Сондықтан, халық арасында айтылып журген аңыз-әңгімелер құнды дүние болып сақталады.

Пайдаланылған дерек көзі: 

1.«Маңғыстау ақын-жазушыларының кітапханасы» Бисембі Әріпұлы, Өмірзақ Озғанбай шығармаларынан мәліметтер;

2. Маңғыстау МТМҚ ММ мұрағатының материалдары.


Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қор секторы меңгерушісі 

Марал Ермұханқызы

Жарияланған күні: 22 қазан 2018




24 наурыз 2023

МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҚАСИЕТТІ НЫСАНДАРЫ

2 сәуір 2021

Шежірелі Шерқала

5 наурыз 2021

Сүйінқара Үргенішбайұлы

5 наурыз 2021

Маңғыстаудағы Бекет ата мешіттері

18 сәуір 2020

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

6 ақпан 2020

АЛТЫНҚАЗҒАН КЕШЕНІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

17 қаңтар 2019

Дәстүрлі дін: ата-баба жолымен

17 қаңтар 2019

Қошқартас

17 қаңтар 2019

Асыл көзі

17 қаңтар 2019

Тарихи-мәдени мұрамызға мұқият болайық

9 қаңтар 2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстаудың қасиетті нысандары толықтырылды

9 қаңтар 2019

Қаңға жеріндегі Махтум-баба мешіті

31 қазан 2018

Тобықты жеріндегі Бекет-ата жерасты мешіті, XVIII-XIX ғғ.

23 қазан 2018

Махтум баба мешіті

23 қазан 2018

Қыз-әулие - киелі орындар тізіміне енгізілді

23 қазан 2018

Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтау және салтанатқа қатысқан кейбір тарихи тұлғалар туралы

23 қазан 2018

Облыс аумағынан жаңа тарихи-мәдени мұралар анықталды!

22 қазан 2018

Маңғыстау ескерткіштері киелі орындар тізіміне енгізілді

22 қазан 2018

Маңғыстаудан шыққан Құлбарақ батыр

22 қазан 2018

Дін және дәстүр

26 қыркүйек 2018

Маңғаз Маңғыстау, ажарлы Ақтау!

31 шілде 2018

Маңғыстаудың – қасиетті рухани құндылықтары

2 шілде 2018

Асқақтай бер – Астана!

4 сәуір 2018

Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары

12

 

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28