Үйтолы ата мешiтi

Қашанда  мәдениетi  жоғары  тарихи  танымы  орнықты,  ойы  сергек  елдiң  рухы  да  биiк болары  сөзсiз.   Осы  орайда  елбасымыз  қабылдаған “Мәдени  мұра”  бағдарламасы – мәдениетке  деген  көзқарасқа  маңызды  жоба  болып  отыр.

Қазақтың  тарихи-мәдени  ескерткiштерiнiң  көпшiлiгi  кең  байтақ  жерiмiзде  шашырап  орналасқаны  белгiлi.  Республикамызда  25  мыңнан  аса  тарихи-мәдени  ескерткiштер  болса,  оның  12 мыңнан  астамы  бiздiң  өлкемiзде  кез-келгендi  таңқалдырарлықтай  қайталанбас  үлгiлерiмен  ерекшеленедi.

Облысымызда  осы  тарихи-мәдени  құндылығымызды  сақтап  қалу  және  қорғау  мақсатында  1980 жылы  “Маңғыстау  мемлекеттiк  тарихи-мәдени қорық” мекемесi құрылды. Қорық  қарауындағы  мемлекеттiк  қорғауға  алынған  195 нысананың 20-ның  Республикалық  маңызы  бар.

Соның  бiрi  Таушық  елдi  мекенiнiң  батыс  шетiндегi  Сарықаспақ  дөңiнiң  үстiнде  орналасқан  Үйтолы  қорымы.  Ел  аузындағы  әңгiмелерге  сүйенсек: “Үйтолы  Пышанұлы  1820  жылдары  Таушық  жерiнде  дүниеге  келген.  Адайдың  Мұңал-Күшiк  руынан  шыққан. Жасынан  меккеден  дiни бiлiм  алған.  Үйтолы  әулиенiң  қадiр  қасиетiне, әруағына  халықтың  сенуi,  оның  тарыққанға  демеу,  сүрiнгенге  сүйеу  болғандығында.” 

Әулиенiң  көрiпкелдiк  қасиетiнде  шек  болмаған екен.  Таңертең  дастархан  басында  отырып:  “маған  алыс  жолдан  бет  алып 4  адам  жолға  шықты,  бiреуi  әйел  адам.  Көңiлдерi  күдiктi, “еңбегiмiз  қайтса  болар едi”- деп  кеңеседi.  Сырқос  әйелдiң  қол-аяғы  байлаулы,  жүре  алса  оншақты  күнде  келiп  қалар”  дептi. Айтқанындай  3 ер адам, 1  қыз бала қожа  елiнен  келедi.  Қыздың  қол-аяғын  босатып, еркiне  жiбередi. Таңертең  “атамның  шайын  құйып  беремiн”-  деп  қыз  дастархан  басына  келедi. Сүйгенiнен  айыру  үшiн дұшпандары қарашашынан  дуалаған  екен.  Елiндегi  молдалардан  дауа  түспеген  соң Үйтолыға  жұмсаған  екен.  Бiр  аптада  ауруынан  айығып  елiне  қайтады. Үйтолы  “Балам,  әлi  де  саған  қастандық  болуы  мүмкiн, мына  дұғалықты  бойыңнан  тастама”-деп,  мойнына  тұмар тағып,  Таушықтан-Ұланаққа  дейiн  шығарып  салады.  Суйгенiне  қосылып, балалы  болғасын,  жолдасы мен  баласын  ертiп,  Атаға  келiп  кетiптi-мыс. 

Үйтолы  ата:  “Алланың  құлы,  Мұхамбеттiң  үмбетiмiн  мұсылман  баласы  шын  ықылас  ниетiмен  келiп  тiлек  етiп  жатса, Алла  қабыл  етсе  бiр  тiлегiн  берермiн”-деген  екен.  Содан  да  болар,  Үйтолы  атаға  тiлегiмен  барып,  сиынушылар  көп.Үйтолыдан  дәрiс  алып,бiлiм  алғандар  тек  Маңғыстаудан  емес,  Хорезм, Бесқала, Түркменстанда  жеткiлiктi  болған. 

Ол  мешiт  салып  халыққа  мұсылман  дәнiн  сепкен  ағартушы ғана емес, сәулет  өнерiнiң  де шеберi болғанын көрiп  отырмыз.. 

