Соңғы хабарлар
 09 желтоқсан 2021
«Тәуекелмен келген Тәуелсіздік»
 30 қыркүйек 2021
«Маңғыстау тарихы ақын-жазушылар мен зерттеушілердің еңбектерінде»
 24 қыркүйек 2021
"Маңғыстаудың қасиетті нысандары" және "Сисем ата қорымы - сәулет ескерткіштерінің мұралары"
 03 қыркүйек 2021
Қала күніне орай өткізілген экскурсия
 01 қыркүйек 2021
1 қыркүйек - президент жолдауы
 04 маусым 2021
"4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні"
Маңғыстауға келсеңдер
Ақтау әуежайына табан тіреген әрбір адам облыс орталығына жеткенше жол бойына орнатылған ескерткіштерді тамашалайды. «Маңғыстаудың жеті кереметі» деген атауға ие болған бұл ескерткіштер арқылы қала қонақтары Маңғыстаумен алғашқы таныстығын бастайды.
Өйткені беймәлім елге алғаш рет аяқ басқан жанның сол жер туралы алғашқы түсінігі оның тарихы, табиғаты мен ескерткіштері арқылы қалыптасады. Сол арқылы жергілікті халықтың арғы-бергі тарихынан мағлұмат алып, ой түйеді. Әсіресе, ескерткіштер мен тарихи белгілер жүйелі, мағыналы салынса, сол елдің нені құрмет тұтатынын, ықылым заманнан бергі ата кәсібін көреді. Мұндай көрініс кез-келген жолаушыны бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз. Керісінше, оны жұмбақ өлкенің беймәлім құпиясын «білсем екен, көрсем екен» деген ой жетелей түседі.
