Қосқұдық ескерткішінде археологиялық зерттеулер 1993-2003-2006 жылдары
өткерілді. жылдан басталған. Елді мекен Энеолит дәуірінде (энеолит – тас ғасыры тарихи кезеңнің аяғы) б.д.д.
4-мыңжылдықтың 3-жартысы кезеңдерінде қалыптасқан. Ескерткіш үлкен тұрғын-үй
қалдықтарынан және үй алдына шаруашылық қызметтері үшін тұрғызылған
алаңдардардан тұрады. Үйде бір уақытта
30-35 адам өмір сүрген деп болжамданады. Үйдің онша биік емес тас қабырғалары
және құрылыстың ортасындағы шомбал тас бағандарды ұстап тұрған ағаштан жасалған
жабыны болған. Қазба жұмыстары кезінде жер пеші, түтіндік және қыздыратын тас
төсемеден тұратын жылу жүйесінің қалдықтары табылды. Бұл үйді мекендеушілер аңшылықпен, балық
аулаумен және терімшілікпен айналысқан. Бұл жерде тас, тері, ағаш, сүйек өңдеу
дамыған және қыш ыдыстар мен ұлу тастан әшекейлік бұйымдар өндірілген.
Қосқұдықшыларға тоқымашылық өнері таныс болған. Табылған заттардың көпшілігін
еңбек құралдары мен өндіріс орындарының шақпақ тасты минерал қалдықтары
құрайды. Еңбек құралдарының қатарында жоғары деңгейде жасалынған пышақ, қырғыш,
қайшы, қысқыш, қашау, бұрғы, тескіш, жебенің оғын ұштайтын ұштағыш сияқты
күрделі элементтері кездеседі. Сонымен қатар, құрған ауды ауырлатып тұратын
тастан жасалған әр түрлі үлгідегі жүктас бөліктері табылды. Қосқұдықшылар еңбек
құралдары мен қару-жарақ дайындағанда клей затының орнына қара майды
пайдаланған.
Үй қалдықтарын қазу үстінде
археологтар тасқа иректеле кескінделген екі жыланға ұқсайтын суреттерді анықтады,
бұл сурет тұрғындардың теңіз толқындарын қастерлейтінін білдіреді.
Үй жанынан дәстүрлі жерленген
адам қойылымы табылды. Құрбан сүйектері дөңгелек пішіндегі шұқырда тастармен
араласа сақталған. Жасы 40-50 шамасындағы жерленген ер адамның басы батысқа
бағыттала, сол жақ қырынан күржите жатқызылған. Зерттеушілердің болжауынша бұл
адам үйдің салынуы кезеңінде құрбан болған дейді. Москвалық антропологтар сүйек
қалдықтарынан осы адамның бассүйегін құрастырып шығарды. Бұл Қазақстан
территориясындағы қазірде табылып зерттелген өте ерте қойылым деп саналады.
Ғалымдардың анықтауынша жерленген адам
Арал-Каспий және Орал өңірін мекендеген европалық нәсілдің өте ежелгі
антропологиялық түрі.
Бұл қонысты Каспий теңізі
жағалауы шекарасын қоныстанған тұрғындар ұзақ уақытты тұрғын-үй деп лайықтап
салған. Зерттеушілер Қосқұдық тұрғындарының шаруашылық және мәдени комплексін
мезолит (б.д.д. 10 – 7 мыңжылд.) дәуірімен байланыстырады.
Қосқұдық-1 елді мекені туралы
мәліметтер Арал-Каспий өңірінің тарихи дәуірлік кезеңдеріндегі мал шаруашылығы
дамуының негізгі аймағы болғандығын білдіреді. Солтүстік Каспий территориясын
мекендеген, үй жануары қой өсірумен айналысатын халықтың бір бөлігі Маңғыстау
өңірінде энеолит кезеңінен бастап қоныстана бастаған. Бұл жануарды бағу шөл
және шөлейт аймақтарды мекендеген ежелгі Маңғыстаулықтар өмірінде шаруашылықтың
жаңа түрі – көшпелі мал шаруашылығының
туындауына негіз болды. Бүгінгі таңда б.д.д. 3 мыңжылд. басы – 5 мыңжылд.
уақыттарымен белгіленетін үлкен тұрғын-үй құрылыстарының фундаменті сақталған 25-тен астам мекен-жайлар белгілі.
Көлемі онша үлкен емес Маңғыстау территориясында ерте кезеңді ескерткіштердің
көп шоғырлануы Евразия далаларына жүргізілген археологиялық зерттеулер қорытындыларында
кездеспейді.