ТҮБЕКТІҢ ТАБИҒАТЫ

ТҮБЕКТІҢ ТАБИҒАТЫ

Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысы Маңғышлақ түбегінің аймағымен қатар, Үстірт жазығының едәуір бөлігі және Каспий маңы ойпатының оңтүстік бөлігі - Бозашы түбегін қоса алғанда 16 миллион гектардан аса  аумақты қамтиды.

Маңғыстау облысының территориясы Еуразия аймағында ерекше ландшафтқа ие. Мұнда сахара даланың барлық түрімен: Үстірттің шексіз мұңды кеңістігінен Ақтау тауларының ғажайып борлы қамалдарына дейін танысуға болады. Маңғыстаудың көне сәулетшілеріне алғаш дем берген шығармашылықтарының идеялары – шөл дала пейзажы мен Каспий теңізі болды. Бірнеше жүз миллиондаған жылдар бойы бұл аймақ Каспий теңізі ағысының  астында қалған. Дегенмен, кейде теңіз бөлігі аздаған уақыттарға кейін шегінетін болған. Осындай кезеңдерде бірнеше метрлі біркелкі теңіз шөгінділері азуы алты қарыс мысықтар мен жылқының арғы аталарының іздері  таста қатып қалған динозаврлар дәуірінің алып өрт орындары қабаттарына бүркілген. Маңғышлақ түбегі мен Үстірт жазығы шыңдарының қазіргі ай бедері Жер тарихындағы тамаша оқиғалардың нәтижесі болып табылады. Шамамен 20 миллион жыл бұрын теңіз шөгінділері бөлігін ақырындап жоғары көтерген және оларды сансыз жарықшақтарға жарып жіберген Қаратау қатпарларының өсу үдерісі басталады. 8 миллиондай жыл бұрын құрлық теңіз иірімдерінен босап, көтеріле бастайды. Кейін шегінген сулар жұмсақ жыныс жарықтары бойынша ағып, борлы қабаттар, сайлар, таң қаларлық тау шоқылары мен ойпаттарды жасай шайып кеткен. Жел мен жауын-шашын ағыстары нәтижесінде Табиғаттың осындай ұлы туындысы жаратылады. Оңтүстік және Солтүстік Ақтау кертпештері, аңыз болған Шерқала тауы, Ақмыштау қорғандар алаңы, шар тәріздес бірегей конкрециялар алқабы, Тұзбайыр, Қарашық пен Кендірлісордың шексіз сортаң тақырлары, Азиядағы ең терең ойпаттардың бірі Қарақия ойпаты, Бостанқұм мен Қызылқұм құмды белдеулері, Бозжыра мен Қарынжарықтың таңғажайып ландшафттары, Каспийдің жартасты жағалаулары мен жағажай мүйістері осылай пайда болған. 

Өңірдің қазіргі климаты өткір континенталдығымен ерекшеленеді. Қысы қатал да суық, қары аз. Көктем қысқа, әдетте желді және құрғақ болып келеді. Жазы ыстық, бұлтсыз және ұзаққа созылады. Күз көбіне жылы. Маңғышлақты үш жағынан қоршап жатқан Каспий теңізі тек жағалау белдеулерінің ауа-райына ғана ықпал етеді, яғни теңіз жағалауы жазғы кезеңдерде сәл ылғалды және салқындау, қыстыгүні жылылау болып тұрады.

Жауын-шашын өте болмашы. Бұл жерде сирек кездесетін бұлақтарды қоспағанда, аздаған жасыл тоғайларға нәр беретін ашық тұщы су көздері жоқ.

Үстірт пен Маңғышлақтың жануарлар әлемі шөлейт жердің қатаң талаптарына бейімделген. Өңірдің фаунасы бай емес. Бұл өлкенің әдеттегі мекендеушілері – үстірт муфлоны, қарақұйрық, сайғақ, түлкі, қасқыр, мысықтың бес түрі, көптеген су жыландары. Каспий теңізінің жағалау белдеулері бойымен аққулар және қызыл қоқиқаздар тобының ұшар жолы өтеді.

