26 мамыр күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханада Әлмен Бердіұлына 135 жыл толуына орай “Құлпытаста қолының табы қалған” тақырыбында кеш ұйымдастырылып, аталған шарада “Экскурсия-көпшілік” бөлімінің меңгерушісі Айман Яриханова “Сисем ата қорымы – Маңғыстаудың cәулет мұрасының ескерткіші” тақырыбындағы жылжымалы көрме бойынша тас шебері болған Әлмен Бердіұлының қолының таңбасы бар сәулет ескерткіштер туралы сөз сөйледі.
Маңғыстау өлкесінің әрбір бедері, ғажайып таулы тасты ақиқатты аңызға толы, әр ескерткіші ғасырлар қойнауынан сыр шертеді.
Осындай мәдени мұралардың бірін өлкеміздің сәулет ескерткіштерінің тобы құрайды. Бұл ескерткіштер атадан балаға жалғасып келе жатқан өшпес өнерлерінің өміршең туындылары болып табылады. Сол туындылар өлкеде мекендеген халықтардың өздеріне тән өнерін айғақтайтын ерекше мұралар.
Сонымен қатар осы шарада студенттер мен қала тұрғындары қатысып, Маңғыстау өнер колледжінің студенттері күмбірлеген жыр термелерден тарту етті.
