Skip to content

Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышымыз!

Құрметті Отандастар! Барлықтарыңызды 4 маусым- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнімен Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы ұжымның атынан құттықтаймыз.Рәміздер елдіктің, бірліктің нышаны ретінде бүгінгі жұмыс күніміз әнұран айтумен басталды.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң осыдан 27 жыл бұрын, 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. 

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. 

 

 

 

Leave a Reply