Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының директор міндетін атқарушы

 

Утесинов Марат Атабайұлы – Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының директор міндетін атқарушы.

1981 жылы 4-ші мамырда Түркіменстан Республикасы Мары облысының Елотен қаласында дүниеге келген. 1988-1998 жылдары №2 орта мектептен білім алып шығады. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1998 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 2002 жылы география және экология пәнінің мұғалімі мамандығын алып шығады. 

2006 жылы Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының «Ескерткіштерді есепке алу және қорғау» бөлімінің маманы ретінде қызметке орналасты. Қорықтың жұмыс жоспарындағы ескерткіштерді анықтау, зерттеу, алғашқы есепке алу, құжаттандыру, техникалық жағдайын тексеру мақсаттарындағы экспедицияларға қатысып, қызметтік міндеттемелерін жоғары деңгейде атқарған сол жылдың қыркүйек айында-ақ қорықтың негізгі бөлімі саналатын «Ескерткіштерді есепке алу және қорғау» бөлімінің меңгеруші етіп тағайындалды.

Утесинов Марат 2008 жылы «Маңғыстау ескерткіштерінің жинағы» кітабын жасақтау жұмыстары барысындағы кешенді ғылыми-зерттеу экспедицияларына қатысты. 2008-2009 жылдары өлкедегі орта ғасырлық «Шақпақ-ата мешіті», «Құйрық діни-қабірлеу кешені» және «Қызылқала» ескерткіштеріне жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарына қатысып, археолог-маман Андрей Астафьевтен тәжірибе алып шыңдалды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде облыстық және аудандық басылым беттерінде жарияланған 10-нан астам ғылыми мақалалардың авторы. 

2010 жылы «Архитектура» бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарды.

2011 жылы Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы директорының орынбасары қызметінен уақытша директордың міндетін атқарушы болып тағайындалды.

2012 жылы қорықтың Археология бөліміне меңгеруші ретінде ауыстырылды.

2013 жылы Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы директорының орынбасары қызметінен уақытша атқарушы болып тағайындалды, бір айдан кейін Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы директорының орынбасары қызметінен болып тағайындалды. 

2009 жылы Облыс мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының  «Алғыс хатымен», 2010 жылы Ұлы гуманист, ағартушы, руханият абызы Пір Бекет атаның 260 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралады ұйымдастыру және өткізуге қосқан үлесі үшін «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалының «Алғыс хатымен», 2010 жылы Жыл мұражай қызметкері Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының  «Алғыс хатымен» және 2011 жылы Маңғыстау облысын мәдениет саласын дамытуға қосқан үлесі үшін  Маңғыстау облысының әкімі  Қ.Көшербаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды.

2014 жылы «Мәңгілік ел! Каспийден Алтайға дейін!» атты Республикалық автоэкспедиция қатысушысы болды. 2014 жылы «Жыл адамы-2014» облыстық байқаудың жеңімпазы атанды. 2015 жылы ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға, гуманистік мұраттарға дәйекті қызмет етіп, қоғамның рухани дамуына үлес қосқаны үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталды. 2016 жылы Еуропалық Одақтаң «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасының біліктілік комиссиясы аталып кәсіби біліктілік сертификатын және материалдық емес мәдени мұраларды қорғау туралы ЮНЕСКО Конвенциясының Халықаралық механизмдерін орындау тренингісіне қатысқаны үшін сертификаттар берілді. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне және Маңғыстау облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. 2019 ж. 11-13 наурызда «Маңғыстаудың тарихи-мәдени мұраларын зерттеудегі жаңа көз қарастар мен перспективалар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырып өткізуге ат салысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Облыс көлемінде өткізілетін қоғамдық мәдени шараларға, мәдениет саласында ұйымдастырылатын түрлі бағыттағы жұмыстарға белсене араласады. Түбектің тарихи-мәдени мұраларын насихаттау мақсатында, өлкедегі туризмді даму бағытында республикалық және облыстық телеарналарда ұйымдастырылатын ғылыми-танымдық бағдарламаларға жиі қатысады. Қазіргі таңда өлкедегі тарихи-мәдени мұра объектілернің мемлекеттік қорғауға алынуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құжаттамаларды жасақтауда айрықша үлес қосып келеді.

Жарияланған күні: 12 сәуір 2019: 17:46  

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28