Skip to content

«Үзеңгі серіктер, тарихи тұлғалар»

Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығында (Ақтау қаласы, 3-ші шағынаудан, 66 ғимарат), 14 желтоқсан 2017 жыл, сағат: 10-00. «Үзеңгі серіктер, тарихи тұлғалар» атты тақырыпта ғылыми-танымдық кеш өткізілді.

Ғылыми –танымдық кештің мақсаты мен барысы: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың “Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру” мақаласында айтылған ой қоғамның жалынды жастарға басымдық беруін айқындай түскендей. Міне, осыған орай Елбасының парасатты пайым, пікірін жүзеге асыру мақсатында, Маңғыстаудағы Кеңес өкіметін орнатуда белсенді күрескер, көрнекті мемлекеттік қайраткер Жалау Мыңбайұлының туғанына және Маңғышлақ жеріндегі тұңғыш әскери комиссарлардың бірі, алғашқы Қазақ әскери-эскадрондық полкінің командирі Төлесін Әлиевтің туғанына, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, алғашқы қазақ елшілерінің бірі, дипломат Нәзір Төреқұлұлының туғанына 125 жыл толып отыр. Бұл аталмыш датаға орай, бұл тарихи тұлғалар туралы мәлiметтермен қанық болсақ деген оймен бүгінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, туған өлкенің тарихи тақырыптарын зерттеушi, өлкетанушы азаматтармен ой бөлiсу мақсатында ұйымдастырылып, қайраткер тұлғалар жайында кейінгі ұрпаққа мәлімет беру.

Ғылыми-танымдық кешкеарнайы шақырылған құрметті қонақтар:

  • Маңғыстау тарихы, мәдени ескерткіштері, т.б. туралы көптеген зерттеу мақалаларының авторы, өлкетанушы, өлке тарихын зерттеуші көптеген қаламгерлердің, өнер зерттеушілерінің еңбектерінің жарыққа шығуына қол ұшын беріп жүретін белгілі тұлға.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өңірлік сараптамалық кеңестің төрағасы,«Маңғыстау тарихы» атты кітаптың авторы – Еділхан Алқажан Меделұлы.

  • Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Маңғыстау тарихы, этнографиясы, мәдени ескерткіштері, т.б. туралы көптеген зерттеу мақалаларының авторы, өлкетанушы-тарихшы Нұржаубайұлы Қолғанат ағамыз.

  • Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ақын, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің магистранты, «Рухани жаңғыру» өңірлік офисінің «Рухани қазына» бағдарламасының «Туған жер, туған ел» бағыты бойынша менеджері – Бақтыбай Жайлау Сәрсенбайұлы (Нәзір Төреқұлұлы туралы)

  • Сондай-ақ, Жалау Мыңбайұлының ұрпағы Қарайдаров Нұрқабыл.

Сонымен қатар, қаламыздағы үздік білім ордасы саналатын Туризм колледжінің студенттері мен жетекшiсі.

Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығының бөлім меңгерушісі А.К.Яриханова

 

  

Leave a Reply