«1 наурыз- Алғыс айту күніне» орай
«Тарихи мұра жанашырларына – Алғыс!» атты іс-шараға ұйымдастырылып өткізілді. Бұл кездесудің маңызды сипаты – қатысушылардың бір-біріне алғыс айтуы, жақсы тілектер білдіруі, бұрынғы өкпе-наздарын кешіруі және т.б. «Біреуге жақсылық жаса да – ұмыт, біреудің саған жасаған жақсылығын ешқашан ұмытпа!» деген қағидамен кез келген қайырымдылық іс-әрекеттеріне және басқа да ізгі істерге Алғыс айтады.
Сонымен қатар, бүгінгі кешімізге қаламыздағы үздік білім ордасы саналатын Серікбол Қондыбай атындағы №22 жалпы білім беру мектеп-гимназиясының оқушылары және педагог Минбасова Нұрсұлу қатысты.
Алғыс айту күні – ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін, біздің ортақ тарихымызды қастерлейтін, өзара көмек және қолдау көрсету күні. Алғыс айту арқылы адамдар бір-біріне құрмет көрсету, бірлікке ұйысу, патриоттық сезімдер, ізгілік, абырой және әділеттілік сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді.