Тарихи-мәдени мұрамызға мұқият болайық

«Тарихи-мәдени мұрамызға мұқият болайық»

  “Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығы” 1980 жылы негiзiн қалады.  Бүгiнгi таңда мемлекеттiк қорғауға 449  тарихи-мәдени ескерткіш қабылданған.  Оның ішінде көпшілігі археологиялық ескерткіштер тобы 253,  196 сәулет ескерткіштер құрайды. 13 мыңнан астам бөлек ескерткiштер есепке алынған. Оның iшiнде Республикалық дәрежеде қорғауға алынған ескерткiштер саны 21. Маңғыстаудың тарихи-мәдени мұраларын анықтау, есепке алу, зерттеу және насихаттау жөнiндегi жұмыстары нәтижелерiнде молынан жинақталған ғылыми – анықтама мәлiметтер қорықтың қорында сақталған. Қорықта ескерткiштердi есепке алу, археология, сәулет, экскурсия-көпшiлiк, қор бөлiмдерi жұмыс жасайды. Қорық жұмысының негiзгi мақсаты: археологиялық қазба жұмыстарын жүргiзу, ескерткiштердi қорғау, сақтау, есепке алу, ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргiзу болып табылады.

Маңғыстау облысы – тарихи-мәдени мұраларға барынша бай өлке. Және де ол бiраз жылдар бойы Қазақстанның археологиялық картасында ақ таңдақ күйiнде келдi. Дегенмен соңғы жылдары өткiзiлген қазба жұмыстарының нәтежелерi, ғылыми әлемде сенсация жасап, Қазақстан тарихының белгiсiз парақтарын ашты. Маңғыстаудың ғажайып археология ескерткiштерiнiң бiрi, атап айтқанда, тас ғасыры дәуiрiне жататын Қосқұдық 1,2 елдi – мекенi мен Үлкенқұдық жерлеу рәсiмi, қола дәуiрiнiң кезеңдерiне жататын Түбежiк 1,2, Сақақұдық, Ақтау, Дықылтас, Үлкенқұдық дiни-қабiрлеу кешендерiнде бағзы замандағы адамдардың дүниенiң жаратылуы, өмiр мен өлiм адамның жаны мен тәнi туралы түсiнiктерi нышанды түрде айқындалған. Темiр дәуiрi деп саналатын Бәйте, Меретсай, Сырлытам және Тасбас ғибадатханасы т.б. Орта ғасырлық кезеңдегi Қызылқала, Керуен-сарай, Ұлы Жiбек жолдарының тармақтары сақталған. Яғни алғашқы адамдардың тыныс- тiршiлiгiн өз басымыздан өткерiп көруiмен табиғи дүниенiң iске жарамдылығын ұғынасың. Маңғыстау облысының тарихын археологиялық және этникалық зерттеулерді жаңа бір сатыға көтеріп, ғалымдарға өлке тарихын терең, әрі жан-жақты зерттеуді жоғары технологиялар мен құрал-жабдықтардың көмегімен әлемдік деңгейдегі зертханалармен ынтымақтаса жүргізуге мүмкіндік беріп отыр. Тарихи-археологиялық зерттеулерді тың қарқынмен қолға алуға мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының маңызы зор. Өңірдің тарихи-мәдени мұрасының құндылығы мен маңыздылығы оның  тарихи-географиялық бірегейлігімен анықталады. Ерекше табиғаты бар өлке Каспий-Арал  аралығында этикалық және мәдени қауымдастықтарды екі ұлы әлемнің-оңтүстік жер өлшеуіші орталықтары мен көшпелі өркениеттің ортасындағы телқоңырдай болып қалыптасуына ықпал етті. Археологиялық ескерткіштердің аса мол шоғырлануы мен оларда сақталып қалған ақпараттың сапалылығы табиғи құрылыс материалы әк-ұлутастарды кеңінен қолдануға мүмкіндік берген геологиялық жағдайдың бірегейлігінің арқасында. Терең тамыры сонау тас дәуіріне дейін үзілмей алып баратын өзіндік Маңғыстаулық архитектуралық дәстүрдің қалыптасуы мен уақыт өткен сайын дами беруіне осы кен орындарын игеру себеп болды деген болжам бар. Осы өңірдегі адамзат тарихының алғашқы кезеңі-тас дәуірін зерттеу-келешектің ісі. Көне тас дәуіріне тән шеберханалар орнының шоғырланып жатуы бұл өңірден уақыт өте келе адамзаттың ата-бабасының қазбалы түрлерінің қалдықтарының табылуына септігін тигізуі де ықтимал.