2006 жылы  қорымның  техникалық  жағдайын  тексеру  мақсатында  шыққан  iссапарымызда  әулиенiң  өз  қолымен  жартастан  қашап  салған  мешiтiнiң  куәсi  болдық. Құрылысы  ерекше  мешiт  4  камералық  бөлiктен және  жартылай  ашық  қалдырылған кiрiс  дәлiзiнен  тұрады.  Сайдың  солтүстiк  шығыс  бағытына  қарай  жалғаса  қашалған  бөлмелердiң  орташа  биiктiктерi 2,5м болып келедi.  Аула  тәрiздi  жартылай  дөңгелек  пiшiндегi  кiрiс  дәлiзiнен  кейiнгi  төбесiнде  диаметрi  80см  жарық  түсiрiп  тұратын  ойығы  бар  үлкен  бөлмеге  кiргенде  оң және  сол  бағытта  екi  бөлмеге  тараған, одан  әрi жалғаса  орналасқан.  Бөлме  кiрiстерi  кең  көлемдi  тәрiзделе  қашалған. Қабырға  жартастарының  әр  жерiнен  шамшырақ  қоятын  кiшкентай  ойықтар  байқалады. Мешiт  қабырғалары  доғалдана,  ойыла, қыртысты  қашалған,  бөлме  едендерiн  қабырғалардан  түскен  топырақ  басқан. Мешiттiң  сыртқы  төбесiне дейiнгi  жалпы  биiктiгi  7м.

Үйтолы  ата  мешiтi  көшпелiлердiң  дәстүрлi-сәулет  өнерiнiң  озық  үлгiлерiнiң  бiрi, маңызды  тарихи  ескерткiш.  Ата  мешiтiнiң Таушық - Форт-Шевченко  автотрассасының  бойына,  Шақпақ ата, Сұлтан-епе киелi орындарына  жақын  орналасуы  туристiк  инфраструктураға  қосылуға  айтарлық  жағдай. Табиғаттың   әсерiнен мүжiлген   мешiт  бүгiнгi  күнi  қалпына  келтiрудi  қажет  етедi. 

Қазiргi  таңда   атадан  қалған  мұраны  жөндеуден  өткiзiп, алғашқы  қалпын сақтап  қалу бiздiң  мiндетiмiз. Болашақта   “Мәдени мұра”  бағдарламасы  жалғасын  тауып,  өткен  тарихымызды  толық  жаңғыртып,  келер  ұрпаққа жеткiзсек, бiздiң  мақтанышымыз  болары  сөзсiз! 

                                                                           Зәуреш Дәулетбаева Ұзақбайқызы

                                                                                Қорықтың ғылыми қызметкерi

 

Жарияланған күні: 0




24 наурыз 2023

МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҚАСИЕТТІ НЫСАНДАРЫ

2 сәуір 2021

Шежірелі Шерқала

5 наурыз 2021

Сүйінқара Үргенішбайұлы

5 наурыз 2021

Маңғыстаудағы Бекет ата мешіттері

18 сәуір 2020

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

6 ақпан 2020

АЛТЫНҚАЗҒАН КЕШЕНІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

17 қаңтар 2019

Дәстүрлі дін: ата-баба жолымен

17 қаңтар 2019

Қошқартас

17 қаңтар 2019

Асыл көзі

17 қаңтар 2019

Тарихи-мәдени мұрамызға мұқият болайық

9 қаңтар 2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстаудың қасиетті нысандары толықтырылды

9 қаңтар 2019

Қаңға жеріндегі Махтум-баба мешіті

31 қазан 2018

Тобықты жеріндегі Бекет-ата жерасты мешіті, XVIII-XIX ғғ.

23 қазан 2018

Махтум баба мешіті

23 қазан 2018

Қыз-әулие - киелі орындар тізіміне енгізілді

23 қазан 2018

Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтау және салтанатқа қатысқан кейбір тарихи тұлғалар туралы

23 қазан 2018

Облыс аумағынан жаңа тарихи-мәдени мұралар анықталды!

22 қазан 2018

Маңғыстау ескерткіштері киелі орындар тізіміне енгізілді

22 қазан 2018

Маңғыстаудан шыққан Құлбарақ батыр

22 қазан 2018

Дін және дәстүр

26 қыркүйек 2018

Маңғаз Маңғыстау, ажарлы Ақтау!

31 шілде 2018

Маңғыстаудың – қасиетті рухани құндылықтары

2 шілде 2018

Асқақтай бер – Астана!

4 сәуір 2018

Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары

12

 

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28