Балуанияз Мүсірепұлы кесенесі
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек селосынан 100 км шығыс бағытта орналасқан.
Координаталары: N 43°23' 34.30, E 54°33' 40.73.
Ескерткіштің сипаттамасы: Балуанияз (1818-1856 жж.) – Адайдың Келімберді-Шыбынтай атасынан тарайтын батыр. Маңғыстау адайлары мен түрікмен тайпалары, Хиуалықтар арасындағы соғыстар да ерекше көзге түскен, Балықшы руының батыр атағын алған тұлға.
Тарихи деректер, аңыз-аңгіме: Балуанияз батырдың ерлігі елін сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауда танылған. Екі ғасыр бұрын Ресей патшалығы және Хиуа хандығының қыспағында қалған Маңғыстау халқы екі елдің отарлау, басқыншылық саясатына да батыл қарсылық танытып отырған. Сол тарихи оқиғалардың бірі – Қараған-Босаға қырғыны.
1856 жылы көрші елдің басқыншылары тұтқиылдан шабуыл жасап, бейбіт жатқан қазақ жеріне баса көктеп кіріп келіп, ойран салады. Тыныштықта өмір сүріп жатқан қазақтарды жазықсыздан-жазықсыз қызыл қанға бөгіп, ұлдарын құлдыққа, қыздарын күңдікке алып, малдарын айдап елдеріне қайтады. Мұндай озбырлыққа шыдамаған қазақтың халық батыры Балуанияз
Мүсірепұлы Адайдың алпыс батырын бастап, дұшпанға қарсы шығады. «Ебелектің елу аңғары», «Қараған босаға» жерінде өздерінен үш есе көп қарсыластарының 200 әскеріне тойтарыс беріп, тізе бүгуге мәжбүретіп, 10 мыңдай адамды, малды аман алып қалып, елге жеңіспен оралған екен. Сол қанды шайқаста отыз сегіз жастағы бас батыр Балуанияз бен інісі Қорғанбек, серіктері Майлыбай, Ораз, т.б. батырлар шейіт болады. Сол қаза тапқан Қараған Босаға жеріне жауынгер серіктерімен жерленген. Қараған Босағаның ескі атаулары – Қалмақүйген, Қараоба (Қалмақ үйген қараоба болуы да мүмкін). Қазір бұл төбе батырдың атымен аталады. Осы сапарда Балуанияз батыр мінген құла атжау қолында кетеді. 11 айдай қараңғы қорада қамап ұстаған арғымақты далаға шығарып, аунап-қунауына жағдай жасаған тұста тұлпар босап кетіп, құрсаудан шығып, Маңғыстауға тартады. Жануарға ие бола алмаған қуғыншылар сан соғып қала береді. Сол кезде Балуанияз батырдың жылдық асын беруге дайындық жүріп жатқан еді. Киелі жануар арада қанша уақыт өтсе де, иесі тұрған жерге іздеп келіп құлап, жан тәсілім етеді. Мұндай құбылысқа риза болған жұртшылық көздеріне жас алып, батырдың тұлпарын адамша жерлеу рәсімін өткізеді. 1856 жылғы Хиуа ханының басқыншылығынан Маңғыстаудағы Адай тайпасын азат еткен, Қазақтың қаһарман батырларының сардары, балықшы Балуанияз батыр Мүсірепұлының соңғы жорығы туралы жыр мәңгі ел жүрегінде. Сол жырдағы Адайдың алпыс батырын қазақ халық шежірешісі ақыны Өмірзақ Қалбайұлы Сабыр-жырау Селбай ұлынан естіп, анықтап,жазып алған. Жорық жыршысы Қалнияз жырау Шопықұлы «Балуанияз батыр» атты дастан тудырып, Тұрмамбет батыр, Балта палуан, ту ұстаушы Асар сұпылардың есімдері менерліктерін жырға қосады.
Дерек көзі: Маңғыстау газеті 17.04.2008 ж. Тарихи-табиғи ескерткіштері (мақала).
__c0f90442e4ea54c509dca3cf750df749.jpg)
28 қараша 2020
Бекбаулы ата кесенесі
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды селосынан 14 км солтүстік-батыс бағытта, Ұланақ жерінде орналасқан.
Координаталары: N 44014 31.1” E 51033 36.1”.
28 қараша 2020
Барақ Сатыбалдыұлы кесенесі
Орналасқан жері: Бейнеу
ауданы, Тұрыш селосынан 13 шм оңтүстік бағытта орналасқан.
Координаталары: N 45°23' 19.45", E 56°15' 10.75".
Ескерткіштің сипаттамасы: Қорым 1993
28 қараша 2020
Балуанияз Мүсірепұлы кесенесі
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек селосынан 100 км шығыс бағытта орналасқан.
Координаталары: N 43°23' 34.30, E 54°33' 40.73.
28 қараша 2020
Атақозы батыр кесенесі
Орналасқан жері: Маңғыстау
облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосынан 18 км оңтүстік-батыс бағытта, Көне Бейнеудегі
Бекет ата мешітінің солтүстігінде 2 км қашықтықта орналасқан.
Координаталары:
28 қараша 2020
Айрақты тауындағы петроглифтер
Орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосынан 18 км солтүстік бағытта
орналасқан.
Координаталары: N 44°14' 49.11", E 52° 6' 25.04".
28 қараша 2020
Маңғыстаудың қасиетті нысандардың тізімі
1.
Айрақты
тауындағы петроглифтер
2. Атақозы батыр кесенесі
3. Балуанияз Мүсірепұлы
4. Барақ Сатыбалдыұлы кесенесі
5. Бекбаулы ата кесенесі
6. Бердалы батыр
7. Бозжыра тауы
8. Досан Тәжіұлы
Соңғы хабарлар
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023
"Тұлпар" жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды
 22 мамыр 2023
Қарақия ауданына қарасты орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылған жылжымалы көрме
 20 мамыр 2023
"Жылдың Үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы"✨✨✨
 20 мамыр 2023