Келер ұрпаққа қандай тарихи-мәдени мұра қалдыратынымыз –тарихшылар, археологтар, этнологтарды ғана емес, саясаткерлерді де, іскер адамдарды да т.б. толғандыратын маңызды жайт.
Кейінгі кезде Маңғыстау өңіріндегі ұлы даланың тарихын жаңа бетін ашамыз деген дақпыртпен қаншама баға жетпес ескерткіш тас-талқан болып қазылып, қазіргі күні аяқ асты болып бара жатыр. Қол­дарын­да металл іздеуші құрал­дары болса, ол археологтар емес. Арнайы ал­тын іздеп жүр­гендер Қара археологогтар,  нағыз археологтар ондай құралмен зерттеу жұмыстарын жүргізбейді. Ескерткіштерді жаппай қазу, қорғандарды аударып-төңкеріп, бульдозермен тегістеп кеткен кездеріде болды Кеңес үкіметі кезінде. Маңғыстау өлкемізде осы күнге дейін сақталған археологиялық ескерткіштердің көпшілігі біздің ата-бабаларымыз жерленген қорымдар.  Археологтардың тарапынан жаппай қазу, біздің ескерткіштеріміздің қадірін білмейтін бөгде этнос өкілдерінің көптеп енуі қазақ деген елдің көне дәуірдің ескерткішіне деген сакральді көзқарасын өзгертіп жіберді. Бұрын қорған-обаның жанынан дұға оқымай, ақ байламай өтпейтін қазақ енді оның тасын алып өзінің қорасына пайдалана бастады. Тас балбалдарды трактормен сүйретіп жүргендер пайда болды. Қазіргі таңдағы басты өзекті мәселе, археологиялық ескерткіштерімізді бас пайдасын көздеген қара археологтардан қорғау, осындай іс-әрекеттерді болдырмауға тырысайық. Осы күндер мемлекеттік қорғауда тұрған тарихи-мәдени ескерткіштерінің қорғау аймағында қорғалатын ландшафт және бақыланатын құрылыс аумағында ескерткіштерді қорғайтын  тиісті органдардың  рұқсатынсыз  жаңадан нысандар бой көтеруде. Олар түнеуханалар, адамды жерлеу, басына там салу, белгі қою,  жаңарту жұмыстары жүріп жатады. Осындай іс- әрекеттер ескерткіштің жалпы көрінісі мен бастапқы келбетіне нұқсан келтіреді. Сәулет үлгідегі тарихи-мәдени құнды  мұраларымызды көздің қарашығындай сақтауға ат салысайық.  Дүниежүзілік мәдениет аясында  бірегей тарихи мұрасы бар осы өлкенің өз ерекшелігін сақтайық ағайын.

Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының  директоры  Құлбаев  Нұрлан А. 

Жарияланған күні: 0




7 наурыз 2018

Тарихи мұра жанашырларына – Алғыс!

14 қараша 2017

Тарихын тасқа жазған шеберлер

20 қазан 2017

Мұнарлы төбе, мың белес

18 желтоқсан 2015

Маңғыстау ғашықтары

18 мамыр 2015

Өлі риза болмай, тірі байымайды

5 қазан 2011

Дана халқымның дара тұлғасы СҰЛТАН ЕПЕ

23 мамыр 2010

Маңғыстаулық ақын Түмен Балтабасұлы

6 мамыр 2009

Ақкетiктегi тарихи-мәдени мұраларымыз

15 сәуір 2008

18 сәуір – Ескерткіштерді қорғау күні

9 қаңтар 2007

Үйтолы ата мешiтi

12

 

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28