Маңғыстауға келсеңдер

Ақтау әуежайына табан тіреген әрбір адам облыс орталығына жеткенше жол бойына орнатылған ескерткіштерді тамашалайды. «Маңғыстаудың жеті кереметі» деген атауға ие болған бұл ескерткіштер арқылы қала қонақтары Маңғыстаумен алғашқы таныстығын бастайды. 

Өйткені беймәлім елге алғаш рет аяқ басқан жанның сол жер туралы алғашқы түсінігі оның тарихы, табиғаты мен ескерткіштері арқылы қалыптасады. Сол арқылы жергілікті халықтың арғы-бергі тарихынан мағлұмат алып, ой түйеді. Әсіресе, ескерткіштер мен тарихи белгілер жүйелі, мағыналы салынса, сол елдің нені құрмет тұтатынын, ықылым заманнан бергі ата кәсібін көреді. Мұндай көрініс кез-келген жолаушыны бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз. Керісінше, оны жұмбақ өлкенің беймәлім құпиясын «білсем екен, көрсем екен» деген ой жетелей түседі. 



 

 

Ескеркіш

Есепте тұрған ескерткіштер саны:

590

Республикалық дәреже:

20

Жергілікті дәреже:

570

Ескеркіш

Есепте тұрған киелі орындар саны:

43

Жалпыұлттық дәреже:

15

Жергілікті дәреже:

28