2019 ж. 21-22 маусым күндері “Renaissance Aktau Hotel” қонақ үйінде өткен “Aktau Fashion Week” апталығында өлке тарихын насихаттау мақсатында қорық қызметкерлері “Маңғыстау – ашық аспан астындағы мұражай” атты жылжымалы көрмесі бойынша экскурсиялар қамтыды. Ұйымдастырушылар тарапынан мәдени-шараны өткізуге қатысқаны үшін “Алғыс хат” табыс етілді.
