Алғашқы қоғамдардан жалғасып келе жатқан қайтыс болған ата- бабаларын қастерлеп,
олардың рухына табынудан орын алған қабiрүстi ескерткiштер тұрғызып, ол жердi
кие тұту дәстүрi қола дәуiрiнде кеңiнен қанатын жайып, бүгiнгi Маңғыстау тұрғындарының да өмiршең рәсiмiне
айналды. Қола дәуiрiндегi Сақақұдық,
Ақтау, Дықылтас, Үлкенқұдық дiни-қабiрлеу кешендерiнде бағзы замандағы адамдардың
дүниенiң жаратылуы, өмiр мен өлiм, адамның жаны мен тәнi туралы түсiнiктерi
нышанды түрде айқындалған. Шопан-ата қорымына жақын Үлкенқұдық жерiнде ерекше
археологиялық нысана орналасқан. 2005 жылы археологтар осы жердегi 2
дiни-қабiрлеу кешенi орындарында археологиялық зерттеулер жүргiздi. Бұл
ескерткiштiң шартты дәуiрi б.д.д. 2 мыңжылдықтың ортасы деп белгiленедi.
Бiрiншi қабiрдiң диаметрi 6 м болатын дөңгелек пiшiндегi тас қоршаулар болған
көрiнедi. Тастары шашылып, бүгiнгi таңда құрылысы бұзылған. Тас қоршаудың iшiне ерекше қабiр орналасқан,
барлығы 12 тастан тiгiнен қойып
тұрғызған қабiрдiң пiшiнi жұмыртқаға өте ұқсас болып келедi. Қабiрдiң
бетi плиталармен жабылған. Уақыттың өтуiмен бұл плиталар сынып, төменге
құлаған. Қабiр түбiнде қартайған адамның қаңқасы сақталған. Дене бiр қырынан
жатқызылып, басы шығысқа қаратылып, тiзелерi бүктелiп жерленген. Мүрденiң артқы жағынан
iшiнен ұсақ жануардың қабырғалары
салынған кiшкене құмыра ыдыс табылды. Екiншi қойылымның қабiр құрылысы және жерлеу әдiсi күрделi. Қабiр дөңгелек
пiшiндi, iрi фундамент тастары сақталғандығынан
бұл күмбездi құрылыс болғандығы анықталды. Қабiрде үлкен адам жерленген,
қаңқа әйел адамға тиiстi деп болжанады. Дененiң басы шығысқа бағытталып,
қырынан жатқызылған. Моланың қабырғалары тастан қаланған, төменгi бөлiгi
жұмыртқа тәрiздi болған, жоғарғы бөлiгi күмбез болып тiктелген. Жерленген
дененiң үстiнен сексеуiл бұтақ
шыбықтарынан тор жасалынған. Бұл ағаш
тордың үстiне құмыра ыдыс қойылған. Қоршауының диаметрi 10 м болған, биiктiгi 1,5 м етiп тастан қалаған қабырғамен қоршалған. Сондай-
ақ, тас қоршаудың енi 3 м тереңдiгi 1 м ор белбеу сияқты қоршалған. Қабiрлеу
рәсімiнде тас қоршау мен күмбез арасына алау жағылған.Үлкенқұдық кешенiнiң
жерлеу дәстүрi Ұлы даланы
мекендеген ежелгi көшпелi халықтың әлем және өмiр жаратылысы туралы дiни түсiнiктерімен тығыз байланысты. Дүние жүзі халықтарының
ежелгі аңыз-эпостарында Космостық мұхитта жүзіп, Ғаламшар алауымен жылытатын
әлем жұмыртқасы біздерге белгілі. Әлем жаратылысы- жұмыртқаның төменгі- жоғарғы
бөліктері – аспан- жер, сары уызы – күн деген ұғымдар халықтар мифологиясында
кеңінен тараған. Әлемдік жұмыртқа жаратылмастан бұрын оның ішінде Аспан-әке,
Жер-ана бір-бірімен жақын болып, адамзаттың пайда болуына әкелген. Міне, осы негізде дүние жүзі халықтары
мифологиясы адамзаттың туылуын жермен байланыстырады, алғашқы адамдар балшықтан
немесе жерден жаратылды деген ұғымға саяды. Мүмкін осындай дүниетанымдар пайда
болған тас заманының соңғы дәуірлерінде қайтыс болған адамдарды қырынан,
тізелерін бүгу арқылы, яғни ана құрсағында жатқан сәбидей етіп жерлеген.
Ескерткiшті 2006 ж жергiлiктi дәрежеде
мемлекет қорғауға алды.