Айрақты  (Ақтау қаласынан 180 шм қашықтықта орналасқан). Шағын тау шоқылары тізбегі жергілікті тұрғындар арасында Айрақты деген атпен белгілі. Айрақты таулары мұнаралы төбелері, бағаналары мен бекіністі қабырғалары бар ертегідегі қамалдарға  ұқсайды. Таулардың бірінен шығатын жартылай қолға үйретілген аттармен жүріліп қалған даланың бұралаң соқпақ жолы шағын алаңқайға алып барады. Осы жерден алыстағы Ақтау таулары, барлық айрақтылық қорғандар ажарын кең көлемді көріністен тамашалауға болады. Ылғалды көктемде жазық жерде кішілеу келген жұпар иісті согдийлік қызғалдақтар қаулап өседі. Айрақты тауының баурайы маңында зерттеушілер «Дала симфониясы» деп атаған ақбор жынысты тастарда шимайланып қалдырылған суреттерді көруге болады. 


 

 

Боқты (Ақтау қаласынан 250 шм қашықтықта орналасқан). Жергілікті тау шоқылары әр жағынан қарағанда түрлі пішінде болып көрінуімен ерекшеленеді. Міне, Боқты тауы да осындай. Ол үстіңгі беті теп-тегіс сазды үстел тәрізді тақыр жерде орналасқан. Бір жағынан қарағанда, бұл – қызыл-сары кемесызықтары бейнеленген және түбін қоңыр балдырлар басқан аппақ бортты қайықтың аударылып түскен бөренесі тәрізді. Басқа тұсынан қарасаң – адам қолымен жасалмаған ерекше ұлы пирамида. Бұл жердегі ең кереметі – қызыл түсті борлар. Тауға жақын жерде жергілікті қазақтар Қызылкүп деп атайтын қызыл қатпарлы су шайып кеткен бор қабаттары орналасқан.

 

 

 

 

Шерқала (Ақтау қаласынан 180 шм қашықтықта орналасқан)Аңызға бөленген Шерқала тауы Маңғыстау облысының табиғи рәмізі болып табылады. Белгілі бір биіктіктен қарағанда, ол Ақмыштың жер қабаттары арасындағы ертегідегі дәу-көшпелілер тұрғызған алып киіз үйге ұқсайды. Шерқала – таулы Қаратау маңы жазықтықтарын теңіз түбінен құрлыққа көтеру нәтижесінде қалыптасу кезеңінде пайда болған ерекше кескіндердің үлкен тау шоқысы. Шерқала жайындағы аңыздардың бірінде, ертеректе қаптаған жаулардан бір топ айбынды жауынгерлер тауды қорған еткен делінеді. Олар жаумен жолбарыстарша алысыпты. Тауды қорғаушылардың қалғаны тау ішіндегі жерасты жолдарына тығылып, сол жерде мәңгі қалып қойыпты. Осындай батырлық пен тәуелсіздіктің тірегі - Жолбарыс қала немесе Шерқала деген атау осылай пайда болған. 

 

 

 

Ақмыш сайы Шетпе селосынан 20 шм солтүстік-батыс бағытта Қаратау тауының солтүстік тарауында, Ақтау қаласынан 180 шм қашықтықта орналасқан. Сайдың тайыздау арасының бойында бұлақ көздері бар. Өсімдігі мол, кішкене тоғайы бар бұл жер туристер жүргіншілерге қолайлы демалатын орын. Қазіргі уақытта бақ қоршалған. Арна бойында, планда тіктөртбұрышты болып келген, ортағасырлық қорған түрінде үйілген үйіктің орны бар. Қазіргі уақытта бұл Қызылқала қалашығы деп аталады. Қызылқала орта ғасырлық қалашығына 2004 ж. бері археологиялық зерттеулер жүргізіліп келеді. Бұл қалашықтың алдағы уақытта сақталуын және тарихи маңыздылығын Ақмыш сайынан бөліп қарауға болмайды. Ақмыш сайына жақын жерде Шерқала тауы орналасқан. 

 

 

 

Бозжыра (Ақтау қаласынан 300 шм қашықтықта орналасқан) – Табиғат-Ананың өз қиялына ерік беріп, ақ түстерден ғажайып ландшафт жасаған Үстірт жазығы шыңдарының бір бөлігі. Шағын Бозжыра жазығы үш жағынан табиғат қиялының амфитеатрымен қоршалған. Бұл жерде сайлар, құздар, тау-мұнаралар, тау-қамалдар - бәрі аппақ. Бозжыраның тау шоқыларын айналып қараған кезде, құдды-бір өзінің ажарын құбылтып тұрғандай көрінеді. Назданған шоқылар мұнарланған қиян далаға қарап, Маңғыстаудың ұлы нышаны - алып тас үйдің тыныштығын күзетіп тұрған үнсіз қарауыл секілді. Оның жалғыз ғана қожайыны – дала әндерін шексіз аспанға азыната орындаушы жел болып табылады. 

