Skip to content

Қызылқұлаш қорымы

ХІХ ғасыр-ХХ ғасырдың басы, Бейнеу ауданы Боранқұл селосынан 30 км оңтүстік бағытта орналасқан. Ескерткіш алғаш рет қорық қызметкерлерінің 2005 жылы сәуір айындағы іссапарында зерттелген. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қорымнан 1 күмбезтам есепке алынған. Күмбезтам қорымның орталық бөлігінде орналасқан. Оңтүстік-шығыс қабырғасының жіпсетасы мен кереге тасы аралығына тіктөртбұрышты ойықтар қалдырылып, порталына геометриялық өрнектер кескінделген.Күмбезтамның ішкі қабырғалары сырлы бояулармен салынған әр түрлі суреттермен безендірілген, сыртқы қабырғаларына жылқы, аяқ-киім, қару-жарақ суреттері, Адай руының таңбасы кескінделген.

Күмбезтамда қазіргі заманғы жазумен: «Адай руы Жеменей тайпасы Бөкен бөлімі Мудасташен 1897 ж 15 жасында қаза тапты. Мудасташен әйелі Қантай 1919 ж. 69 жасында қаза тапты» деп жазылған. 

Leave a Reply