Skip to content

«Дін және дәстүр» танымдық кеш

Жүргізуші: «Экскурсия және көпшілік» бөлімінің меңгерушісі  –Яриханова Айман Керліқұлқызы 
Іс-шараның мақсаты: жасөспірімдер арасында діни экстремизм және терроризм идеологиясының таратылуына жол бермеу, рухани құндылықтарды сақтау, насихаттау.  
Арнайы шақырылған қонақтар:

  • Тілегенов Акарыс – облыстық «Бекет-ата» мешітінің наиб имамы;
  • Аталықова Жұлдыз – дін істері басқармасының маманы.

Сонымен қатар, Маңғыстау энергетикалық колледжінің білімгерлері.
Жүргізушінің баяндамасы:Қазақ – сонау көнеден бастау алатын тарихы бай халық. Оның сол көнеден бүгінге дейін жеткен сан-салалы мәдениеті, әдебиеті, тілі, тарихы, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі қалыптасқан. Қазақ жеріне Исламның келгеніне 12 ғасырдан асқандығын, халқымыздың мың жылдың үстінде ислам дінімен өмір сүргендігін ескерсек, халықтың бойына сіңген, өмірінен орын алған әдет-ғұрып пен дәстүрімізге ерекше мән берілу қажеттілігі айқындалады. Себебі, дәстүр халықтың күнделікті тыныс-тіршілігі мен танымының іс-жүзінде қалыптасқан көрінісі. 

Мұсылман болу үшін тек мұсылмандық сауат болуы жеткіліксіз. Ұлттық (қазақтық) ар болуы керек.   Ислам – ізгілік, адамгершілік діні. Ұлы тәлімгер Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с.): «Шын мұсылман – тілі мен қолынан ешкімге зияны тимейтін адам» – депті. Дінді дұрыс түсіне білмеген, оны даналықпен өміріне ендіре алмаған адамның кінәсі. Дін мен дәстүрді хикметпен қабыстыра алмауында. Әйтпесе, кемелдік – Аллаға, кемшілік – адамға тән екені белгілі. Есті де ақылды адамдардың барлығы да бір үлкен Сенімнің керек екенін сезеді. Тазалықтың қажетін біледі. Ендеше сол іздеген Сенімдер мен Жақсылықтардың бәрінің бастауында Ислам тұр. Кез келген адамзат баласының негізгі рухани ұстанымы болады десек, ол – Ұлты, Діні және Отаны. Міне, осы үштаған, сіздің үш тірегіңіз. Қай елге, қай жерге бармаңыз, «Сіз кімсіз?» дегенде ұлтым – Қазақ, дінім – Ислам, Отаным – Қазақстан дейсіз. Және оны мақтанышпен, нық айтасыз. Өйткені, сіздің көңіліңізде мен адамзат құндылықтарының негізі қалыптасқан, іздеуші, сұраушысы бар, сан ғасырлық тарихы бар қазақ ұлтының өкілімін деген сенім тұрады. Ұлт болуымыздың өзі бір Алладан болғандықтан, оған жету жолы да ата–бабамыз ұстанған салт–дәстүрмен біте қайнасып кеткен таза Исламда. 

Ал енді ұлттық салт–дәстүрлер туралы айтар болсақ, олар Исламға дейінгі заманнан бастау алып, Ислам арқылы шариғат пен сүннетке негізделіп күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан біздің өмір сүру дағдымыз болып табылады. Халқымыздың салт–дәстүрінің кез келген түрінің түбінде ислами тамыр жатқанын байқаймыз. Сондықтан да Ислам мен дәстүріміздің арасындағы қарым–қатынас өте тығыз, айырып ажырату оңай емес. Ал ұлттың құндылығы – мәңгі өзімен бірге жасасып келе жатқан тілінде, салт–дәстүрінде, ұлттық өнерінде. Тәрбие ана құрсағынан басталып–ақ кетеді дейді ғылыми тұжырым. Олай болса, бала дүниеге келмей тұрып басталатын «Құрсақ шашу», бала дүниеге келе салысымен болатын «Сүйінші сұрау», «Азан шақырып ат қою», «Шілдехана тойы», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару» – бәрі–бәрінің өзіндік тәрбиелік орны, маңызы бар екені анық. 

Дін мен дәстүрді тату тірлікке ұластырып, ата-баба жолынан үлгі-өнеге алатын ұрпақ болып қала берейік. 

 

 

 

 

Leave a Reply