Skip to content

ТҮПҚАРАҒАН ЕСКЕРТКІШТЕРІНЕ СЕНБІЛІК

Түпқараған ауданында орналасқан Сұлтан-үпі жерасты мешіті, қорымы және сайына «Мы люди – мы вместе» қоғамдық қоры жергілікті тұрғындардың  қолдауымен  сенбілік жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ сенбілік жұмыстарын жүргізуге taza.likee, kotopes_aktau, caspian_walruses және kettik.mangystau секілді топтар да қатысты. Жалпы сенбілікке 80-нен астам адам атсалысты. Аталған аумаққа 20 түрлі гүл көшеттері мен 40-тан астам ағаш көшеттері отырғызылды.

25 наурыз күні “Каспий коммуналдық қызметі” ЖШС мекемесінің қызметкерлері Тамшалы сайына  қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Аталған мекеме 31 наурыз күні «Саура» сайына сенбілік жұмыстарын жүргізіп, нәтиж0есінде шығарылған қоқыстар Каспий коммуналдық қызметінің полигонына тасымалданып, төгілді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Leave a Reply