Махтум баба мешіті ХIV-ХV ғғ. Форт-Шевченко қаласынан 25 км шығыс бағытта орналасқан. Шамамен 14-15 ғ.ғ-да салынған Махтум-баба мешіті орналасқан. Жоспарда мешіт үлкен және кіші бөлмелерден тұратын көп камералы құрылыс болып келген, әртүрлі бөлмелері бір-бірімен аркалы қуыстар арқылы байланыстырыла шығарылған. Қабырғалары саз балшық араластырыла жартылай өңделген тастардан көлденеңінен және сейсмикалық апатқа қарсы қиғаштала қаланған. Мешіт жайлы қыпшақ-оғыз заманының керуен сарайының ғимараты кейінгі ғасырларда мектеп-медресе ретінде пайдаланып тұрғандығы туралы әңгімелер бар.
Имам Хусейннің ұрпағы қасиетті Махтум-баба Маңғышлақ жеріне Курекал жерінің түрікмендері тұрған Парсы (оңтүстік Иран) аймағынан келген. Көп ұзамай оған көптеген мүридтер келе бастаған, бұл кезеңдерде Қаңға жерінде бірде-бір ағаш өспеген. Бір күні Махтум-бабаға мүридтер келіп, табиғаты көркем жерде серуендеп қайтуға рұқсат сұрайды. Махтум-баба олардың көкті, тал-теректі сағынғандарын түсініп, «Бүгінше ешқайда кетпей-ақ қойыңдар, ал ертең осы маңнан бақ табылмаса, онда баруға рұқсат етем» депті. Мүридтер Махтум-бабаның айтқанын тыңдап, ешқайда кетпейді. Таңертең олар өз көздеріне өздері сенбейді, жақын тұрған тауда жеміс-жидектері самсап өскен жеміс ағаштары толып кеткен. Мынадай таңғажайып бақты көріп, болған ғажайыпқа таң қалған мүридтер өздерінің бұдан артық жер табамыз деген күнәларын кешіруді өтінген екен.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның жергілікті маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енгізілді.