Үйтолы ата мешiтi
Қашанда мәдениетi жоғары тарихи танымы орнықты, ойы сергек елдiң рухы да биiк болары сөзсiз. Осы орайда елбасымыз қабылдаған “Мәдени мұра” бағдарламасы – мәдениетке деген көзқарасқа маңызды жоба болып отыр.
Қазақтың тарихи-мәдени ескерткiштерiнiң көпшiлiгi кең байтақ жерiмiзде шашырап орналасқаны белгiлi. Республикамызда 25 мыңнан аса тарихи-мәдени ескерткiштер болса, оның 12 мыңнан астамы бiздiң өлкемiзде кез-келгендi таңқалдырарлықтай қайталанбас үлгiлерiмен ерекшеленедi.
Облысымызда осы тарихи-мәдени құндылығымызды сақтап қалу және қорғау мақсатында 1980 жылы “Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық” мекемесi құрылды. Қорық қарауындағы мемлекеттiк қорғауға алынған 195 нысананың 20-ның Республикалық маңызы бар.
Соның бiрi Таушық елдi мекенiнiң батыс шетiндегi Сарықаспақ дөңiнiң үстiнде орналасқан Үйтолы қорымы. Ел аузындағы әңгiмелерге сүйенсек: “Үйтолы Пышанұлы 1820 жылдары Таушық жерiнде дүниеге келген. Адайдың Мұңал-Күшiк руынан шыққан. Жасынан меккеден дiни бiлiм алған. Үйтолы әулиенiң қадiр қасиетiне, әруағына халықтың сенуi, оның тарыққанға демеу, сүрiнгенге сүйеу болғандығында.”
Әулиенiң көрiпкелдiк қасиетiнде шек болмаған екен. Таңертең дастархан басында отырып: “маған алыс жолдан бет алып 4 адам жолға шықты, бiреуi әйел адам. Көңiлдерi күдiктi, “еңбегiмiз қайтса болар едi”- деп кеңеседi. Сырқос әйелдiң қол-аяғы байлаулы, жүре алса оншақты күнде келiп қалар” дептi. Айтқанындай 3 ер адам, 1 қыз бала қожа елiнен келедi. Қыздың қол-аяғын босатып, еркiне жiбередi. Таңертең “атамның шайын құйып беремiн”- деп қыз дастархан басына келедi. Сүйгенiнен айыру үшiн дұшпандары қарашашынан дуалаған екен. Елiндегi молдалардан дауа түспеген соң Үйтолыға жұмсаған екен. Бiр аптада ауруынан айығып елiне қайтады. Үйтолы “Балам, әлi де саған қастандық болуы мүмкiн, мына дұғалықты бойыңнан тастама”-деп, мойнына тұмар тағып, Таушықтан-Ұланаққа дейiн шығарып салады. Суйгенiне қосылып, балалы болғасын, жолдасы мен баласын ертiп, Атаға келiп кетiптi-мыс.
Үйтолы ата: “Алланың құлы, Мұхамбеттiң үмбетiмiн мұсылман баласы шын ықылас ниетiмен келiп тiлек етiп жатса, Алла қабыл етсе бiр тiлегiн берермiн”-деген екен. Содан да болар, Үйтолы атаға тiлегiмен барып, сиынушылар көп.Үйтолыдан дәрiс алып,бiлiм алғандар тек Маңғыстаудан емес, Хорезм, Бесқала, Түркменстанда жеткiлiктi болған.
Ол мешiт салып халыққа мұсылман дәнiн сепкен ағартушы ғана емес, сәулет өнерiнiң де шеберi болғанын көрiп отырмыз..
2006 жылы қорымның техникалық жағдайын тексеру мақсатында шыққан iссапарымызда әулиенiң өз қолымен жартастан қашап салған мешiтiнiң куәсi болдық. Құрылысы ерекше мешiт 4 камералық бөлiктен және жартылай ашық қалдырылған кiрiс дәлiзiнен тұрады. Сайдың солтүстiк шығыс бағытына қарай жалғаса қашалған бөлмелердiң орташа биiктiктерi 2,5м болып келедi. Аула тәрiздi жартылай дөңгелек пiшiндегi кiрiс дәлiзiнен кейiнгi төбесiнде диаметрi 80см жарық түсiрiп тұратын ойығы бар үлкен бөлмеге кiргенде оң және сол бағытта екi бөлмеге тараған, одан әрi жалғаса орналасқан. Бөлме кiрiстерi кең көлемдi тәрiзделе қашалған. Қабырға жартастарының әр жерiнен шамшырақ қоятын кiшкентай ойықтар байқалады. Мешiт қабырғалары доғалдана, ойыла, қыртысты қашалған, бөлме едендерiн қабырғалардан түскен топырақ басқан. Мешiттiң сыртқы төбесiне дейiнгi жалпы биiктiгi 7м.
Үйтолы ата мешiтi көшпелiлердiң дәстүрлi-сәулет өнерiнiң озық үлгiлерiнiң бiрi, маңызды тарихи ескерткiш. Ата мешiтiнiң Таушық - Форт-Шевченко автотрассасының бойына, Шақпақ ата, Сұлтан-епе киелi орындарына жақын орналасуы туристiк инфраструктураға қосылуға айтарлық жағдай. Табиғаттың әсерiнен мүжiлген мешiт бүгiнгi күнi қалпына келтiрудi қажет етедi.
Қазiргi таңда атадан қалған мұраны жөндеуден өткiзiп, алғашқы қалпын сақтап қалу бiздiң мiндетiмiз. Болашақта “Мәдени мұра” бағдарламасы жалғасын тауып, өткен тарихымызды толық жаңғыртып, келер ұрпаққа жеткiзсек, бiздiң мақтанышымыз болары сөзсiз!
Зәуреш Дәулетбаева Ұзақбайқызы
Қорықтың ғылыми қызметкерi
7 наурыз 2018
Тарихи мұра жанашырларына – Алғыс!
14 қараша 2017
Тарихын тасқа жазған шеберлер
20 қазан 2017
Мұнарлы төбе, мың белес
18 желтоқсан 2015
Маңғыстау ғашықтары
18 мамыр 2015
Өлі риза болмай, тірі байымайды
5 қазан 2011
Дана халқымның дара тұлғасы СҰЛТАН ЕПЕ
23 мамыр 2010
Маңғыстаулық ақын Түмен Балтабасұлы
6 мамыр 2009
Ақкетiктегi тарихи-мәдени мұраларымыз
15 сәуір 2008
18 сәуір – Ескерткіштерді қорғау күні
9 қаңтар 2007
Үйтолы ата мешiтi
Соңғы хабарлар
 27 қазан 2023
Ақтау қаласының №22 С.Қондыбай атындағы мектеп-гимназия, №23 жалпы білім беру мектеп оқушыларына, сондай-ақ Мұнайлы ауданы №5 Шоғы батыр атындағы мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды
 27 қазан 2023
Тарихи-мәдени ескерткіштердің құжаттарымен танысу
 12 маусым 2023
"Тұлпар" жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды
 22 мамыр 2023
Қарақия ауданына қарасты орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылған жылжымалы көрме
 20 мамыр 2023
"Жылдың Үздік тарихи ескерткіштерді қорғаушысы"✨✨✨
 20 мамыр 2023