 

 

 

Жығылған (Ақтау қаласынан 140 шм қашықтықта орналасқан) – ақбор қатпарлары орналасқан сазды-құм қабатының ылғалдануы нәтижесінде туындаған орасан зор геологиялық көшкін. Ауыр плита өзінің салмағымен жұмсақ төсемені жаншып шығарып, теңізге тастап жібереді, ал өзі қиял толқытар ойылымға айналады. Жығылған адамдарға өте сирек кездесетін көріністер - бедерленген плита сынықтары мен тас беттеріндегі ірілі-уақты азу тісті махайрод-мысықтардың, балшыққа терең малтыққан шағын үш тұяқты гиппарион-жылқылардың тасқа айналған іздері тізбектерін тамашалау мүмкіндігін сыйлайды. Бұл іздерге шамамен 10-15 млн. жылдай уақыт болған. Жығылған жері қанша белгілі болса да, зерттелмеген, жұмбақ күйінде қалып отыр. Бұл жерді әруақтар мекені деп те айтады. 

 

 

 

Қарақия (Ақтау қаласынан 50 шм қашықтықта орналасқан)Кейбір нұсқаларда Қарақия ойпаты «Қара құлама» деп аударылады. Қарақияның ең терең нүктесі оңтүстік бөлігінде, дүние жүзілік мұхит деңгейінен 132 м төмен орналасқан ол әлемдегі ең терең ойпаттардың бірі саналады. Ойпат түбінің бұл жерін Батыр деп аталатын үлкен сор басқан. Бұл ойпаттың қалай пайда болғаны туралы бірнеше болжамдар бар. Олардың кейбіреулері бойынша – бұл жойқын желге мүжілу салдары нәтижесінде болса, енді біреулеріне сүйенсек – орасан сейсмикалық шұңқыр делінеді. Алайда, маңғыстаулық барлық ойпаттардың шығу тегі ежелгі Каспийдің алып толқындары кейін шегінген сәтте сазды және жартасты жыныстарды шайып кету себебімен байланысты деген дұрысырақ болар. 

 

 

 

Қарынжарық (Ақтау қаласынан 450 шм қашықтықта орналасқан)Қарынжарық ойпаты Үстірт шыңы іргесінен 70 км аса меридиональды бағытта созыла жайғасқан. Оның түбі Маңғыстау облысындағы ең созылыңқы Кендірлі сорын жауып жатыр. Бұл сордың тартымдылығы сол, тып-тыныш тұрған аппақ сордың ортасында орналасқан бес тау шоқысы болып табылады. Олардың ішінде жергілікті қазақтар «Үш батыр» немесе «Үш ағайынды» деп атайтын үшеуі бір-біріне жақын орналасқан. Сордың түбін қашан да ылғалды және күн шуағы әсерінен жарықтарға айналып, тарамыстана кепкен тұзды қабыршақтар басып жатады. Ылғалды маусым кезеңдерінде сордың бетіне жұқалау су қабаты толады, сол кезде шоқылар айналы айдын үстінен көтерілген адам аяғы баса алмайтын аралға айналады. 

 

 

 

Самал (Ақтау қаласынан 180 шм қашықтықта орналасқан)Маңғыстаудың шеті жоқ ащы және кермек сулы құдықтары мен бұлақтарының арасындағы тұщы сулы бұлақтар бұл өңірдің тіршілік атаулыға нәр беретін нағыз байлықтары болып табылады. Ыстық кезеңдерде су көздерінің көп бөлігі кеуіп кетеді. Самал сайындағы шағын бұлақ көзі қысы-жазы ағып жатуымен ерекшеленеді. Сай ішінде бағзы замандардан бері долана, тікенді қара өрік, қамыс ағаштары және түрлі емдік шөптер өседі. Бұлаққа кіре берісте-ақ, жалбыздың хош иісі мұрныңа келеді. Жаңа ғана құрғақ та, ыстық айдала, кенеттен жап-жасыл шөптер мен сылдыраған салқын самал бұлақты, жанға рахат жерге тап болғанда, не істеріңді білмей, абдырап қаласың. 

