Дін және дәстүр
Қазақ – сонау көнеден бастау алатын тарихы бай халық. Оның сол көнеден бүгінге дейін жеткен сан-салалы мәдениеті, әдебиеті, тілі, тарихы, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі қалыптасқан. Қазақ жеріне Исламның келгеніне 12 ғасырдан асқандығын, халқымыздың мың жылдың үстінде ислам дінімен өмір сүргендігін ескерсек, халықтың бойына сіңген, өмірінен орын алған әдет-ғұрып пен дәстүрімізге ерекше мән берілу қажеттілігі айқындалады. Себебі, дәстүр халықтың күнделікті тыныс-тіршілігі мен танымының іс-жүзінде қалыптасқан көрінісі деген бағытпен 16 мамыр күніМаңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығында «Дін және дәстүр» атты тақырыпта танымдық кеш өткізілді. Мақсаты- жасөспірімдер арасында діни экстремизм және терроризм идеологиясының таратылуына жол бермеу, рухани құндылықтарды сақтау, насихаттау.
Осыған орай, бұл кездесу кешіне арнайы құрметті қонақтар – Маңғыстау облысының «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Тілегенов Ақарыс, Дін істер басқармасының маманы – Аталықова Жұлдыз шақырылды. Сонымен қоса осы іс-шараға болашақ жастардың қолында демекші «Маңғыстау энергетикалық колледжі» студенттері келіп қатысты.
Мұсылман болу үшін тек мұсылмандық сауат болуы жеткіліксіз. Ұлттық (қазақтық) ар болуы керек. Ислам – ізгілік, адамгершілік діні. Ұлы тәлімгер Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Шын мұсылман – тілі мен қолынан ешкімге зияны тимейтін адам» – депті. Дінді дұрыс түсіне білмеген, оны даналықпен өміріне ендіре алмаған адамның кінәсі. Әйтпесе, кемелдік – Аллаға, кемшілік – адамға тән екені белгілі. Есті де ақылды адамдардың барлығы да бір үлкен Сенімнің керек екенін сезеді. Тазалықтың қажетін біледі. Ендеше сол іздеген Сенімдер мен Жақсылықтардың бәрінің бастауында Ислам тұр. Кез келген адамзат баласының негізгі рухани ұстанымы болады десек, ол – Ұлты, Діні және Отаны. Міне, осы үштаған, сіздің үш тірегіңіз. Қай елге, қай жерге бармаңыз, «Сіз кімсіз?» дегенде ұлтым – Қазақ, дінім – Ислам, Отаным – Қазақстан дейсіз. Және оны мақтанышпен, нық айтасыз – деп наиб имам Ақарыс мырза жастарға бағыт-бағдар берді.
Ал енді ұлттық салт–дәстүрлер туралы айтар болсақ, олар Исламға дейінгі заманнан бастау алып, Ислам арқылы шариғат пен сүннетке негізделіп күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан біздің өмір сүру дағдымыз болып табылады. Халқымыздың салт–дәстүрінің кез келген түрінің түбінде ислами тамыр жатқанын байқаймыз. Дүниеге келген баланың азан шақырылып ат қойылғанынан бастап, дүниеден өткен адамның жаназасын оқып, жер қойнына бергенге дейін, яғни тал бесік пен жер бесікке дейінгі аралықта көптеген дәстүрлеріміздің Исламнан нәр алғанын байқайсыз. Сондықтан да Ислам мен дәстүріміздің арасындағы қарым–қатынас өте тығыз, айырып ажырату оңай емес. Ал ұлттың құндылығы – мәңгі өзімен бірге жасасып келе жатқан тілінде, салт–дәстүрінде, ұлттық өнерінде. Дәстүрдің бір сипаты – тұрақтылығында. Оны қаласа өзгертіп, қаламаса өшіріп тастайтын бір адамның меншігі емес. Дәстүрдің тағы бір артықшылығы -оның өміршеңдігінде, қанға сіңіп, күнделікті өмірге қалыптасқандығында.Сондықтан дін мен дәстүрді біте қайнастыру үшін халықтың діни сауатын арттырып, оған мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді әлі де күшейтуіміз қажет.
Қорыта келе, дін мен дәстүрді тату тірлікке ұластырып, ата-баба жолынан үлгі-өнеге алатын салиқалы ұрпақ болып қала берейік. Келе жатқан қасиетті Рамазан айы барша Қазақ халқына берекелі ай болсын.
Нұрай Бабитаева
Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының маманы
1 сәуір 2025
Маңғыстаудың орта ғасырлық кіші пішінді сәулет ескерткіштері туралы
24 наурыз 2023
МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҚАСИЕТТІ НЫСАНДАРЫ
2 сәуір 2021
Шежірелі Шерқала
5 наурыз 2021
Сүйінқара Үргенішбайұлы
5 наурыз 2021
Маңғыстаудағы Бекет ата мешіттері
18 сәуір 2020
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні
6 ақпан 2020
АЛТЫНҚАЗҒАН КЕШЕНІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
17 қаңтар 2019
Дәстүрлі дін: ата-баба жолымен
17 қаңтар 2019
Қошқартас
17 қаңтар 2019
Асыл көзі
17 қаңтар 2019
Тарихи-мәдени мұрамызға мұқият болайық
9 қаңтар 2019
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстаудың қасиетті нысандары толықтырылды
9 қаңтар 2019
Қаңға жеріндегі Махтум-баба мешіті
31 қазан 2018
Тобықты жеріндегі Бекет-ата жерасты мешіті, XVIII-XIX ғғ.
23 қазан 2018
Махтум баба мешіті
23 қазан 2018
Қыз-әулие - киелі орындар тізіміне енгізілді
23 қазан 2018
Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтау және салтанатқа қатысқан кейбір тарихи тұлғалар туралы
23 қазан 2018
Облыс аумағынан жаңа тарихи-мәдени мұралар анықталды!
22 қазан 2018
Маңғыстау ескерткіштері киелі орындар тізіміне енгізілді
22 қазан 2018
Маңғыстаудан шыққан Құлбарақ батыр
22 қазан 2018
Дін және дәстүр
26 қыркүйек 2018
Маңғаз Маңғыстау, ажарлы Ақтау!
31 шілде 2018
Маңғыстаудың – қасиетті рухани құндылықтары
2 шілде 2018
Асқақтай бер – Астана!
Соңғы хабарлар
 26 наурыз 2025
"ОТ КИЕСІ" жылжымалы көрмесі және "МАҢҒЫСТАУ ЕСКЕРТКІШТЕРІ" тұрақты көрмесі бойынша экскурсия
 18 наурыз 2025
18 наурыз "ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ" құтты болсын!!!
 17 наурыз 2025
Жылжымалы көрмелермен экскурсия
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023