Skip to content

«Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұралары» кешенді экспедициясын ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында озық рухани жаңғыруды саяси және экономикалық жаңғырулардың өзегі деп атап, «Мәдени мұра» және «Халық – тарих толқынында» бағдарламаларынан да ауқымды, іргелі жұмыстарды жүзеге асыру қажет екенін айтты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер – туған ел» бағыты бойынша өлкетану жұмыстары ағартушылыққа негізделіп, жергілікті жердің географиясын, фольклорын, мифологиясын зерттеуді талап етеді. Өзінің түп-тамырын, өз халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетін ұмытпау, өз өлкесінің, елінің тарихын білу маңызды.

Осы орайда, «Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұралары» Халықаралық ғылыми экспедициясы өтті. 

Экспедиция мақсаты:

 

  • Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұраларын зерттеу мақсатында шетелден ғалым-мамандарды тарту арқылы кешенді экспедицияны ұйымдастыру және өткізу.
  • Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын ұлттық және халықаралық деңгейде насихаттау, Маңғыстау облысының тарихи-мәдени мұраларын аймақ бойынша кешенді ғылыми экспедиция өткізу арқылы баяндау.
  • Сакралды бағыттағы тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттеу.
  • Облыс тұрғындарының дәстүрлі және тұрмыстық бағыттарын, халық шығармашылығын (фольклор) зерттеу.
  • Этноәлеуметтік зерттеулер өткізу: өңірдегі этникалық мәдени процестерді, этникалық өзін-өзі тану мәселелері, ұлтаралық қатынастар мен тіл жағдайын зерттеу.
  • Эпиграфикалық ескерткіштерге зерттеулер өткізу (фиксация).
  • Маңғыстау тарихы, мәдениеті, ескерткіштері бойынша ғылыми-танымдық басылымдар дайындауға материалдар жинақтау.
  • Кешенді экспедиция қорытындысы бойынша ғылыми есептер дайындау. 

Экспедиция барысында Маңғыстауда орналасқан Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар сакралды орындары зерттелетін болады, ноғайлы кезеңінің ескерткіштері және аймақтың шыңырау-құдықтары зерттеледі. Ғылыми экспедиция өлкенің баға жетпес тарихи мұрасы ұлттық идеологияның бөлігі ету, Қазақстанның ұлттық мәдени құндылықтарын кеңінен танымал ету және әлем назарына ұсыну, еліміздің әлемдік брендін жоғарылату, туған өлкеге деген сүйіспеншілік пен патриотизмді арттыруға бағытталған. 

Кешенді экспедиция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіледі және 3 турдан өтетін бірнеше тақырыптық бағыттарға бөлінген. Барлық турлар бойынша кәсіби ғалымдардың, тарихшылардың, этнографтардың, археологтар және өлкетанушылардың қатысуымен ғылыми экспедициялар өткізіледі. 

Экспедицияны ұйымдастыруда республикадағы белгілі ғылым ордасы Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты және Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің қолдау көрсетті. Кешенді экспедицияның ақпараттық қолдаушысы – «Арша» медиастудиясы және жергілікті БАҚ, «Маңғыстау» арнасы, Өңірлік коммуникациялар қызметі. Экспедиция қорытындысы бойынша «Арша» медиастудиясымен тәуліктік «Kazakh TV» арнасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таратылып көрсетілетін 2 сериялы деректі фильм дайындалады. «Kazakh TV» арнасы өз сигналын  әлемнің 118 елінің аймағында таратады, 5,1 млрд. адам әлеуетті аудиториясы бар. Сондай-ақ, экспедиция қорытындысы отандық Хабар 24, Ел арна каналдарынан көрсетілетін болады. 

