Тарихи мұра жанашырларына – Алғыс!

Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығы (Ақтау қаласы, 3-ші шағынаудан, 66 ғимарат),  1 наурыз 2018 жыл, сағат: 10-00 Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған «Тарихи мұра жанашырларына – Алғыс!» атты тақырыпта іс-шара өткізді. Негізгі мақсаты, азаматтық қағидаттарына негізделген қазақстандық бірегейлікті дамыту арқылы Қазақстан халқының бірлігін нығайту, көктемнің бірінші күнінде мерекелік көңіл-күй қалыптастыру, көрісу күні, Амал мерекесі туралы мәлімет беру.

  Бұл іс шараның маңызды сипаты - қатысушылардың бір-біріне алғыс айтуы, жақсы тілектер білдіруі, бұрынғы өкпе-наздарын кешіруі және т.б. «Біреуге жақсылық жаса да – ұмыт, біреудің саған жасаған жақсылығын ешқашан ұмытпа!» деген қағидамен кез келген қайырымдылық іс-әрекеттеріне және басқа да ізгі істерге Алғыс айтады. Міне, осыған орайбүгінгі іс шараға арнайы  Таимова Франгиза Қисақызы, Отыншы Көшбайұлы, Әбдірахман Қуанышбек Спанұлы, Бисенбек Нұржігітұлы құрметті қонақтары шақырылды.Алғыс айту күні – ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін, біздің ортақ тарихымызды қастерлейтін, өзара көмек және қолдау көрсету күні. Сондай-ақ, осы іс шараның жақсы көңіл күйде өтуіне Маңғыстау өнер колледжінің білімгерлері Ермекбаева Аққу мен Жалғас Ырысбек ат салысып, өздерінің орындауында  жыр-термелерін тарту етті.

  Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығы ұжымы - өлкенің тарихи-этнографиялық қорын жинақтау, сақтау жолында айрықша еңбек еткен алғашқы тарих жанашыры Франгиза Қисақызына облыстың тарихи-мәдени мұраларын қорғау-сақтау саласындағы атқарған қызметі мен өлшеусіз сіңірген еңбегі үшін, қызмет бабында қызметкерлеріне көрсеткен қамқорлығы үшін ризашылығымызды білдіріп, орасан зор алғыс айтамыз! Сондай-ақ атадан жеткен асыл мұраны жол ортада жоғалтып алмай, оны жаңғыртып, жасартып, дамытып келе жатқан, Маңғыстау өңіріндегі сәулетшілік өнердің даму тарихы туралы көптеген еңбектер жазып жүрген өлкетанушы, тарихшы Отыншы Көшбайұлы ағамызға, ел ішінде ата-бабадан келе жатқан асыл дінімізді ардақтап, дәстүр мен діннің сабақтастығын ұлықтап, жастарға имандылық иірімдерін насихаттауға ат салысып жүрген және ұлы дала халқының ұлттық құндылықтарын сақтап, дамыту мақсатында айналамызда мүжәлсіз отбасыларының, зәру мүгедектердің, жетім-жесірлердің бар екенін сезініп, оларға қол ұшын созып жүрген құрметті азаматтар Қуанышбек Спанұлы мен Бейсенбек Нұржігітұлына жасаған жақсылықтары үшін ризашылық білдіріп, Алғыс айтамыз. Кімде-кім бір игі істі бастап өзгеге үлгі болса, өзінен кейін сол істі істегеннің сауабындай сауап алады екен. Сауапты істеріңіз көп болсын дейміз!

  Сонымен біздің айтпағымыз, адамдар өмірдің әрбір сәтін бағалай білуді үйрену керек және жақын адамдарымызға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін ризашылық білдіруді ұмытпау керек, тіпті Табиғат-Анаға шуағын шашқан мейірімді күні үшін, салқын самал желі, ақ жауынды жаңбыры мен ақша қары үшін Алғыс айтуымыз қажет.


Яриханова Айман Керліқұлқызы 

Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығыбөлім меңгеруші 

Жарияланған күні: 7 наурыз 2018




7 наурыз 2018

Тарихи мұра жанашырларына – Алғыс!

14 қараша 2017

Тарихын тасқа жазған шеберлер

20 қазан 2017

Мұнарлы төбе, мың белес

18 желтоқсан 2015

Маңғыстау ғашықтары

18 мамыр 2015

Өлі риза болмай, тірі байымайды

5 қазан 2011

Дана халқымның дара тұлғасы СҰЛТАН ЕПЕ

23 мамыр 2010

Маңғыстаулық ақын Түмен Балтабасұлы

6 мамыр 2009

Ақкетiктегi тарихи-мәдени мұраларымыз

15 сәуір 2008

18 сәуір – Ескерткіштерді қорғау күні

9 қаңтар 2007

Үйтолы ата мешiтi

12

 

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28