МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІнің қолдауымен, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫның МАҢҒЫСТАУ МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ ҚОРЫҒЫның ұйымдастыруымен Бекет атаның 275 жылдығына арналған «Бекет ата Мырзағұлұлы – руханиятымыздың тірегі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтетінін хабарлайды.
Бүгін осы күллі мұсылман түркі әлемінің пірі атанған Бекет Ата – жығылғанды жебеп, желіккенді жөнге салатын, дархандығы мен батырлығы, жауласқанды достастырып, қастасқанды құдандалы қылып аттандыратын қазылығы, ақылман-болжампаз, аты ұлысына ұран болған Пір Бекет Ата Мырзағұлұлының 275 жылдығына орай «Бекет ата Мырзағұлұлы – руханиятымыздың тірегі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, қасиетті мекен – Маңғыстауда өтеді.
Киелі Маңғыстау жері конференцияға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен және өзге де шетелдік ғалымдар, тарих, этнография, теология, археология, реставрация салаларының ғалымдарының басын қосуда.
Бұл жұмыстардың мақсаты – Бекет ата мешіттері бойынша ғылыми, архитектуралық, этнографиялық зерттеулерді тоғыстыру; «Бекет ата мешіттерін» (Оғланды, Ескі Бейнеу) халықаралық деңгейде ғылыми-зерттеу, қорғау-сақтау шаралары, реставрациялау, танымал ету, туризм индустриясында тиімді пайдалану әдістері бойынша өзекті мәселелер, Бекет ата Мырзағұлұлына қатысты тарихи-архивтік және библиографиялық ізденістерді зерттеу, Ясауи дүниетанымын, дәстүрін, қоғамдық сананы жаңғыртудағы Бекет ата өнегесі мен рухани ілімін зерделеу.
Халықаралық конференция 25 қыркүйек (бейсенбі) сағат 10 : 00 де Қ.Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапхана, 19 ш/а, 2 ғимараты, конференц-залында өтеді.
#бекетата275жыл #халықаралықконференция
https://www.facebook.com/watch/?mibextid=wwXIfr&v=770610082450963&rdid=Hl7UZ7VZ0nCasSrA