Skip to content

Бәйте 3

Бәйте 3ғибадатханасы
Маңғыстау ауданында Өтес селосынан  45  км
солтүстік-шығыс бағытта Үстiрт кеңiстiгiнде орналасқан. Оның да құрылысы
Түбежiк секiлдi. 20 ғ аяғында зерттелген. Ғимараттың ұзындығы 3 м. Сыртқы
қаптамалы қабырғасының құлап қалған қаланымдарының  мұқият өңделген және бiр-бiрiне
қиюластырылған  тас блоктары оның
биiктiгiн 5 м немесе одан да жоғары деп анықтауға мүмкiндiк бередi. Құрылыстың
сыртқы формасы  екi сатылық құрылымнан –
цилиндр мен куполдан тұрады. Iшкi бөлмелер жоспары  дүниенiң төртбұрышын нұсқаған жерiнде, айқыш
сәулелер iшiнде еденге төрт бұрышты құрбандық шалатын тастан жасалған шағын от
жағатын алтарь қойылған дөңгелек залды құрайды. 1993-1998 жж. аралығында
жүргiзiлген археологиялық зерттеулер нәтижесiнде табылған табиғи сом тастардан
қашалған жауынгерлер мүсiндерi, оның антропологиялық ерекшелiктерi, ақинақ
қанжарлары, қисық қылыштары, әшекейлерiнiң пiшiндерi бұл ескерткiштiң уақыты
б.д.д. 1 мыңжылдықтың 2-жартысына сәйкестiгiн дәлелдейдi. Ескерткiштiң сыртқы
диаметрi 16 м дөңгелек пiшiндi, iшкi бөлмелерi тепе-тең шаңбақ тәрiздi дүниенiң
төрт бұрышына бағышталып орналасқан. Қабырғалары мен iшкi еденi шеберлiкпен
өңделiп, бiр-бiрiне қиыстырылып құрастырылған. 
Ескерткiштер 2003 ж. жергiлiктi
дәрежеде мемлекеттiк
қорғауға алынды.

 

Leave a Reply