Бекет Мырзағұлұлы 1750–1813
жж. Маңғыстау, Үстiрiт, Атырау мекендеген Адай тегi қазақ халқының данасы. Туған
жерi қазiргi Атырау облысы Жылой ауданы
Ақкиiзтоғай ауылы. Жас кезiнде қолына қару алып, көршiлес қалмақ, түркiмен
тайпаларымен шайқасып, халқының егемендiлiгiн қорғаған Бекет батырлығын
танытып, табиғи күш-қуатымен ерекшеленiп, ел аузында ер Бекет атанады.
Жаугершiлiктi тоқтатып, елiнде бейбiтшiлiк, көршiлес халықтармен достық қарым-қатынас
құруды армандаған. Шерғазы медресесiнде атақты Бақыржан қажыдан дәрiс алған
Бекет елiне қайтып, ұстазының iсiн жалғастырып, жер-жерден жерасты мешiттерiн
салған. Жерлестерін дiнге жетелеп, бiлiм мен көкірек көздерiн
ашып, мәдениеттiң өркендеуiне, болашаққа жол ашуға себепшi болған.
Бекет ата өмiрiнiң соңғы кезiнде тұрғызған мешiтi Маңғыстау
облысы Қарақия ауданы Жаңаөзен қаласынан оңтүстiк-шығыс бағытта 180 км, Сенек
ауылынан солтүстiк-шығыс бағытта 95 км қашықтықта орналасқан. Мешiт табиғаты көркем Оғыланды жерiнде ақ-бор тасты тау шатқалының
терең орта қабатынан ойылып жасалған, төрт бөлмеден тұрады. Төргi бөлмеде
қасиеттi сырық ағашы бар. Ол пайғамбар жасына келiп қайтыс болды (63). Атаның
мүрдесi осы мешiт iшiнде қабiрленген. Бекет ата мешiтi – оның дарынды
сәулеткерлiгiнiң, биiк талғамының куәсi, халық құрмет тұтатын, әулиелiк орын
деп саналады. Ескерткiштi алғаш рет жергiлiктi дәрежеде мемлекеттiк қорғауға
1982 ж қабылданса, 2000 ж өзгерiспен толықтырулар енгiзiлiп республикалық
дәрежеге өттi. Ескi Бейнеудегi мешiтi Бейнеу кентiнен оңтүстiк бағытта 20 км
қашықтықта орналасқан. Мешiт негiзгi үлкен бiр бөлмеден тұрады. Қиналғанда
демеп, адасқанда жол сiлтеп, қорыққанды қорғаған бұл ғажайып жанның өнегелi
өмiрi, ерекше қасиетi, игi iстерiне, халқы сүйiнiп Пiр Бекет атады.
Оғыландыдағы Бекет ата жерасты мешiтi – Қарақия ауданы, Сенек ауылынан
95 км солтүстiк-шығыс бағытта орналасқан киелi орын. Ел арасындағы аңыздарға
қарағанда Бекет атаны осы жерден мешiт салуға бастап келген де осы Оғыланды
екен.
«Оғылан» – түркi тiлдестер сөзi, ол ұлан, бала деген
ұғымды бередi. Көшпендiлердiң тұрмыс-тiршiлiгiне байланысты бiр орайда бiрыңғай
балалар дүние салып, осында жерленсе керек. Қорым қатардағы қарапайым орын
емес, бiрыңғай балалар жерленген жер болып, әулиелiк «Оғыланды» деп аталады.
Бекет атаның өзi көзi тiрiсiнде маған ниет қойып, келгiсi келген, шарапат
тапқысы келген адам әуелi Оғыландыға соғып зиярат етiп барып келсiн деп
жұртшылықты дағдыландырған. Оғыланды балалар қырғынының қорымы, киелi, қасиеттi
орын ретiнде бағаланып, қадiр тұтылып келедi. Ескерткіш 2000 ж. Республикалық дәрежеде мемлекеттік қорғауға
алынған.