Skip to content

Қосарқан қорымы

 Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт елді мекенінен 35 км батыс бағытта жазық жерде орналасқан. Қорымда XVIII ғ. аяғы – XX ғ. басы кезеңдерімен 50 шақты ескерткіштері сақталған. Олардың қатарында бірі саз былшықты қыш кірпіштерден сегіз қырлы етіп тұрғызылған (жоғарғы бөлігі үшбұрышты болып келетін төртбұрышты кіріс ойығы тастан жасалған, қабырға қалыңдығы 1,5 м) және қабырғалары плиталармен көмкерілген (күмбезі шала өңделген тастардан дулыға үлгісінде тұрғызылған) күмбезтамдар, сағанатамдар, және шала немесе жартылай өңделген тастардан әр түрлі биіктікте қаланған тас қоршаулар, қақпасыз сандықтастар, қойтас-құлпытастар бар. Қорымның солтүстік бөлігінде орналасқан қабырға орталары шой тастармен толтырыла саз балшық араластырыла қаланып, плита тәріздес тастармен қабырға тегістігінен шығыңқы белдіктер жасай тұрғызылған күмбезтамның күмбезі шала өңделген тастардан дулыға үлгісінде болып келеді.

Ескерткіштің тарихы туралы нақты тарихи деректер жоқ.

Ескерткішті 2007 дылы маусым айында қорық қызметкерлерінің экскпедициясы барысында зерттеу, құжаттандарыу жұмыстары жүргізілген. Қорымдағы қабіртастардың Адай – Жеменей – кедей руының ұрпақтарына тиісті екені анықталған. Қыштан тұрғызылған күмбезтамның жақтауында: «Кедей Ерсары» деген жазуы бар. 

Leave a Reply