Сырлытам жерленiмi 1999 ж Маңғыстауда кездейсоқ
табылған едi. Топырақ катакомба iшiнде 4 м тереңдiкте сыңайы көшпелi элитаға
жататын 3 адамның мүрдесiнiң қалдықтарын тапты. Өкiнiшке орай, көп тоналған.
Катакомбаның ортасына қартаң жауынгер әйелдi жерлеген. Оның сол жағында ұзын
әрi жiңiшке семсер, қанжар,15 темiр жебе кiрiстерi жатты. Әйел қаңқасының оң
жағынан 50-60 жастағы ер адам қаңқасы табылды. Оның денесi қатты шамданып
оралғанын көрсетедi, сiрә бұл ер адам денесi о дүниелiк сапарға мәңгi ұйқыға
кетерге дейiн ұзақ сапар шеккен сияқты. Әйелдiң сол аяғы тұсында тағы бiр
кенепке салынған бала мәйiтi шықты. Ол басқа моладан әкелiп қойылған секiлдi.