Бүгін “Қазақстан Халқы Ассамблеясы” ғимаратында “Орталық Азиядағы мемлекет және дін қатынастары: қазіргі жай-күйі мен перспективалары” атты Халықаралық форумы өтті. Форумға шақырылған қонақтарға арнайы қорық қызметкерлері “Ұлы даланың жеті қыры” мен “Археологиялық ескерткіштер” жылжымалы көрмелерін шығарып, келушілерге экскурсиялар жүргізілді.