Кешенді экспедиция 6 бағытты қамтиды:

 

  1. Маңғыстау облысының тұрғындары арасынан ХХ ғ. 20-30 жж. қатысты этнографиялық мәліметтер жинақтау.
  2. Белгілі неміс этнографы Рихард Карутц жолымен. 100 жылдан соң.
  3. Маңғыстаудағы ноғайлы кезеңі (14-17 ғғ.).
  4. Үстірттегішыңырау-құдықтарды зерттеу.
  5. Маңғыстаудың сакралды ескерткіштері: 
  • Ежелгі Маңғыстаудың теңіз айлақтары (архивтік-библиографиялық зерттеулер, картографиялық материалдарды зерделеу);
  • «От киесі» Отпантау кешенінің туристік әлеуеті;
  • Аңыз өрген Маңғыстау мешіттері;
  • Маңғыстау түбегі ескерткіштерінің эпиграфикасы мен архитектурасы 
  1. Маңғыстау петроглифы.

Кешенді экспедицияның 1-туры: Ақтау қаласы – Қошқар ата қорымы –Ақшора қорымы – Жалғызтам (Бельторан) қорымы –Үштам қорымы –Кенті-баба қорымы – Сұлтан-үпі жерасты мешіті, қорымы және сайы -Қапамсай –Шақпақ-ата жерасты мешіті және қорымы –Отпантау тарихи-мәдени кешені –Ақмыш сайы –Шерқала тауы –Айрақты тауы – Көгез этноауылы –Шетпе ауылы – Қарауылкүмбет күмбезтамы –Мырзайыр жері –Масат ата жерасты мешіті және қорымы – Күйеутам – Ұлы Кіндікті діни-қабірлеу кешені (Үлкенқұдық жері) –Шопан ата жерасты мешіті және қорымы –Таңбалытас (Тынымбай шоқы жері) –Бозжыра тауы (панорама) –Оғыланды қорымы –Бекет ата жерасты мешіті – Үстірттегі шыңырау-құдықтар (Ақшымырау, Жаңасу жеріндегі Шотан құдығы, Еліқажы) – Сайөтес ауылы –Сисем-ата қорымы– Шетпе ауылы – Қараман ата жерасты мешіті және қорымы.

Экспедиция маршрутының жалпы ұзақтығы – 2000 км.

Экспедиция мерзімі: 10 күн.

Экспедицияның ғылыми кеңесшісі – Ресей Ғылым Академиясының Ресей тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, профессор, тарих ғылымдарының докторы Трепавлов Вадим Винцерович. 

 Экспедиция құрамы:

  1. Т.Кармов – Д.С.Лихачев атындағы Ресей табиғи және мәдени ғылыми-зерттеу институтының доценті, тарих ғылымдарының ккандидаты, археолог;
  2. С.Ашуров – тарих ғылымдарының кандидаты, Әзірбайжан Ұлттық Ғылым Академиясының археология және этнография институтының басылым және ғылыми байланыстар бөлімінің жетекшісі;
  3. Н.Алышов – Әзірбайжан антикалық және ортағасырлық археология бойынша маман, т.ғ.к.;
  4. Метин Екичи – Измир қаласындағыЭгейуниверситетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы;
  5. С.Белоруссова – тарих ғылымдарының кандидаты, түркітанушы, Орталық Азия Кунсткамерасы бөлімінің қызметкері
  6. Ә.Сарай – Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург;
  7. И.Жеменей – профессор, филология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тұран-Иран ғылыми-зерттеу орталығының директоры;
  8. Е.Оралбай – Ә.Марғұлан атындағы Археология Институтының антикалық кезең және орта ғасыр археологиясы бөлімінің аға ғылыми қызметкері;
  9. Б.Нұрдәулетова – профессор, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің филология ғылымдарының докторы;
  10. Э.Абланова – тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің доценті;
  11. А.Еділхан – өлкетанушы;
  12. О.Көшбай – этнограф,жазушы, өлкетанушы;
  13. 13. С.Құдайберген – тарихшы,фольклорист;
  14. Б.Төлегенұлы – түркітанушы;
  15. А.Астафьев – археолог;
  16. Н.Құлбаев – тарихшы, арабист, өлкетанушы. 

Мәдениет басқармасының және облыс әкімдігінің қолдауымен экспедиция өткізілді. Бұл экспедиция Арал-Каспий аймағының тарихи-мәдени мұрасын сақтауда біздің елдеріміз арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты бастамақ. 

 

 

 

 

 

Leave a Reply