Қарақия ауданындағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштері туралы заңнаманы сақтау туралы семинар

«Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» "Тарихи-мәдени мұраны қорғау" бөлімінің жоспарына сәйкес Қарақия ауданы бойынша тарихи-мәдени мұра объектілеріне қатысты заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша (23 мамыр) семинар болып өтті. Мақсаты Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы», «Жер» кодексі (127-бап), «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (10-бап) заңдарының сақталуын қамтамасыз ету туралы түсіндіру жұмыстары. Семинарға қатысқандар: Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Е. Копжасаров, «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» директордың м.а – Бекболат Төлегенұлы, Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының заңгері – А. Қайырбаев, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласы қызметкерлері, ауыл әкімдері мен бас мамандары, аудандық мәдениет, құрылыс, ішкі саясат, жер қатынастары, ішкі істер бөлімі қызметкерлері, аудандық ақсақалдар алқасы және жергілікті өлкетанушылар, тұрғындар, т.б. Нәтижесінде Семинарға қатысушылар келесідей ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Аудан-ауыл әкімдіктеріне:

- Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдарының сақталуы қамтамасыз етілсін;

- тарих және мәдениет ескерткiштерiне қауiп төндiретiн құрылыс жұмыстарын тоқтату, тыйым салу туралы мәселелер шешілсін;

- тарихи-мәдени мұра объектілері мен олардың қорғау аймақтарында заңбұзушылық фактілерді болдырмау мақсатында қорғау аймақтары бекітілген ескерткіштерге деректер жазылған қорғау белгілерін орнату жұмыстары жүргізілсін (жергілікті меценаттар немесе демеуші ұйымдарды тарту);

Мұндай семинарлар жылдық жоспарға сәйкес әлі де жалғасын табады. 

 

 

 

Жарияланған күні: 23 мамыр 2019: 14:49  




11 наурыз 2020 Жарияланған уақытты: 16:52  

Маңғыстаудың жылжымалы көрмесі Түркістанда

23 мамыр 2019 Жарияланған уақытты: 14:49  

Қарақия ауданындағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштері туралы заңнаманы сақтау туралы семинар

11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 16:29  

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына пікір

11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 16:18  

Маңғыстау тарихи-мәдени қорығының археология жəне архитектура бөлімінің жетекшісі Бекболат Төлегенұлы «Маңғыстау», «24 KZ» телеарналарына және «Казахстанская правда» Республикалық газетіне берілген сұхбатынан үзінді.

11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 16:13  

Маңғыстауда тарихи орындардың интерактивті картасы жасалды

11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 16:07  

«Маңғыстаудың киелі орындары»

11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 15:55  

Ғылыми-танымдық кеш", "Алаш қайраткерлері"

11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 15:53  

"Дәстүрлі дін" презентациясын жүктеу

11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 15:52  

Дәстүрлі дін: ата-баба жолымен

17 қаңтар 2019 Жарияланған уақытты: 15:15  

Открыт летний сезон лагерей

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28