Skip to content

«Серікбол әлемі: ғылым мен білімнің тағылымы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

27 сәуір күні «Достық үйі» ғимаратында Серікбол Қондыбайдың 55 жылдығы аясында «Серікбол әлемі: ғылым мен білімнің тағылымы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда, «Маңғыстау -ашық аспан астындағы мұражай» және «Маңғыстаудың қасиетті нысандары», «Ортағасырлық Қызылқала қалашығы» тақырыбындағы жылжымалы көрмелер бойынша экскурсия ұйымдастырып, конференция отырысына “Экскурсия-көпшілік” бөлімінің меңгерушісі Айман Яриханова қатысты.

Конференция отырысында “Серікбол Қондыбай және тіл философиясы” тақырыбында философия (РҺД) докторы (Қарағанды қаласы) Хасенов Болат, “С.Қондыбай және арғықазақ мифтік архетипті реконструкциялаудың өзектілігі” тақырыбында филолгия ғылымының кандидаты Ақбердиева Балкенже және “С.Қондыбайдың еңбектеріндегі сакралды кеңістік” философия (РҺД) докторы (Алматы қаласы) Нұржан Құлымжанов, сондай-ақ жергілікті өлкетанушы, тарихшы, педагогтар баяндама оқыды. 

 

 

 

 

 

Leave a Reply