Skip to content

Есен ата жерленген жер

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы,
Бекі селосынан 5 км  оңтүстік-шығыс
бағытта орналасқан. Жетібай-Шетпе
жолына жақын биіктеу келген ұзын төбеде орналасқан. Қорымның аумағына
кіре-берісте дәстүрлі қағидаға сай дұғалық орын орналасқан. Ол тас
қаландыларымен қоршалған. Мұнда бір ескерткіш тас үйінді түрінде, әрі тік
орнатылған ағаш бақанымен ерекшеленген, ал басқасы – созылған ұзын шарбақ
ретінде орналасқан. Аңыз бойынша, осы жерде киелі күштің иесі болған Есен ата
жерленген. Бүкіл зираттың аумағы ескі және жаңа бөлікке бөлінеді. Жерлеудің
орнының ескі бөлігінде қойтас пен құлпытас, тас қалау мен қоршау түрінде
қойылған. Қойтастар мен құлпытастардың көпшілігінің тегіс бедерлі күрделі
өрнектермен ою суретімен де безендірілген. Мұнда алуан түрлі құлпытас пішіндері
бар. Олар мұсылмандық дүниетанымының жергілікті сипатқа ие ерекшелігін
көрсетеді. Зираттың жаңа замандық бөлігінде сағанатамдармен қатар жаңа
құрылыстар салынып жатыр.
Қорымда сағанатамдар, кiшi
сәулет пiшiндерi топталған құлпытастар, қойтастар, тас қоршау ескерткіштер
шоғыры орналасқан.
 

2004 ж. К. Канисова жетекшілік етуімен Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени
қорығы экспедициясы зерттеген. Алғаш рет 05.10.2004
жылы Маңғыстау облыс әкімиятының №197 қаулысымен мемлекеттік қорғауға алынған.
Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі №279 қаулысы
бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет
ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. 

                             

Нақты деректер жоқ, халық аузындағы аңыз бойынша қорымның батыс беткейінде
5 км қашықтықтағы Есен ата жерасты мешітімен Қараман ата жерасты мешітін
байланыстыратын жолы бар болған делінеді. Ел аузындағы аңыз бойынша «Есен де
Қараман ата сияқты Шопан-атаның баласы екен» делінеді. Шамамен XII-XIII
ғасырлардың тарихи тұлғалары болар деп тұспалданатын Есен-ата Маңғыстауда ислам
дінін таратушы мистик-суфистер орденінің өкілі болар деген де пікір бар, бірақ
нақты тарихи дәлелдер жоқ. Ә. Кекілбаевтың кітабында Шопан ата мен Бекет атаға
қатысты «шаңырақтан лақтырылған аса таяқтың артынан Маңғыстауға келу» оқиғасы
осы Есен атаға да қатысты айтылады.
Есен атаның жерленген орнына сырық ағашы
жаншылған, жергілікті халықтың сиынатын әулиелі орны болып табылады. Есен-Атаның бейiтiне келiп зиярат етедi, мешiтiне барып
түнейдi.

 

Leave a Reply