Маңғыстауда тарихи орындардың интерактивті картасы жасалды
Маңғыстауда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап өтерлігі, Маңғыстау Мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы «Маңғыстаудың интерактивті картасы» мобильді қосымшасын жасады. Бұл Маңғыстау өлкесінде орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерді білуге, тамашалауға елімізге келіп жатқан қонақтар мен туристер үшін, өлкенің тұрғындары үшін ыңғайлы болмақ.Жоба мақсаты — Маңғыстаудың киелі, тарихи және мәдени нысандарының интерактивті картасын қалыптастыру арқылы, жергілікті бағалы құндылықтар, тарихи архитектуралар, ескерткіштер, кешендер, кесенелер, сондай-ақ тарихи және саяси маңызға ие оқиғалардың орындарын халық арасында таратып, насихаттау.Маңғыстау Мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының археология және архитектура бөлімінің жетекшісі Бекболат Төлегенұлының айтуынша, қазіргі таңда екі бағыт бойынша жұмыс жасалынуда. Интерактивтік карта – интернет арқылы сайтқа кіріп, Маңғыстауда орналасқан тарихи ескерткіштерді көруге болады. Қазіргі таңда 30 ескерткіш енді. Оның 15-і жалпыұлттық маңызға ие нысандар. Ал қалған 15-і жергілікті маңызы бар нысандар кіргенін атап көрсетті.«Бұл әлі де алдағы уақытта толықтырылатын болады. Сондай-ақ интерактивтік картадан интеграция негізінде екінші мобильді қосымша Маңғыстаудың ескерткіштерін QR код арқылы көруге мүмкіндігі бар. Сол себепті оны ұялы телефондағы сіз Appstore-дан және Play Market-тан жүктеп ала аласыз. Кез-келген тарихи орындар арқылы ақпаратты ГИД-тің көмегінсіз, сайттан алуға мүмкіндігіңіз бар. Мысалға қонақтар келген кезде мұның пайдасы өте зор. Біздің көптеген ескерткішіміз далалы жерде орналасқандықтан, интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ. Сондықтан оффлайн, яғни интернетсіз QR код-та, смартфонмен сканерлеу арқылы ақпарат алуға болады. Оны үш тілде ала аласыз: қазақша, орысша, ағылшынша. Бұл барша туристерге қолайлы. Сол жердің тарихын қысқа да нұсқа, сондай-ақ толығырақ өзіне жетімді қылып алу мүмкіндігіне ие болады», — деді Маңғыстау Мемлекеттік тарихи мәдени қорығының археология және архитектура бөлімінің жетекшісі Бекболат Төлегенұлы.Жалпы бұл интерактивті жобаны әзірлеген Mediana Services Limited IT-компаниясы.«Жобаны қолдан келгенше ерекше қылып жасауға тырыстық. Мобильді қосымшаның ең басты ерекшелігі — барлық обьектілердің фотогалереясы, видеосы және 3д панормалары бар. Киелі мекенге қызығушылық танытқан жағдайда сол обьектіге барып-келу мүмкіндігін өзінің ұялы телефоны арқылы біледі. Өзіңіз тұрған жерден, қаладан немесе ауылдан болсын, ескерткішке дейін қанша уақыт, қанша шақырым кетеді соның бәрін есептеп, автоматты түрде көрсетуге мүмкіндік алады», — деді «Меdiana Servise» бөлім бастығы Еркебұлан Бекназаров.Айта кетейік бұл «мобильді қосымшаны» https://mangystau.inmap.kz/kz/ ссылкасы арқылы көре аласыз.Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ
11 наурыз 2020 Жарияланған уақытты: 16:52
Маңғыстаудың жылжымалы көрмесі Түркістанда
23 мамыр 2019 Жарияланған уақытты: 14:49
Қарақия ауданындағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштері туралы заңнаманы сақтау туралы семинар
11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 16:29
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына пікір
11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 16:18
Маңғыстау тарихи-мәдени қорығының археология жəне архитектура бөлімінің жетекшісі Бекболат Төлегенұлы «Маңғыстау», «24 KZ» телеарналарына және «Казахстанская правда» Республикалық газетіне берілген сұхбатынан үзінді.
11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 16:13
Маңғыстауда тарихи орындардың интерактивті картасы жасалды
11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 16:07
«Маңғыстаудың киелі орындары»
11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 15:55
Ғылыми-танымдық кеш", "Алаш қайраткерлері"
11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 15:53
"Дәстүрлі дін" презентациясын жүктеу
11 наурыз 2019 Жарияланған уақытты: 15:52
Дәстүрлі дін: ата-баба жолымен
17 қаңтар 2019 Жарияланған уақытты: 15:15
Открыт летний сезон лагерей
Соңғы хабарлар
 11 наурыз 2020
Маңғыстаудың жылжымалы көрмесі Түркістанда
 23 мамыр 2019
Қарақия ауданындағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштері туралы заңнаманы сақтау туралы семинар
 11 наурыз 2019
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына пікір
 11 наурыз 2019
Маңғыстау тарихи-мәдени қорығының археология жəне архитектура бөлімінің жетекшісі Бекболат Төлегенұлы «Маңғыстау», «24 KZ» телеарналарына және «Казахстанская правда» Республикалық газетіне берілген сұхбатынан үзінді.
 11 наурыз 2019
Маңғыстауда тарихи орындардың интерактивті картасы жасалды
 11 наурыз 2019