Балапан Балтабай Қайыпұлы 1977 жылы 16 ақпан Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Оңды ауылында дүниеге келген. 1984-1994 жж Оңды орта мектебінде оқып, 1999 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің тарих мамандығын аяқтаған.
Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығына 2023 жылы директор орынбасары болып жұмысқа орналасып, қазіргі таңда директордың міндетін атқарушы.
2000 – 2015 жж. Маңғыстау облысының құқық қорғау органы “аға қызметкер”
2017 – 2015 жж. Маңғыстау ауданы, Оңды ауылының әкімі.
2021 – 2023 жж. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы. Директор орынбасары
Аудандық, облыстық газет беттерінде жарияланған“Маңғыстау тарихындағы Түркі әлемі”, “Тарихи-мәдени ескерткіштерге мән беруіміз керек” тақырыбындағы ғылыми мақалалары бар.
Негізгі мақсат мемлекетімізде қазіргі заман талабына сай сапалы оң өзгерістер енгізу. Ата-бабамыздың асыл мұраларын сақтау, зерттеу және насихаттау ісі – мәдениет басшылығы қызметінің басым бағыттарының бірі болып келеді. Мәдениет саласының әл-ахуалын жақсартуға көп көңіл бөлінуде, Соның арқасында мекемеге жаңа көліктер алынды, техникалық базаларымыз жаңғыртылды, жаңа ғимаратқа көшу, жыл сайын тарихи-мәдени ескерткіштерімізді мемлекеттік қорғауға алу, құжаттандыру, қалпына келтіру жұмыстары, қорғау аймақтарының жобасын жасақтау, тарихи-мәдени ескерткіштерге сараптама жүргізу және тағы басқа көптеген жұмыстар атқарылуда.