 

 

 

Саура (Ақтау қаласынан 90 шм қашықтықта орналасқан) – Маңғышлақ түбегінің өзіндік қара маржаны - Қаракүп шағын тұщы су көлі жасырылған Каспий жағажайындағы шағын сай. Маусымдық ағын-сулар нәтижесінде қалыптасқан құрғақ тастақ аңғар жаңбырлы кезеңдерде бұл жер үшін ерекше сарқырамаға айналатын он метрдей баспалдақпен жыраланған. Көлдің тереңдігі суға күңгірт түс беретіндей 5 м жуықтайды. Тереңдігіне және жерасты суларымен үнемі қоректенуіне байланысты бұл жерде ертеден қалған батпақты тұщы су тасбақаларының қалдықтары мекендейді. Таңертең жағалау тастары күнге қыза бастағанда тасбақалар жылыну үшін тастарға жорғалап шығады. Таң қаларлығы сол, Каспийдің жағалау белдеулерінде теңіздің ащы суына да қаймықпай, сүңгіп жүрген бұл тұщы су тасбақаларын көптеп кездестіруге болады. 

 

 

Тамшалы (Ақтау қаласынан 180 шм қашықтықта орналасқан)Тамшалының басты кереметі – сайдың қабырғасымен жартылай дөңгелек түрінде қалыптасқан шағын үңгірдің төбесіндегі сулы сазды қабатының ашық қалуы. Тұщы су жартасты кемерден тамшылап, үш метр биіктіктен ағады. Аққан тамшылар құдды бір жаңбыр жауып тұрған тәрізді тырсылдайды. Тамшалы сайы жыл бойы тіршілікке толы! Қыстыгүні су ағыстарын мұз басса да, төмен қарай қарқынды ағуларын тоқтатпайды. Міне, осы сәтте судан табиғи ағза жасалғандай тамаша көріністер пайда болады. Мұз бағаналары тілімденіп, қуыстар арқылы төмен қарай құлдырайтын жан-жақты су ағыстарының сарқырауы мен тамшылар сылдыры түрлі дыбыстарға ұласады. 

 

 

Торыш (Ақтау қаласынан 100 шм қашықтықта орналасқан)Жергілікті аңыз-әңгімелердің бірі бойынша Маңғыстау жеріне шегірткелер секілді қаптаған жаулар келіпті. Сол кезде жергілікті тұрғындар көкке қолын жайып, жалбарына көмек сұрай бастаған және тілектері орындалған екен. Кенеттен аспан ашылып, найзағай ойнап, күн күркіреп, жауын селдетеді. Барлық жаулар бір сәтте-ақ, тас болып қатып қалады. Маңғыстаудағы ерекше тастар – шар тәріздес конкрециялар алқабы осылай пайда болған. Олардың диаметрлерінің өлшемі 3-4 м дейін жетеді. Жердің қабаты тігінен бұзылған жерде – тастың өлшемі бойынша әр түрлі ұзын тізбектер пайда болады. Ал, егер жер қабаты көлденеңінен бұзылса – шар, жұмыртқа, саңырауқұлақ, цилиндр, кішкене аң немес адам үлгісі түрлерінде үймеленіп жатқан ғажап көріністегі конкрециялар алқабы орын алады. 

 

 

 

Тұзбайыр (Ақтау қаласынан 250 шм қашықтықта орналасқан) – табиғи дүлей күштердің ұлы туындысы. Бұл жерде Үстірт жазығының шыңы (жарқабақ) астында жергілікті өлкеде сор деп аталатын ұланғайыр сортаң алқап орналасқан сазды-әктас және ақбор тік құлама жарлармен бөлінген. Ақ борлы жарлар құламасы шексіз ғажайып бағаналар жасай, көптеген шұңқырлармен және терең аңғарлармен ойылып-ойылып қалған. Шың жиегінің асты алып табиғи жартылай арка тәрізді желге мүжіліп жасалған. Қар еріген немесе қатты жауын-шашын кезеңдерінде сорлы алқап сумен толып, аспан мен ақбор бағаналар шағылып көрінетін алып тұзды айнаға айналады. 

 

 


Жарияланған күні: 13 наурыз 2019

 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28