Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі
Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Құнан некрополі, Темір Абдал (Шерқала) некропольдері, Үшкөз-Мейрам некрополі, Шілкөз-Мейрам некрополі, Қапаш мешіті, Күркіреуік, Олжа қыз күмбезтамы ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін жаңғырту, ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілген Қарауылкүмбет некрополдері, Ақмыш сайына мониторинг жүргізу, фотофиксациядан өткізу.
Іссапар бағыты: Ақтау қаласы – Жыңғылды – Құнан қорымы – Ақмыш – Темір Абдал (Шерқала) – Шілкөз-Мейрам – Шетпе – Үшкөз-Мейрам – Қапаш мешіті – Күркіреуік – Оңды – Олжа қыз – Қарауылкүмбет – Ұштаған – Шетпе – Ақтау қаласы.
Іссапар мерзімі: 27-30 сәуір 2022 жыл (4-күндік)
Іссапар құрамы: Қ.Бимағанбетова – «Ескерткіштерді қорғау және есепке алу» бөлімі маманы
Л.Бешакова – «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау» бөлімі маманы
А.Алғадай – «Ескерткіштерді қорғау және есепке алу» бөлімі маманы
Е.Қаздаев – көлік жүргізушісі
Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағында заңсыз (өз бетімен) жүргізілген құрылыстар анықталды: 2021 жылдың қыркүйек айында Ж.Сағындықов деген азаматтың жетекшілігімен қорымдағы Құнан-атаның қабіріне орнатылған №50 құлпытастың дәл іргетасы түбінен бастап құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жаңа кесене салынған. Жыңғылды ауылының әкімі С.Жұбанов қатысуымен заңбұзушылық әрекет бойынша акт толтырылды. Қазақстан Республикасының Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында заң бұзушы тұлғаны жауапқа тарту шараларын қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2013 жылы қорымдағы жаңа қойылымдар арасында халық композиторы Есір Айшуақұлына арналып 1989 жылы салынған мүсіні бұзылып қирауына байланысты, ескерткіштің орнына жаңадан төрт құлақты кесенетам орнатылды. Іссапар барысында №35 құлпытас, қойтас; №38 қойтас, №40 құлпытастардың айналасына әлдекімдер ракуш таспен қоршау орнатып қойғандығы анықталды.
Шілкөз-Мейрам қорымындағы №7 күмбезтамға әлдекімдер цементпен тастарының ашылған тұстарына сылақ жұмыстарын жүргізген және алдына «Руы Жеменей Қожамсүгір Бернияз ұлы Исан» деп тақтайша орнатып қойғаны анықталды.
№3 сағанатамға өз бетінше заңсыз қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген, сағанатам бетіне тақтайша жапсырып, сонымен қатар сағанатамға жапсарлас тас қалап қойған.
2019 жылы «Күркіреуік (Шудабай) қорымы» тарих және мәдениет ескерткіші аймағында заңбұзушылық әрекет анықталып, Руы Бәйімбет Сүгірәлі Мәмбетниязұлы Әкімнің ұрпақтары Қарақия ауданының тұрғыны Марат деген азамат қорымдағы есепке алынған кіші пішінді сәулет үлгісі саналатын №13 қойтастың сыртынан төрт қабырғалы кереге там құрылысын орнатты. Аталған азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңсыз құрылысты алып тастауға 1 ай уақыт беріліп, нәтижесінде ескерткіштің бастапқы келбеті қайта қалпына келтірілді.
Іссапар нәтижесінде 7 техникалық байқау актілері дайындалады, оның ішінде 220 объекттің инвентарлық нөмірлері жаңғыртылды, фотофиксация жұмыстары жүргізілді.
21 қараша 2022
Қарақия, Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 6-күндік іссапардың есебі
Іссапар мақсаты: аудандары бойынша Орталық Үстірт, Шығыс Үстірт, Оңтүстік-Шығыс Үстірті шыңдары аймақтарына археологиялық барлау жүргізу, тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, алғашқы есепке алу
13 қараша 2022
Бейнеу ауданы бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі
Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Иманбай күмбезтамы, Манашы некрополі, Көркембай мешіті, Атан-Таған некрополі, Тоқсанбай қонысы ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру, есепке алынған объектілердің инвентарлық нөмірлерін
20 қазан 2022
Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі
Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Қапам ата, Өмір некропольдері, Көккүмбет күмбезтамы, Қаламқас некрополі, Бәжі күмбезтамы, Нұрқара қошқартасы, Карақұдық, Қарабарақты, Тасым күмбезтамы, Мыңкісі, Қызан, Олжа, Алаторпа некропольдері,
12 қазан 2022
Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі
Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Бесбұлақ мешіті және некрополі, Қосмола күмбезтамы, Өтес, Сегізбай некропольдері, Шилі некрополі, Қызылтас (Дүйсенбай Бектұрұлы) мешіті, Бердалы некрополі, Қожакүмбет, Дорал Құлшық күмбезтардары,
22 маусым 2022
Түпқараған, Мұнайлы аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі
Іссапар мақсаты: Қалипан қорымы, Қалың-Арбат қорымы, Жылқыбай қорымы, Демеу қорымы, Сислам-ата қорымы, Қарағашты-әулие қорымы, Сағындық қорымы, Суат қорымы, Кенті-баба қорымы, Сұлтан-үпі жерасты мешіті, қорымы және сайы, Жиенәлі қорымы, Шат қорымы,
20 мамыр 2022
Маңғыстау аудандары бойынша жүргізілген 4-күндік іссапардың есебі
Іссапар мақсаты: мемлекеттік қорғауда тұрған Құнан некрополі, Темір Абдал (Шерқала) некропольдері, Үшкөз-Мейрам некрополі, Шілкөз-Мейрам некрополі, Қапаш мешіті, Күркіреуік, Олжа қыз күмбезтамы ескерткіштерінің техникалық жағдайларын тексеру,
13 сәуір 2022
Дала іссапары, ескерткіштердің техникалық байқау, құжаттандыру жұмыстары
1. Ақкетік қорымы 2015 жыл
2. Ақмыш саябағы, Ақбөбек мүсіні
3. Маяк мыс песчанный, ағаш мүсін. Бауыржан
4. Жұмыс сәті
5. Төлеген аулие 2021 жыл
6. Жоласқан мешіті. Бауыржан
Соңғы хабарлар
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023
"Тұлпар" жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды
 22 мамыр 2023
Қарақия ауданына қарасты орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылған жылжымалы көрме
 20 мамыр 2023
"Жылдың Үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы"✨✨✨
 20 мамыр 2023